Болат Мүрсәлім. Алашорда. Атқан таң (басы)
Былтыры күзде алаштанудағы айтулы іс - журналист, алаштанушы Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» деп аталатын кітап-альбомы жарық көрді. Кітаптың баспа бетін көруіне "Алтын Қыран" қайырымдылық қоры және "Нұр Отан" партиясы демеушілік көрсетіпті.
Автордың ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, көзінің қарашығындай сақтап келген Алаш қозғалысы қайраткерлерінің аяулы бейнелері (фотосуреттері) жинақталған кітап қалың оқырманның, зиялы қауым мен тарихшылардың жоғары бағасын алды.
Алашқа - қазаққа сөзбен емес, нақты іспен қызмет етудің түрлі жолы бар. Сол істің бірі - Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» кітап-альбомы еңбегі деп білеміз.
Төменде кітап-альбомның бірінші бөлімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
ABAI.KZ
АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СУРЕТ-ШЕЖІРЕСІ
Соңғы ширек ғасырға жуық мерзімде алаштық атанған алғашқы буын ұлт зиялыларының соңында қалдырған шығармашылық мұраларын баспа арқылы оқырман қауымға жеткізу ісінде біраз жұмыс атқарылды. Шығармашылық пен істе ерек-ше тегеурінді буынның жазған еңбектерінен басқа мемлекеттік жəне қоғамдық қызметіне қатысты құжаттық материалдардан тұратын ғылыми жинақтар, олар жөнінде замандаста-ры мен туған-туыстарының жазған естеліктері жарық көруде.
Былтыры күзде алаштанудағы айтулы іс - журналист, алаштанушы Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» деп аталатын кітап-альбомы жарық көрді. Кітаптың баспа бетін көруіне "Алтын Қыран" қайырымдылық қоры және "Нұр Отан" партиясы демеушілік көрсетіпті.
Автордың ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, көзінің қарашығындай сақтап келген Алаш қозғалысы қайраткерлерінің аяулы бейнелері (фотосуреттері) жинақталған кітап қалың оқырманның, зиялы қауым мен тарихшылардың жоғары бағасын алды.
Алашқа - қазаққа сөзбен емес, нақты іспен қызмет етудің түрлі жолы бар. Сол істің бірі - Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» кітап-альбомы еңбегі деп білеміз.
Төменде кітап-альбомның бірінші бөлімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
ABAI.KZ
АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СУРЕТ-ШЕЖІРЕСІ
Соңғы ширек ғасырға жуық мерзімде алаштық атанған алғашқы буын ұлт зиялыларының соңында қалдырған шығармашылық мұраларын баспа арқылы оқырман қауымға жеткізу ісінде біраз жұмыс атқарылды. Шығармашылық пен істе ерек-ше тегеурінді буынның жазған еңбектерінен басқа мемлекеттік жəне қоғамдық қызметіне қатысты құжаттық материалдардан тұратын ғылыми жинақтар, олар жөнінде замандаста-ры мен туған-туыстарының жазған естеліктері жарық көруде.
«Алаш қозғалысы» (Е.Тілешов) жəне «Алаш. Алашорда» (Ғ.Əнес) атты энциклопедиялық басылымдар баспадан шықты, «Алаштану мəселелері» (Т.Шаңбай) аталатын сериялық ғылыми жинақтар шығарып отыру ісі қолға алынды. Алаш зиялыларының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмдер қазіргі уақытта тақырыптық ерекшелігімен бүтін бір жанрға айналды. Бұл тақырыпты игерудегі міне осы сипаттағы түрлі бағыт жəне арнадағы жұмыстардың атқарылғандығын айта отырып, дегенмен бұл жолдағы істі енді ғана алғашқы белестен асқан альпинистің күйімен салыстыруға болатын сияқты.Басқаша айтқанда, Алаш қозғалысын қорыту, сондай-ақ оның мəні мен маңызын ең аз дегенде алаш жұртына түсінікті тілде жеткі-зу ісінде атқарылуға тиіс шаралар əлі де болса шаш етектен. Болат Мүрсəлімнің біраз жылдардан бері жүргізіп келе жатқан ізденістерінің нəтижесінде өмірге келген бұл кітап альбомды алаш тақырыбын игеру барысында атқарылған игілікті істердің қатарына жатқызуға əбден болады. Кітап алаш қозғалысының фотошежіресі аталуға лайық.
Кітап-альбомда фотоматериалдар тақырып-тық-хронологиялық тұрғыдан орналастырылған. Мұндай ұстаным ұлт зиялыларының өмірін кезеңдік тұрғыдан көз алдынан өткізуге мүмкіндік береді. Бірінші бөлімге идея авторы алаштықтардың білім алу жолындағы кезеңіне қатысты суреттерін топтастырып-ты. Ауылдағы молдадан сауатын ашқан қазақ баласы үшін білім алудың келесі сатысы кең қазақ даласындағы уездік немесе облыстық əкімшілік орталықтарында өтетін. Губерния жəне облыс орталықтарының Алматы мен Семей сияқты бірлі-жарым іштегі қалалары болмаса, басым бөлігі (Омбы, Орынбор, Таш-кент) қалың қазақ арасынан шалғай шетте еді. Тұрақты көлік қатынасы мүлдем жоқ жағдайда ол орталықтарға жетіп пəтер жалдап жəне басқа шығындарды көтеріп бала оқыту кез келген қазақ отбасының қолынан келе бермей-тін шаруа-тын. Сондықтан да білім жолына түскен жас жеткіншектердің басым бөлігінің дала ақсүйектері мен ауқаттыларының отба-сынан болғандығы таңданыс тудырмаса керек. Арасындағы бірлі-жарымы ғана орта табысты əулеттерден еді. Қазақ жағдайында басқаша болуы да мүмкін емес-тін. Кем дегенде 500-1000 шақырым жердегі, кейде одан да алыс облыс орталығындағы оқу орнына баласын оқуға беру ел ішіндегі кедей отбасы үшін қол жеткісіз арман еді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында білім алу жолына түскен қазақ жастарының жүріп өткен кезеңдерін Əлихан Бөкейхановтың өмірбаянынан анық байқауға болар еді. Əуелде ауыл медресесін-де мұсылманша сауатын ашқан Əлихан өз бетінше Қарқаралыдағы бастауыш орыс-қазақ мектебіне (қазақ балалары үшін ашылған интернатта тұрып) оқуға кіріп, одан соң сондағы қалалық төртжылдық кəсіби учи-лищеде «етікші» мамандығын игереді. Бұл алған білімінің жетімсіздігін іштей түсінген жас 600 шақырым (верст) жердегі губерния орталығы Омбыға жол тартып, төртжылдық техникалық училищеге қабылданып, оны «техник» мамандығымен сəтті аяқтаған соң, Дала генерал-губернаторлығы кеңсесінің жолдамасымен Санкт-Петербургтегі Императорлық Орман шаруашылығы институтында білімін
жалғастыруға аттанады. Көңіл аударалық жағдай училище курсанты жəне институт
студенті Бөкейханов қазақ қауымдастықтары есебінен белгіленіп, əр жылға 200 рубль көлемінде берілетін стипендияға оқыған. Орман шаруашылығы институтын аяқтаған Ə.Бөкейхановқа «екінші разрядтағы орманшығалым» атағын куəландыратын аттестат берілген. Империя астанасындағы институт аудиторияларында білім алумен шектелмей, күнделікті өмірі саяси оқиғаларға толы қалада азаматтық көзқарасы айқындалып қалған Əлиханның ендігі уақытта туған халқының са-яси теңдігі үшін күрес кезеңі басталады. Шамамен осындай жолдан алаштың биік тұлғалы ұлдарының бірі Халел Досмұхамедұлы да өткен. Алдымен ауылдағы молдадан хат танып, одан соң жергілікті орыс-қазақ мектебін-де оқып, он бір жасында Орал қаласындағы əскери реалды училищеге қабылданып, оны үздік бітіріп, тағы бір жыл дайындық класын тəмамдаған соң алыс Петербордағы Императорлық Əскери-медициналық академияға оқуға түседі де, оны «үздік дəрежелі емші» атағымен бітіріп шығады. Атырау об-лысы Қызылқоға ауданындағы Тайсойған елді мекенінде Халекеңнің жерлестері үлкен ес-керткіш - белгі тас орнатып, оған «Халелдің ставкасы» деген сөзді ойып жаздырыпты (№21 сурет). Міне осы жерде студент Халел төрт бөлмелі үй салғызып, оны медициналық пунктке айналдырып, төңірегіндегі пана-сыз халқына дəрігерлік көмек беру ісін ұйымдастырған. Осы жəне Ахаңның «Қазақ» газетінде дəрігерлік тақырыбына жариялап тұрған мақалалары арқылы ол зиялы деген атаққа лайық нағыз отаншыл азаматтың аяқ алысын байқатқан. Осы ретте мынадай бір тақырыпқа ат ба-сын бұрған жөн. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Ресей жоғары оқу орындарында дəрігерлік кəсібін алған қазақ жастарының парасатқа толы қоғамдық қызметі нағыз азаматтық ерліктің биік үлгісі ретінде ұлт тарихында баяндалуға лайық. Сəдуақас Шəлімбеков, Санжар Асфендияров, Əбубəкір Алдияров, Мəжит Шомбалов, Аққағаз Досжанова, Иса Қашқынбаев, Мұхамеджан Қарабаев - міне бұл аталған тұлғалардың бəрі де қиын-қыстау заманда дəрігерлік еңбегін өз ұлтының болашағы үшін атқарылған азаттық қозғалыспен ұштастыра жүргізудің үлгісін көрсетті. Барлығы дерлік сол қызметі үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Тарихи деректердің көрсетуіне қарағанда Петербург, Мəскеу, Қазан, Омбы сияқты ірі мəдени орталықтарда оқитын қазақ студенттері бірлестік құрып, сол арқылы қазақ азаттық қозғалысына атсалысуға тырысқан. Түрлі қалалардағы осы қазақ сту-дент жастарының бірлестіктері өзара байла-ныс орнатып, өздерінің қоғамдық қызметіне ортақ бағыт-бағдар беруге де көңіл аударған. Міне осындай бірлестіктердің бірі Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқитын қазақ жастары сүйікті газеттері «Қазақтың» редакторы Ах-мет Байтұрсынұлын кездесуге, əңгіме-сұхбат құрып қайтуға шақырған (№ 28 сурет). Қандай таза ниет, ғажап ұмтылыс десеңізші!
Империяның түрлі орталықтарында оқуда жүрген қазақ жастарының бұл сая-си белсенділігі əрине жандармдық бақылау орындарының назарынан тыс қалған жоқ-тын. Соның нəтижесінде, мəселен, саяси қозғалыстар мен студенттік жиындарға жиі қатынасып көзге түскен Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану факультетінің студенті М.Сердалин оқудан шығарылып, Көкшетауға жергілікті полиция бақылауына жіберілді (С.Өзбекұлы. Барлыбек Сыртанов. А., 1996, 26-б.), ал Қазан университетінің заң факультетінің студенті, А.Имамбаев мұсылман студенттерінің съезін жəне онда қабылданбақ құжаттық материалдарды даярлау ісіне белсен-ді атсалысқаны үшін саяси тұрғыдан сенімсіз тұлға ретінде бақылауда болды (Кенжетаев Б.А. Казахские учебные заведения и процесс формирования казахской интелегенции в сер. ХІХ - нач. ХХ вв. Казань, 1998, с.72).
Кітап-альбомның екінші бөліміндегі сурет-айғақтар топтамасына автор «Оян, қазақ!» деген тақырып берген. Тақырыбы жалпы бұл бөлімде берілген суреттердің ішкі мазмұнын ашып-ақ тұр. Бөлімдегі материалдардың «Көк үй» аталған мəдениет ескерткішінен баста-луы да жайдан жай емес. 1905 жылы жаңа серпін алған қазақ ұлт-азаттық қозғалысының бағдарламалық құжаты осы жылы жазда Қоянды жəрмеңкесінде өмірге келген атақты «Қарқаралы петициясы». Қарқаралы пети-циясы «Көк үйде» жазылды деген пікір бар. ХІХ ғасырдың ортасында шегесіз бөренеден тұрғызылған бұл əсем үйдің иесі жергілікті кəсіпкер əрі көпес, атақты меценат Халиул-ла Бекметов (1833-1905) еді. Халиулла бай, сауатты, көзі ашық, аға сұлтан Құнанбаймен, оның ұлы Абаймен жылы қатынаста болады, ал Гүлбахар атты ақылды да көрікті қызын Қарқаралы өңірінің атақты байы Ақбайдың ұлы Жақыпқа береді. Ал Жақып Ақбаев бол-са осы 1905-нші жəне одан кейінгі жылда-ры орыс отаршыл жүйесіне қарсы көрсеткен ашық та көзсіз ерлігімен ұлт-азаттық қозғалыс шежіресінде өшпестей өз атын қалдырды. Өз ретінде айта кетелік, Бекметовтер əулетінен шыққан Мұхсен Халиуллаұлы (1890-1931) жəне Мұхаммед-Мақсұт Халиуллаұлы (1883-1912) қазақ-азаттық қозғалысына белсенді түрде араласып, қазақ зиялыларымен бірге жүрген тұлғалар (№ 31; 60-суреттер). 1905 жылы жаңа тыныс жəне қарқын алған қазақ азаттық қозғалысының кемелдік-ке сенімді қадам жасауына себепші болған жағдай ұлт зиялылары өкілдерінің І жəне ІІ Мемлекеттік Дума депутаты болып сайлануы еді. Осы уақытқа дейін ғылыми əдебиетте қазақ халқы атынан Мемлекеттік думаға де-путат ретінде сайланғандар тізімінен Алпыс-бай Қалменовтың, Ахмет Бірімжановтың, Əлихан Бөкейхановтың (І Мемлекеттік дума-ға), Бақытжан Қаратаевтың, Мұхаметжан Тынышбаевтың, Тілеулі Алдабергеновтың, Бақыткерей Құлмановтың жəне Темірғали Нұрекеновтың (ІІ Мемлекеттік думаға) аты-жөнін кездестіргенімізбен, мəселен, Т.Алдабергенов пен Т.Нұрекеновтың суретін көрген емес едік. Бұл жолы біз кітап-аль-бомнан бұл тарихи тұлғалардың, сондай-ақ Ақмола облысынан сайланған Шаймерден Қосшығұловтың да бұрын жарияланбаған фото бейнелерін көріп отырмыз. Сондай-ақ қазақ елі-не бөтен емес тұлға Сəлімгерей Жантөриннің де суреті беріледі. Азаттық қозғалыстың жаңа заман сұраныс-тарына бейімделіп, күш алып, кемелдікке құлаш сермеуін «Айқап» журналы, «Қазақ» жəне «Қазақстан» сияқты қоғамдық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Егер «Айқап» ұлт үшін ақпараттық қоғамға ашылған есік болса, «Қазақ» қасиетті кітаптан соң оның бойына елдік сана дарытып, көңіліне сенім ұялатып, басқа жұрттармен тең болудың не екендігін түсіндірген мектеп еді. Ұлттың өр ру-хын аздырып, оны ойсыз тобырға айналдыруды көздеген өктем билікке қарсы елдің өз атамекен жеріне, озық салт-дəстүріне жəне аталы сөзіне деген құрметін оятып, əділетсіз саяси жүйеге ақылмен қарсылық көрсетуге үндеді. «Айқап» пен «Қазақтың» бетінде шығармаларын жари-ялап, өз ойларымен бөлісе білген талантты са-ясаткер, ақын-жазушы мен ғалымдар шоғырын қазақ халқы сол бір тарихи кезеңде нағыз талантқа жомарт халықтай-ақ өз ортасынан шығарды. Кітап-альбомнан міне осы басылым-дар, оларды шығарған редакторлар, хатшылар мен тілшілер жөнінде танымдық тұрғыдан пайдалы мəліметтер алуға болады. Сол фотосуреттердің бірінен «Інім Сайымжан Се-ралинге ұмытпастық үшін белгім. «Айқап» секретары Сұлтанмахмұт Торайғыров. 1913 жыл. 25 ноябрьде» - деген мəліметті оқимыз. Бұл бір ауыз сөзден ұлы ақынның «Айқап» сияқты басылымға хатшылық қызмет атқарғандығын өзіне мəртебе санағандығы байқалып-ақ тұр. Қорыта айтқанда, бұл тарауда ұлт-азаттық қозғалыс зиялыларының негізінен мынадай екі бағыттағы қызметін көрсетуге арналған фо-томатериалдар берілген: ағартушылық жəне əділетсіз жүйеге азаматтық қарсылық көрсету.
Автор бұл екінші бөлімнің соңында Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы империя бұратаналарынан майдандағы қара жұмысқа адам алу жөніндегі жарлығына қарулы көтеріліспен жауап беріп, сол үшін өлім жаза-сына кесілген түркістандық азаматтардың су-ретін беріпті. Əбден дұрыс шешім. 1916 жылғы қарулы көтеріліс халық үшін қаншалықты ауыр да қайғылы аяқталғанымен, тарих үшін сабағы мол ұлттық қарсылықтың бір бағыты еді.
Келесі «Алаш автономиясы» аталған тарауға эпиграф ретінде алаш ақыны С.Торайғыровтың «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деген жолдардан басталатын өлеңінен үзінді
алыныпты. Бұл жолдарда айтылған ой Алаш қозғалысының түпкі мақсатын дəл беріп тұр. Өйткені ұлттың мүддесін қорғауды басты мұраты ретінде қабылдаған мемлекеттігі бар ел, ол шын мəнінде мəңгі ел, яғни бақытты ел. Патшалық билік құлағаннан кейінгі уақыттағы империя құрамындағы ұлттардың өздерін өзі басқару мүмкіндігі үшін күресі Петербургтен басталған еді. Уақытша үкімет алдына осы мазмұндағы саяси талапты қойған шеру 1917 жылы наурызда Нева бойындағы қалада өтіп, оған Темір, Ойыл, Ырғыз, Жымпи-ты, Қостанай жəне Жетісу өңірі қазақтарының өкілдері қатынасады (№ 90-сурет). 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында болып өткен екін-ші жалпы қазақ съезі Алашорда атанған он бес мүшесі бар Ұлт Кеңесін сайлады жəне оларға орынбасар ретінде он бес адам-ды белгіледі. 25 мүшеден тұрған үкіметтегі 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтардың өкілдеріне қалдырылды. Ала-шорда үкіметінің төрағасы болып көпшілік да-уыспен Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов сайланды. Кітапта Алашорда үкіметінің мүшелері мен олардың орынбасарларының фотосуреттері берілген. Өкінішке орай, олар толық емес. Фотоматериалдар арасы-нан үкімет мүшелері Отыншы Əлжановтың, үкімет мүшелеріне орынбасарлыққа сайлан-ған Нүсіпбек Жақыпбайұлының, Ережеп Итбайұлының, Берқайыр Ниязұлының, Мұқыш Боштайұлының, Сəлімгерей Нұралыханұлы-ның, Есен Тұрмұхамедұлының, сондай-ақ қырғыз елінің өкілі, Варшава ветеринарлық институтының түлегі Жəнек Солтонайұлының суретін көре алмадық. Бұл аталған тари-хи тұлғалардың көбінің əзірге суреті мəлім болмағанымен, арнайы іздеу салудың нəтижесінде болашақта табылып қалуы əбден ықтимал.
Алаш ұлт-азаттық қозғалысы аласапыран 1917 жылдың соңына қарай өмірге келіп, елдің мемлекеттік теңдігін орнықтыру əрекетіне көшкен Алашорда үкіметінің қызметіне қатысы болған тарихи орындар, ғимараттар бүгінде ре-сейлік Орынбор қаласында, сондай-ақ Семей-де, Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты кентінде жəне басқа елді мекендерде сақталған. Бүгінде олардың біразына ескерткіш тақта орнатылған. Мəселен, Орынбор қаласындағы (Ресей) бірінші жəне екінші жалпықазақ съез-дері өтіп, тарихи шешімдер қабылданған ғимаратта тəуелсіз Қазақстан Республикасы үкіметі орындарының шешімімен 2010 жылы осындай арнайы ескерткіш белгі қойылды. Ал Семей қаласында қазақ азаттық қозғалысына қатысы болған біраз тарихи орындар сақталған.
Сондай ғимараттардың бірі қаладағы ұлт зия-лысы Əнияр Молдабаевтың үйі. Комиссарская аталатын көшеде орналасқан бұл екі қабатты үйде 1921-1922 жылдары Ə.Бөкейханов пен М.Дулатовтың отбасылары тұрған (№ 115-сурет). Қазіргі уақытта ғимарат мемлекет қарауына алынып, онда М.Əуезов жəне Алаш мұражайы орналасқан. 1918 жыл қазақ азаттық қозғалысы үшін өте ауыр кезең болды. Азамат соғысының иіріміне тартылған Алашорда үкіметі өзінің экономи-калық негізінің əлсіздігін анық сезінді. Ұлттық əскери кадрлардың, сондай-ақ оларға беретін қару-жарақтың жоқтығы қозғалыс басшыла-рын ауыр жағдайға əкеліп тіреді. Міне осын-дай жағдайда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы жəне С.Аманжолұлы бастаған өкілдік Қытай билігіне қарасты Шығыс Түркістанға аттана-ды. Өкілдікті арасында белгілі Əсет ақын бар жергілікті басшы адамдар мен зиялылар жылы қабылдап, құрмет көрсетеді. (№ 123-сурет).
Кітап альбомнан байқалатын мынадай жаңалықтарға көңіл аударған жөн. Ол Алаш офицерлері (№ 143-146-суреттер) мен алаш қоз-ғалысына қолдау көрсеткен қазақ байлары мен ауқатты қожалық иелерінің суреттерінің берілуі. Соңғы жылдарға дейін бұл əлеуметтік топ өкіл-дерінің суреттерін тауып жариялау мүмкін болмай келді. Өйткені ол суреттер Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағат қорларында сақтаулы келді, сондай-ақ кезінде саяси қудалауға ұшырап сотталған бұл кісілердің туыстары мəселенің анық-қанығын білме-гендіктен, қолдарында бар болуы мүмкін фотоматериалдардың жарық көруіне жол бер-меуі де ықтимал еді. Альбомда Алаш ұйымдастырған жина-лыстарға қатынасты, сондай-ақ Алашорда əскерін құру ісіне жəрдем берді деген желе-умен 20-30-жылдары бірнеше мəрте сотта-лып, ең соңында 1941 жылы тағы да абақтыға жабылған Солтүстік Қазақстандық Мəкенов Хайрулла мен Есенов Акурдың жəне осы өңірдің тұрғыны Байғазы Ахметовтың фото-суреттері берілді. Əрине, Алаш қозғалысына іштартты немесе оған қаржылай көмек бер-ді деген себеппен репрессияға ұшыраған ауқаттылардың республика бойынша біраз болғандығы даусыз.
Кітап-альбомда сондай-ақ Алаш əскерінің офицерлерінің фотосуреттері жарияланып отыр. Мəселен, Сабыр Сарғожин 1917 жылғы рево-люциялық өзгерістерге дейін-ақ орыс əскерінің кадрлық офицері қызметінде болып, жауапты қызметтер атқарып, кейіннен Батыс Алашор-да əскери құрамаларын құру ісіне белсенді түрде атсалысып, Кеңес үкіметі орнаған соң Еуропаға кетуге мəжбүр болған. Ал, Əлмұхамед Оспанов болса Жымпиты кентін-де Алашорда ұйымдастырған юнкерлер мек-тебінде оқып, 1918-19 жылдары Алашорда əскерінде взвод командирі қызметін атқарған.
Міне осы қызметі үшін 1935 жəне 1945 жыл-дары екі мəрте абақтыға жабылып, 1949 жылы қамауда жүріп қаза табады. Алаш əскерінің тағы бір офицері Бермұхамбет Сисекенов (№ 146-сурет) 1919 жылдың көктемінен бастап Алашорданың Торғай атты-əскери бөлімінің қатарында, «вахмистр» (кавалерия прапор-щигі) дəрежеде шайқастарға қатысады. Оның да өмірі қуғын-сүргінде, азапта өткен. Ұлт-азаттық қозғалысқа түрлі жағдайда жəне мазмұнда атсалысқан тұлғалар аз болмаған. Олардың өмірі мен қызметі жөнінде материалдар жариялап, мүмкін болғанша фо-тосуреттерімен қоғамды таныстырып оты-ру кейінгі ұрпақтың міндеті. Міне сондай атқарған ісі ескерусіз қалып келе жатқан тұлғалардың бірі ағартушы жəне көсемсөз иесі Ахмет Жанталин. Оның қазақ өмірінің өзекті мəселелеріне жазылған мақалалары кезінде «Айқап» (№53-сурет) жəне «Қазақ» басы-лымдарында жарияланып тұрды. Оның ашқан жəдиттік медреселерінде Қызылжар жəне Көкшетау өңірлеріндегі қазақ балалары сауатын ашты. Кеңестік биліктің қуғынына ұшыраған А.Жанталин Омбы облысына қарасты елеусіз елді мекендердің бірінде өмірден озды. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының аяқ алысы кең де серпінді болды. Оның құшағы тағдырлас өзбекке де, қырғызға да, түрікменге де, татарға да, башқұртқа да, тəжікке де, туыспын деген барлық жұртқа ашық еді. Жинақта алаштың осы ұстанымын тура түсіну, оны дөп басып байқау байқалады. Мəселен, 1917 жылғы екінші жалпықазақ съезінде қырғыз зиялысы, Варшава ветеринарлық ин-ститутын тəмамдаған Жəнек Солтонаев Ала-шорда үкіметіне кандидат есебінде сайланады. Ал осы елдің беделді де қарымды зиялысы Дүр Сауранбаев «Алаш» партиясы атынан жалпы Ресейлік Құрылтай жиналысына депутат бо-лып сайланды. Ұйымдастыру комитетінің ІІ жалпықазақ съезіне шақырғандары арасында Ишанғали Арабаевтың да аты аталады.
1916 жылғы көтеріліс нəтижесінде үркін-шілікке ұшыраған қырғыз жұртына алаш зиялы-ларының көрсеткен қолдауы мен көмегі екі елдің тарихында нағыз достықтың үлгісі ретінде өз орнын алуға тиіс. Қырғыз тара-пынан осы күрделі де қауіпті кезеңде екі елдің арасындағы байланыста аса маңызды рөл атқарған Қасымбек Телтаев, Əбдікерім Сыдықов, Қасым Тыныстанов сияқты ағайын елдің зиялыларының фотосуреттері берілді (№ 147-150-суреттер).
Алаштық зиялылар өмірінің кеңестік кезеңі күрделі, тіпті қайшылықты қалыптасты. Əуелде (1918 жылдың алғашқы ширегі) ымыраға келуге бейімділік танытқан кеңес үкіметі көп ұзамай-ақ алаштық зиялыларды алдымен саясат сахна-сынан ысырып, артын ала қуғын-сүргінге са-лып, сонан соң біржола жоюға көшті. Өйткені, жаңа билік қазаққа араша түсе алатын жалғыз интеллектуалдық күш алаштық зиялылар екен-дігін дəл түсінді. Бұл ретте Əлекең бастаған алаштық топ та қарап қалған жоқ. Кеңестік билік қазақ жерінде орнығып, мемлекеттік ап-паратты қазақтандыруға бет бұрыс басталғанда алаштық алғашқы буынның көзқарасы мен ұстанымын қабылдап үлгерген келесі екінші буын қызметке араласты. Бұл екі буынның ара-сында толық үндестік болмағанымен, негізгі елдік мəселелерде ұстанымдары бір арнадан шығып жатты. Оған негіз болған сол тарихи тұстағы қазақ өмірі, оның ішкі сұраныстары болатын. Кейінгі буын зиялылар (оның пассионарлық бөлігі) жаңа биліктің қарадүрсін реформалық шараларына сын көзбен қарады. Соған байланысты И.Сталин мен оның Қазақстандағы «губернаторы» Ф.Голощекин сияқтылар кеңестік қазақ басқарушы тобына жаулық сезімде болды. Қазақ өлкелік партия комитетінің басшы-сы Ф.Голощекин ішкі ұстанымын жасырмай алашордалықтарды, яғни қазақ мемлекетшіл-дерін ескі жəне жаңа толқынға жіктеді. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан алғанда бұл жалпы дұрыс жіктеу болатын. Алғашқы толқынға тəн А.Байтұрсынов, Х.Ғаббасов жəне басқаларымен соңғы толқынға тəн С.Сəдуақасов, М.Əуезов жəне басқалардың қазақ елін қоғамдық даму-дың жаңа сапасына алып шығуға байланыс-ты көзқарас, ұстанымдарында айырмашылық жоқтың қасында еді. Сондықтан да бұл екі буын кеңестік кезеңде жұмылып ортақ мақсатқа жұмыс істеді, ол мақсат қазақ елін азаттық үшін күрестің жаңа кезеңдеріне даярлау бола-тын. Біздің түсінігімізше соңғы екі тараудағы сурет-куəліктерді осы тұрғыдан түсінген жөн. Тіптен осы мезгілде шетелдік эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай да өз қызметін тура осы мақсатқа бағындырды. Болат Мүрсəлімнің кітап-альбомды құрастыру барысында бір ойды берік ұстан-ғаны байқалады. Ол Алаш қозғалысының жүріп өткен жолын мүмкін болғанша сурет-куəліктер тілімен жүйелі түрде баяндап беру. Бұл міндет белгілі дəрежеде, өз шешімін тапқан деп білеміз. Ə.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Шоқай жəне басқа ұлт ардақтыларының жалынды жас кезеңдерінде түскен суреттерінен бастап НКВД-ның абақтысында түсірілген соңғы фотоларына дейін кітап-альбомда өз орнын алғаны осы тұжырымға негіз бола алады.
Əрине, тақырыпқа тікелей қатысы бар, бірақ кітап-альбомға енбей қалған фотоматериалдардың ел ішінде əлі де болса бар екендігі хақ. Кітап-альбомның келесі басылымдарында ол материалдардың да айналымға тартылатындығына біздің сеніміміз мол.
Мəмбет Қойгелдиев,
Профессор
АТҚАН ТАҢ
Қазақ жастарының білім-ғылымға жаппай бет бұрған шағы ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басы. Осы бетбұрыс қазақ тарихындағы «Алаш» деп аталатын ұлы қозғалысты дүниеге əкелді.
Қазақ даласында бұл кезеңде медреселер, бірді-екілі мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, еуропалық үлгідегі оқу орындары болған жоқ. Сондықтан, қазақ жаста-ры негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды. Патша өкіметі қазақ жерін «Мұхаммед дінін уағыздаушы молдалардың зиянды ықпалынан сақтау үшін» жəне əкімшілік мекемелерде «жер-гілікті бұратана халықтың» тілін түсінетін кадрларды ұстау үшін қазақ жастарына гене-рал-губернаторлықтар арқылы жылына 3-4 сти-пендия белгілеп отырды. Міне, осындай əрқилы жағдайлармен қазақ жастары Петербург, Мəскеу, Қазан, Орынбор, Омбы, Троицк, Том, Варшава т.б. қалаларда түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Тарихшылардың зерттеуінше, 1917 жылғы революцияға дейін қазақ зиялыларының саны 700 оқыған адам шамасында болған екен.
Сол кездегі Ресей империясының астанасы, Еуропа мəдениетінің үлгі-өнегесі жинақталған, ғылыми жаңалықтар ашуда дүниежүзіне əйгілі болған Санкт-Петербург қазақ жастарының қалыптасуына үлкен əсер еткен қаланың бірі бол-ды. Қаладағы Императорлық Петербург универ-ситетінде Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сырта-нов, Бақтыгерей Құлманов, Райымжан Мəрсеков, Жақып Ақбаев, Жаһанша Сейдалин, Айдар-хан Тұрлыбаев, Мəмбетəлі Сердалин, Абдолла Теміров, Мұстафа Шоқай білім алса, Əлихан Бөкейхан Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын (1889-94 ж.ж.), Мұхаметжан Тыныш-баев Жол қатынастары инженерлері институтын (1900-05 ж.ж.) бітірген. Ал, Петербург Медици-на академиясын Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедов, Сəдуақас Шəлімбеков тəмамдаған.
Мəскеу университетінде Жаһанша Досмұхамедов пен Халел Ғаббасов оқыпты. Əлімхан Ерме-ков Том университетінің түлегі. Ал, ағайынды Сейітовтердің Асылбегі - Том университетінің медицина факультетін, Мұсылманбегі - Том ауылшаруашылығы институтын, Мұратбегі Омбы
медициналық институтын бітірген. Міне, бұл - жоғары оқу орындарында білім алған қазақ зиялыларының бір парасы.
Қазақ жастары үшін Қазан қаласы да білім-ғылымның ірі орталығы еді. Мəселен, 1877-1917 жылдар аралығында Қазан университетінде 37 қазақ студенті білім алыпты. Соның 20-сы оқу орнын сəтті аяқтап шыққан. Олардың 15-і заң, бесеуі дəрігерлік факультетте оқыпты. Ахмет Бірімжанов, Мұхаметжан Қарабаев, Əбубəкір Ал-дияров, Садық Аманжолов, Базарбай Мəметов, Иса Қашқынбаев, Шафқат Бекмұхамедов, Уəлитхан Танашев, Жансұлтан Сейдалин осы универси-тет түлектері. Ал, М.Ақтанов пен Т.Есенғұлов Қазанның Малдəрігерлік институтын бітірген.
Сонымен қоса, Қазандағы мұғалімдер семинари-ясында 27 қазақ шəкірті білім алыпты. Жалпы, 1877-1917 жылдар аралығында Қазанда 82 қазақ оқып, оның 54-і белгілі бір кəсіп иесі ретінде диплом алған.
Біраз қазақ жастары Шығыс жоғарғы оқу орындарында оқыған. Бір ғана Стамбұл универ-ситетінде 1917 жылға дейін С.Шанов, Ə.Ғайсин, Д.Көлбаев, М.Тұрғанбаев жəне Ə.Машаев сияқты жастар білім алыпты. ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының үлкен
бөлігі гимназиялар мен училищелер, курстар мен семинария түлектерінен құралды. Бұл топ қатарында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дула-тов, Елдес Омаров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Отыншы Əлжанов, Сұлтанмахмұт Торайғыров т.б. бар. Ресей қалаларында оқыған қазақ студенттері революциялық бағыттағы əртүрлі үйірмелер мен ұйымдардың, қозғалыстардың мүшесі болды. Бұл олардың саяси-қоғамдық қызметтерінің бастаулары еді. Мысалы, Петербургте жүргенде Барлы-бек Сыртанов, Мəмбетəлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев, Абдолла Теміров жəне Бақыткерей Құлманов «Жерлестер» деп аталатын үйірме құрған. Студенттер үйірмесі кейде тіпті нақты революциялық қадамдарға дейін барған. Айталық, 1887 жылдың 1 наурызында ІІІ Александрге қастандық жасау ісіне белсене қатысқан бір топ студент өлім жазасына кесіліп, жүздеген студент оқудан шығарылады. Мəмбетəлі Сердалин де университеттің жаратылыстану факультетінен осы себепті шығарылып, Көкшетауға полицияның бақылауына жіберіледі. Алаш қозғалысының негізгі идеялық бағыт-бағдары қазақ студенттерінің осындай жастар қозғалыстарындағы талас-тартыстарынан туын-дағаны анық. Халел Досмұхамедовтің 1931 жылы 14 қыркүйекте тергеушілерге өз қолымен жазып берген түсініктемесі сол жайттан көп нəрсені аңғартады. «Мен, - деп жазады Х.Досмұхамедов, -Петербургке бірінші орыс төңкерісінің қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар мен саяси білімімді жетілдіру-ге кірістім. Сол уақытта Петербургте жүрген оншақты қазақ студенті өз үйірмемізді құрып, Қазан жəне Мəскеудегі сондай үйірмелермен хат алыстық. Осы үйірмеде алғаш рет біздің негізгі тілектеріміз қалыпқа түсті. Ол: қазақ еліне толық мəдени жəне саяси теңдік, автономия берілуі тиіс, мұсылмандық шығыспен емес, батыс елдерімен қатынасты нығайту, Түркиядан емес, Жапониядан үйрену, Бұқар мен басқа шығыс елдерінде емес, Ресей жəне батыс елдерінде білім алу, бір сөзбен айтқанда, осы үйірмелерде тұңғыш рет кейін алашордалық қозғалыста үстемдік алған пікірлер бір арнаға түсті. Бірінші революция тек студент-терді ғана емес, біздің қызметтегі интеллигенци-яны да оятты». Абайдың Əбдірахман өліміне жазған: «Жаңа жылдың басшысы - ол» дегеніндей, Əбіштің за-мандастары - Алаш қайраткерлері жаңа заманның, соны лептің жаршысы болатын.
Болат Мүрсәлім,
«Алашорда» фотоальбомының авторы
Əдебиеттер:
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Бірінші том.
- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. - 480 бет.
2. С.Өзбекұлы. Барлыбек Сыртанов. - Алматы:
Жеті жарғы, 1996. - 112 бет.
1. Алаш көсемі Əлихан Бөкейхан.
Булла ательесі.
Санкт-Петербург. Шілде, 1906 жыл.
2. Бала Жаһанша.
Оралдағы əскери-реалдық училище курсанты.
В.П.Онуфриев фотостудиясы.
Орал. 1905 жылға шейін.
3. Шəкірт Мағжан.
4. Райымжан Мəрсеков.
Омбы гимназиясының түлегі.
Е.Кесслер фотостудиясы. Омбы. 1897 жыл.
5. Айдархан Тұрлыбаев.
Омбы гимназиясының түлегі.
Е.Кесслер фотостудиясы.
Омбы. 1897 жыл.
6. Мұхаметжан Тынышбаев.
Верныйдағы ерлер гимназиясының түлегі.
Верный. 1900 жыл.
7. Халел Досмұхамедов.
Оралдағы əскери-реалдық училище түлегі.
Орал. 1903 жыл.
8. Халел Досмұхамедов
9. Мұстафа Шоқай.
Ташкенттегі ерлер гимназиясының түлегі.
Д. В. Назаров ательесі.
Ташкент. Маусым, 1910 жыл.
10. Сапаржан Сейдалин.
Троицк гимназиясының түлегі.
Ф.Сенилов фотостудиясы. Троицк.
11. Ғаббас Сейдалин.
Троицк гимназиясының түлегі.
Ф.Сенилов фотостудиясы. Троицк.
12. Асылбек Сейітов.
Омбы гимназиясының түлегі.
А.Антонов фотостудиясы. Омбы.
13. Есенғали Қасаболатов.
Оралдағы əскери-реалдық училище түлегі.
14. Қазандағы қазақ студенттері.
Солдан оңға қарай (отырғандар): 1) А.Едыгенов; 2) А.Бірімжанов; 3) не Б. Саматов, не ағайынды Ниязовтардың біреуі
4) М.Бекетаев; 5) М.Сыздықов; 6) М.Қарабаев; 7) Ы.Тоқберлинов; 8) М.Жасмағанбетов; Тұрғандар: 1) ... 2) О.Базанов;
3) ... 4) М.Шомбалов; 5) ... 6) Е.Құлпейісов; 7)... 8)... 9) ...
Қазан. 1896 жыл
15. Барлыбек Сыртанов.
Санкт-Петербург университетінің студенті.
Санкт-Петербург. 1886-90 ж.ж.
16. Санкт-Петербург университетінің студенттері.
Солдан: Б.Қаратаев, М.Сердалин, Б.Сыртанов, Ж.Сейдалин.
Санкт-Петербург. 1886-90 ж.ж.
17. Мағжан Жұмабаев.
Қызылжар. 1909 жыл.
18. Императорлық Санкт-Петербург университеті.
Санкт-Петербург. 1890 ж.
19. Санкт-Петербургтегі қазақ студенттері.
Солдан оңға. 1-қатарда: Н.Ипмағамбетов.
2-қатарда: 1) Мəриям Асфендиярова; 2) Гүлсім Асфендиярова;
3) М.Тынышпаев; 4) С.Шəлімбеков.
3-қатарда: 1) ... 2) Ж.Сейдалин; 3) Х.Досмұхамедов; 4)...
Санкт-Петербург. 1908 жыл.
20. Халел Досмұхамедов.
Санкт-Петербургтегі Императорлық
Əскери-Медицина Академиясының студенті.
Санкт-Петербург. 1903-09 жылдар.
21. Халелдің ставкасы.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған елді-мекені.
22. Міржақып Дулатов.
23. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
24. Халел студент достарымен.
25. Шəкəрім (?)
Омбы. 1891 жыл.
26. Уəлитхан Танашев.
Қазандағы Императорлық университет студенті.
С.Климашев фотостудиясы. Қазан, 1908-12 жыл.
27. Жаһанша Досмұхамедов.
Мəскеу университетінің студенті.
Мəскеу. 1906-10 жылдар.
28. Ахмет Байтұрсынов «Ғалия» медресесінің шəкірттерімен бірге.
Уфа, 1916 жыл.
29. Сұлтанбек Қожанов.
Түркістан мұғалімдер семинариясының
түлегі.
30. С. Қожанов.
(жалғасы бар)
ABAI.KZ