«Отан үшін соғыс - махаббаттан да биік дүние»
Басы: Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко
Жалғасы: Майдандағы Украина арулары: Оксана Рубаняк
Жалғасы: Майдандағы Украина арулары: Александра
Жалғасы: Майдандағы Украина арулары: Қарлығаш
Жалғасы: Майдандағы Украина арулары: Ирина Цыбух
Басқыншы Ресей агрессиясына қарсы өз Отанын ерлікпен қорғап жүрген нәзік те ержүрек – Кристина Богатчуктің әңгімесін бүгін оқырман талқысына ұсынбақпыз.
Кейіпкер – Кристина Богатчук
Жасы – 22 жаста
Шені – жауынгер дәрігер
– 24 ақпанда таңертең көзіңізді ашқанда ең бірінші не ойладыңыз, не істедіңіз?
– Бір ғана ойым болды. Жақындарымды қауіпсіз жерге орналастырып, өзім соғысқа аттану.
– Соғысқа бару туралы шешімді қалай қабылдадыңыз?
– Соғысқа аттанғаннан басқа ештеңе істей алмас едім. Украинаға қатысты нәрсенің бәрінің маған қатысы бар. Елімнің намысын аяққа таптап жатқанда, Отаным үшін күресетін боламын. Бұл махаббаттан да биік дүние. Мен үшін әрқашан осылай болған.
– Бұл жердегі қызметіңіз қандай, күніңіз қалай өтеді?
– Бізде майданға шығатын күндер мен жаттығу жасайтын күндер ғана болады. Қазір біз күн сайын демалмай жаттығу жасап жүрміз. Одан бөлек мен жауынгерлік медицина туралы сарбаздарға дәріс жүргіземін және жарақат алғандарды, ауырып жатқандарды емдеймін.
– Сіздің бөлімшеңізде гендерлік кемсітушілік бар ма?
– Керісінше мені мұнда құрметтейді. Майданға келген соң, мен ерлермен теңдей, жауынгер ретінде қызмет етіп келемін. Әзіліміз де жасарады.
– Қандай қиындықтарды бастан кештіңіз?
– Майданға келу үшін мен ұзақ әрі қиын жолдан өттім. Әйел адамға соғыста жүру қиын. Бірақ ол басқа әңгіме. Мен үшін ең қиын болғаны, бойымдағы нәзіктігімді, жұмсақ жүрегімді, мейірімділігімді «сандыққа салып, аузын құлыптап» қоя тұруыма тура келді. Мұнда салқынқанды болуым қажет.
– Толыққанды соғыс кезінде сізді не таңғалдырды?
– Ұлт бірлігі. Ел мен армияға қатысты қоғамның санасындағы серпіліс.
– Қазір сіздің рухыңызды түсірмей тұрған не?
– Біз күресіп жатқан ортақ мақсат және әскердегі бауырларымның отты көздері.
– Соғыстан кейін өміріңіздегі не нәрсені мәңгілікке өзгертесіз?
– Бұрын уайымдатқан нәрселерді ойлауды қоямын. Әр күнімнен ләззат алып, бақытты өмір сүремін.
– Украиналықтар мен әлемге не айтасыз?
– Соғыс ұзаққа созылады. Босаңсымаңыздар. Ресейліктердің бізге істеп жатқан әрекеттерін ұмытпаңыздар. Украин тұтқындарын есте сақтаңыздар, олар босап еліне қайтуы керек. Өмір сүруі керек.
Тылдағы украиндарға 3 кеңесім бар:
Барлығына дайын болыңыздар, физикалық жаттығулар жасаңыздар, тактикалық медицина курстарынан өтіңіздер, тактиканы, атуды үйреніңіздер;
Украина армиясын соңына дейін қолдаңыздар;
Русофобияны ешқашан саналарыңыздар өшірмеңіздер.
– Украинаның болашағынан қандай перспективаларды көресіз?
– Мен болашақта Украинаны мәдениеті гүлденген, экономикасы мен білім деңгейі жоғары, шынайы бақытты, саналы адамдары бар Тәуелсіз мемлекет ретінде көремін.
Abai.kz