Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2575 0 пікір 12 Ақпан, 2013 сағат 11:15

«Қазақ» газетінің 100 жылдығын тойлау Абай мұражайында басталды

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы алғашқылардың бірі болып ақпанның 8 күні ұлт жаршысы «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.

Жиырмасыншы ғасыр басында тарих сахнасына келген қазақ интеллигенциясы, қазақ халқының азаттығы жолында күрескен ұлт көсемдері болды. Олар қазақ халқының көзін ашып, көмескі тартқан рухын оятып, біліммен қаруландырып, бірте-бірте тәуелсіз ел болуға жеткізудің қиын да болса, ең сенімді жолын саналылықпен таңдап алды. Халық рухына күш беретін  басты құрал - әр заманда да бұқаралық басылым. Сондықтан халық сахнасында ресми түрде тарай алатын, ұлттық идеяны насихаттайтын газет ұйымдастыру қажеттігі туды. Осының нәтижесінде 1913 жылы 2 ақпанда қоғамдық-саяси және әдеби «Қазақ» газеті дүниеге келді. Газет орасан зор әлеуметтік, тарихи қызмет атқарды, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтерді, елді прогресске, өнер-білімге үндеді. Ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйтқы болған осы газет.

Кеште «Қазақ газетінің ұлттық баспасөздің қалыптасуындағы ролі», тақырыбында ф.ғ.д., профессор А.С.Еспенбетов баяндама жасады, т.ғ.к., доцент Амантай Исин, Абай қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері Қ.Ибрагимова осы тақырып жайында өз пікірлерін білдірді.

Кеште Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филормониясының әнші-өнерпазы Айнұр Абылқасымованың орындауында Шәкәрімнің «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар», А.Байтұрсыновтың «Аққұм» әндері орындалып, жас ақындар өз арнауларын оқыды.

Кешке қаламыздың зиялы қауымы, мұражай қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383