«Қазпошта» үшін қазақ тілі тайпаның тілі болып қала бере ме?
«Қазпошта» компаниясың қызметкері мемлекеттік тілде сұрау салған тұтынушыны мен суахили тілінде сөйлейтін Африканың халқын тілдік, нәсілдік тұрғыдан қорлады. Мазақ етті. Бұндай жүгенсіздік еліміздің заңдарында қарастырылған ба? БҚО адвокаттар алқасының алқа мүшесі Абзал Құспанның анықтамасына сүйенсек, «Қазпочта» АҚ-ның атышулы қызметкерінің жеке басы анықталған жағдайда, оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру белгілері бойынша 164 бабымен жауапқа тартылуы мүмкін екен. Жауапқа тартылып үстінен қылмыстық іс қозғалған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Сонымен бірге, «Қазпочта» АҚ-ның басшылығы да бұл мәселе бойынша жауаптылықтан жалтара алмайды. Демек біз әлеуметтік желілерде, дәстүрлі баспасөзде шулап-шұрқырап істі біттіге санамай, мәселені заң жүзіне қоя отырып талап етуіміз керек.
«Қазпошта» компаниясың қызметкері мемлекеттік тілде сұрау салған тұтынушыны мен суахили тілінде сөйлейтін Африканың халқын тілдік, нәсілдік тұрғыдан қорлады. Мазақ етті. Бұндай жүгенсіздік еліміздің заңдарында қарастырылған ба? БҚО адвокаттар алқасының алқа мүшесі Абзал Құспанның анықтамасына сүйенсек, «Қазпочта» АҚ-ның атышулы қызметкерінің жеке басы анықталған жағдайда, оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру белгілері бойынша 164 бабымен жауапқа тартылуы мүмкін екен. Жауапқа тартылып үстінен қылмыстық іс қозғалған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Сонымен бірге, «Қазпочта» АҚ-ның басшылығы да бұл мәселе бойынша жауаптылықтан жалтара алмайды. Демек біз әлеуметтік желілерде, дәстүрлі баспасөзде шулап-шұрқырап істі біттіге санамай, мәселені заң жүзіне қоя отырып талап етуіміз керек.
Суахили тілінде сөйлейтін жұрты да Құдай-тағала адам баласының қатарынан жаратқан. Адами парасат биігінен қарасақ, ол елді «Қазпоштаның» қалтарысында отырған қызметкер мазақ етіп, келекелеуге қақылы емес. Бұл нені білдіреді? Бұл - монополист компания - «Қазпоштаның» ішкі әлемінде осындай мінездің қалыптасқанын, мемелекеттік тілде сөйлейтін тұтынушының құқын аяқ асты етіп жүре беретін менмендіктің, дөрекіліктің әбден шегіне жетіп, шекелеп біткенін білдіреді. Суахили тілін меңзеген болып «Қазпошта» қазақты тайпа, абориген ретінде көретінін ашық жария етті. «Қазпоштаның» қызмет түріне қарап осылай байлам жасамасқа амал кем. Сондықтан тайпа емес, ел екендігімізді әйгілеп құзырлы орындар әділетті шешім шығарғанша, Abai.kz ақпараттық порталы мен барлық қазақ сайттарының бетінде, әлеуметтік желілерде «Қазпошта» үшін қазақ тілі тайпаның тілі болып қала бере ме? - деген сауалды күн тәртібінен түсірмеуге келісейік. Осы акцияны қолдаймыз дейтін қазақтың намысты ұл-қызы Abai.kz ақпараттық порталына әдеттегідей хат жолдап, пікір білдіруіне әбден болады. Енді заңгер Абзал Құспанның анықтамасына көз жүгіртейік.
«Қазпочта» АҚ тарапынан мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге қатысты жария түрде берген хабарламасына байланысты анықтама-қорытынды:
«Қазпочта» акционерлік қоғамы еліміздегі почта (08.02.2003 жылғы «Почта туралы» Заңға сәйкес, «пошта» емес, «почта» - деп жазылған) саласындағы монополист қызмет көрсетуші компания болып табылады.
Талқыланып отырған жағдайға байланысты, «Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасының келесі заң актілерін бұзды деп санаймын:
1. ҚР Конституциясын,
2. «Тілдер туралы» ҚР Заңын,
3. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңын.
Енді осыларға рет-ретімен тоқталып кететін болсам,
1. Жоғарыда атап өткенімдей, «Қазпочта» АҚ қызмет көрсетуші
монополист ұйым болғандықтан, оның қызметін тұтынатын кез-келген азамат сәйкесінше тұтынушы болып табылады. Қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы кез-келген қызметтік қарым-қатынас «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Аталған Заңның 24-бабында сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері белгіленген. «Қазпочта» АҚ біздің жағдайда орындаушы, яғни қызмет көрсетуші болып табылады.
Осы баптың 1 тармағына сәйкес, «Қазпочта» АҚ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.
Одан басқа, аталған Заңның 25 бабының 1, 2 тармақтарында, жалпы тауарға, көрсетілетін қызметіне қатысты болуы тиіс ақпараттар тізбегі бекітілген. Сол баптың 3 тармағында, «Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпарат тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен тұтынушының назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі» - деп тағы нақтыланған.
Заңның 43 бабында, Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатындығы ескертілген.
2. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының көптеген
баптары арнайы түсіндіріп жатуды қажет етпейді. Мысалы, Заңның 6 бабында, «Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар» - делінсе, 7 бабында, «Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады» - деп көрсетілген.
Аталған Заңның 22-бабы, Почта-телеграф жөнелтiлiмдерiнiң тiлi -
деп аталады, оған сәйкес, «Почта-телеграф жөнелтiлiмдерi Қазақстан Республикасының шегiнде мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал республикадан тыс жерлерге белгiленген халықаралық ережелерге сәйкес жiберiлуі тиіс».
Менің ойымша, бұл Заңның бізге тікелей қатысы бар тұсы тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық көзделген 24 бап болып табылады.
Оған сәйкес, «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады».
«Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады» - делінген.
Егер алдыңғы Заңның мен көрсеткен алдыңғы баптары (6-7 бап) азаматтың (біздің жағдайда Арыстан Патша лақап есімді интернет қолданушы) өз құқығын қорғауына байланысты болса (бұл құқықтарын қолдану қолданбауы оның өз еркі), соңғы 24 бап, жалпыға жария болған факт бойынша «Қазпочта» АҚ-ның жауаптылығын көздейді. Бұл жерде бізге Арыстан Патшаның шағым беру құқығын пайдалану немесе пайдаланбауы маңызды емес.
3. ҚР Конституциясының 39 бабының 3 бөлімінде, «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр түрде шектеуге жол берiлмейдi. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс» - деп тайға таңба басқандай анық көрсетілген.
Енді осы соңғы абзацтағы бізге қатысты екі бөліміне нақтырақ тоқталар болсам, 14 баптың 2 тармағында, «Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» - делінсе, ал, 19 бабының 2 тармағында «Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар» - деп анық көрсетілген.
Сонымен қатар, Конституциямыздың 39 бабы, 2 тармағында, «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады».
Менің жеке пікірім, елдегі белгілі БАҚ және әлеуметтік желілердегі бірнеше күннен бергі толастамай жатқан қызу пікірталас - «Қазпочта» АҚ-ы қызметкерінің әрекетінен, қазақ ұлтын тілдік тұрғыдан кемсіту, азаматтардың қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді таңдауына шектеу, ұлтаралық араздық туғызу белгілерінің бар екенін дәлелдейді.
Егер, «Қазпочта» АҚ-ның атышулы қызметкерінің жеке басы анықталған жағдайда, оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру белгілері бойынша 164 бабымен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса - 164 баптың белгілерін құрайды.
Ол бап ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған, атап айтқанда, бірінші бөлімі бойынша 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланса, екінші бөлімі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге, ал, 3 бөліміне сәйкес, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сонымен бірге, «Қазпочта» АҚ-ның басшылығы да бұл мәселе бойынша қандай жағдайда да жауаптылықтан жалтара алмайды, себебі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және Еңбек Кодекстерінің талаптарына сәйкес, ол өз қызметкерінің қызмет бабындағы әрекеттері үшін жауапты болып табылады.
Анықтама жасаған:
қорғаушы, БҚО адвокаттар
алқасының алқа мүшесі
А.Т.Құспан
Abai.kz