Мәмбеткәрім ҚОЖЫРБАЙҰЛЫ. Саяхатқа зиярат қосылсын
Әлем тарихында қазақ елінен шығып, қазақ деген халықты бүкіл әлемге танытып, өзге елде жерленген ұлы ғұламалары аз болмаған. Сол бабаларымыз жерленген елдер, олардың қазақ екенін біліп, қазақ азаматтары сол елге ата-бабаларының басына бара қалған жағдайда, оларды төбесіне қойып қадірлеген. Қазақ деген халықтың түпкі тарихы терең, жаратылыс болмысының ғажап екендігіне таңғалысқан.
Олардың қатарына ғұлама-ғалым, Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхананы иеленген еліміздің мақтанышы, қазіргі қазақ жеріндегі Отырар өркениетінің перзенті, 76 тілде сөйлеген, сол тұстың рухани әлемінде бүкіл төрткүл дүниеде оған тең келер тұлға болмаған, әлемнің екінші Аристотелі атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамызды жатқызамыз. Адамзаттың ұлы ғұламасы атанған бабамыз Сирияның Дамаск қаласында жерленген.
Қыпшақ (қазақ) даласынан шығып, Мысыр елін билеген, сол жерге жерленген - Бейбарыс сұлтан. Ол билік құрған жылдары Мысыр елі әлемге танылған. Бейбарыс жарты әлемді жаулаған Шыңғысхан әскеріне де, батыстың крест жорықшыларына да, тойтарыс бергендіктен, ол елді ешкім жаулап ала алмаған. Бүкіл мұсылман әлемі оны Мұхаммед пайғамбар және Қожа Ахмет Ясауидай құрмет тұтады. Мысыр елі күні бүгінде де бүкіл қазақ баласына Бейбарыс ұрпағы деп үлкен ықыласпен қарайды.

Ташкентте жерленген қазақтың төбе биі Төле би бабамыз (Өзбек ағайындар бабамыздың мазарындағы жазуын «Қарлығаш әулие» деп өзгерткен деп жазды бұқаралық ақпарат құралдары жақында, - авт.).
Кіші жүз қазақтарының биі Әйтеке би, ол да Өзбекстанның Бұқара уалаятында жерленген.
Тағы бір сондай ірі тұлғалардың бірі қазақ даласында дүниеге келіп, сүйегі сонау Алманиядағы Берлин қаласында жатқан ұлы ғұлама Мұстафа Шоқай болып табылады. Кезінде Кеңес үкіметі оны өз елімізге қаншама «құбыжық» етіп көрсеткенімен сырт елдер Шоқайды туған халқы үшін бүкіл саналы өмірін сарқа жұмсаған саяси қайраткер, ірі күрескер ретінде таниды. Ол туған халқының өркениетті тәуелсіз елдер қатарында орын алуы жолында күрес жүргізді. Оның «ұлт азаттығы-халықты сақтайтын қорған» деген қанатты сөзі ешқашанда мәнін жоймақ емес. Сонымен қатар оны бүкіл түркі тілдес халықтар қадір тұтады. Өйткені Мұстафа Шоқай тек, қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркінің ынтымақтасып бірге жасауын армандаған, сол жолда күрескен қайраткер еді.
Ынтымақ - тәуелсіздік кепілі болып табылады. Сондықтан да ол «Тұтас Түркістан» идеясын көтерді. Сол идея бүгінде тәуелсіз Қазақстанның тәжірибелі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орталық Азия одағын құру бастамасымен қабысып жатыр.
Адай немересі Құдайке ұлы Қосай, аты аңызға айналған батыр, 120 жас жасағандықтан орыстар оны «өлмейтін Кощей» деп атаған. Қосай ата мазары Қарақалпақстанның Хожелі ауданы Бестөбе жерінде. Атаның 500 жылдығына үлкен ас беріліп, кең көлемде атап өтілді. Халық арасында ер Қосай жырының бірнеше нұсқасы бар.
Алты алашқа әйгілі, халық батыры, «от ауызды, орақ тілді» биі Сырым Датұлының зираты Қарақалпақ жерінде. Жергілікті халық оның қабірін «Ғайып ата» деп атайтын көрінеді.
Қазақтың дарынды ұлы, дін және қоғам қайраткері, инженер-геолог ғалым, емші, ағартушы, алдыңғы жылы 125 жас мерейтойы атап өтілген Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының (Оразмағанбет ахун) мазары Түркменістан жерінде жатыр. Оразмағанбет - Қаныш Сатбаевтан да бұрынғы, қазақтың алғашқы геологы.
Қазақ халқының өзге елдерден ерек дәстүрлерінің бірі, бұл жарық дүниеден өткен жақындары мен жайсаңдарын еске алып, аруағына бағыштап ас беріп, құран шығарып, дұға оқытуы болып табылады. Ата-бабаларымыз Алланың хақтығын, ақырет күнінің барлығын, адамның тәні өлсе де жаны (рухы) өлмейтінін, үнемі желеп-жебей жүретінін ежелден білген. Қазақта «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз содан қалған.
Осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ жерінде дүниеге келіп, жат жерлерге жерленген ұлы ата-бабаларымызды ұрпақтары күні бүгінге дейін естен шығарған емес. Ас та берілуде, дұға да бағышталуда. Менің айтайын дегенім, егер кімде-кім әр-түрлі себептермен осы елдерге бара қалған жағдайда, ұлы бабалар мазарына соғып, дұға бағыштау - әрбір қазақ азаматының парызы екенін ұмытпағай!
«Үш қиян» газеті, 13.08.2009