Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3022 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 04:38

Азер Хасрет: «Біз қателестік, Сіздер қателеспеңіздер!»

Қазақстанның 2025 жылы латын әріпіне  көшетіндігі белгілі болған соң, қазақ қоғамында  түрлі дау-дамайлардың өршігені белгілі. Қазақтардың  латын әліпбиіне көшуге бел бууына байланысты бауырлас  түрік тектес  халықтардың  зиялылары да түрлі пікірлерін білдіре бастады. Солардың бірі әзірбайжандық  ғалым Азер Хасрет. Әзірбайжан  сарапшысы  өзінің  azerhasret.com  атты  жеке сайтында  «Біз қателестік, Сіздер қателеспеңіздер»  деген тақырыппен мақала  басты. Біз  ғалымның  аталған мақаласын  ана тілімізге аударып беруді  жөн көрдік.

Қазақстан неге  жалпы  түрік латыншасына өтпеске?

Қазақстанның 2025 жылы латын әріпіне  көшетіндігі белгілі болған соң, қазақ қоғамында  түрлі дау-дамайлардың өршігені белгілі. Қазақтардың  латын әліпбиіне көшуге бел бууына байланысты бауырлас  түрік тектес  халықтардың  зиялылары да түрлі пікірлерін білдіре бастады. Солардың бірі әзірбайжандық  ғалым Азер Хасрет. Әзірбайжан  сарапшысы  өзінің  azerhasret.com  атты  жеке сайтында  «Біз қателестік, Сіздер қателеспеңіздер»  деген тақырыппен мақала  басты. Біз  ғалымның  аталған мақаласын  ана тілімізге аударып беруді  жөн көрдік.

Қазақстан неге  жалпы  түрік латыншасына өтпеске?

Ақыры Қазақстан да  латын әліпбиіне көшуге бел буды.  Мұндай жаңалықты біздер, қазақ еместер, бірақ туысқан  әзірбайжан сынды халықтар ұзақ күткен едік және  қазақтардың осындай шешім қабылдағанын естігенде қатты қуандық. Әрине, біреулер үшін  бұл оғаш көрінуі мүмкін, тіпті «қазақтардың латын әліпбиіне көшу-көшпеуінің сендерге қандай қатысы бар?»  деген сауал да қоюға да қақысы бар, әрі бұл қалыпты жағдай. Ал, бізге қазақтардың латын әліпбиіне  көшуінің тікелей қатысы бар!
Қазақтар да әзірбайжандар сияқты  түрік халқы. Тек ол ғана емес! Олар да  өзбек, қырғыз,  түркімен,  қарақалпақ,  ұйғыр,  татар,  башқұрт, гагауыз, чуваш, құмық, ноғай, қарашай, балқар, шор, хакас, саха және өзге халықтар сияқты  өткені ортақ, тарихы ортақ, ең бастысы түп-төркіні ортақ жұрт.  Яғни, біздер бір ата-ананың  ұрпақтарымыз. Біздің бабаларымыз бір-тамырымыз бір. Алайда Ресей, Иран және Қытай сынды басқыншылар  жасанды түрде енгізген бірқатар  өзгерістері болса да, мұндай жағдайда біздің тіліміз де ортақ деген сөз. Әрине, қазір біз бәріміз бірігіп бүгінде қуатты күшке ие осынау үш империяға қарсы жорыққа шығайық дегім келмейді. Әр нәрсенің өз орыны мен уақыты болады...
Біз Кеңес империясынан  бөлініп шықтық. Бұл зұлымдық  империясы еді, бір ұлттың өзгелерді билеп-төстейтін империясы еді. Бізді  ұзақ уақыт бойы  өзімізге бөтен, тіпті бізге қас «бөріктің» астында ұстады. Бізді бөлді, өзара қарым-қатынаста болып, түбіміз бір түрік жұрты  екендігімізді сезіндірмеді. Бізді бір-бірімізге жат, тілі, мәдениеті бөлек,  тарихында да ортақ тұстары жоқ халықтар ретінде үйретті, сондай үгіт-насихат жасады бізге. Бұл  бөліп алып, билеп-төстеудің  саясаты болатын.
Алайда, біздің халықтардың азаттық алғанына да 20 жылдан асып барады. Біз өзге халықтардың  ұстанымдары мен көзқарастарына жалтақтамастан,  жалпыұлттық  сипаттағы шешімдерді  қабылдай аламыз, сондай шешімдердің бірі ұлттық  құндылықтарымызға тікелей қатысы бар- әліпби таңдау мәселесі.
Қазақстан тәуелсіз және  экономикалық тұрғыда кемеліне жеткен  мемлекет ретінде  кириллицадан бас тартып, латын әліпбиіне өтуге толық құқылы. Бұл қазақтардың өздерінің бірден-бір  құқығы. Ешбір халықтың  бұл іске араласуға және Қазақстанның бұл идеядан  бас тартуын  талап етуга қақысы жоқ. Алайда, менің ойымша туысқан түрік  халықтары бұл мәселеге орай өз пікірлерін білдіруге  құқылы. Тіпті,  бұл процестен шет қалуға  да тиісті емес. Осы жағдайларды ескере отырып латын әліпбиіне өтуге байланысты  бірқатар мәселелерді ескеру қажет деп есептейміз. Өйткені,  бұл біздер, яғни Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, тіпті  латын әліпбиіне баяғыда көшіп алған Түркия  жасаған бірқатар қателіктерді қазақтардың жасамауына көмектеседі деген ойдамыз.
Бірінші кезекте, тәуелсіздік  алған кездерді  есте ұстау керек. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында  түрік елдерінің ғалымдары қазір біз Қазақстанға байланысты қарастырып отырғанымыздай,  латын әліпбиіне өту мәселесін  талқылаған еді.  Сол кездері  біздің барлығымыз болашақта   бауырлас халықтарды  біріктіре түсетін бірыңғай, ортақ жазу қажет  екендігін  түсінген едік. Тіпті, ортақ түрік әліпбиінің жобасын әзірлеген болатынбыз. Бұл әліпби өткен ғасырдың 90-жылдарында-ақ қолданысқа кіруі тиіс еді. Бірақ, өкінішке қарай, біздің елдеріміз  бұл идеяны жүзеге асыруға  асықпады және  идея тек идея  күйінде қалды. Аталған идея әлі күнге талқыланып жүр, бірақ  бәрібір  нақты бір шешім жоқ. Өкінішке қарай әрине. 
Өткен ғасырдың 90-жылдарына қайта оралар болсақ, сол кездері Түркіменстан мен Өзбестаннан кейін Әзірбайжан да  латын әліпбиіне  көшуге шешім қабылдаған болатын. Әзірбайжан мен Түркіменстан   процесті аяқтап та қойды. Ал, Өзбекстан әлі біраз шаруаларды атқаруы керек. Сөз жоқ, түрік тектес елдердің  үшеуі  бұл бағытта  нақты қадамдар жасағанына қуануға болады. Алайда, өкінішке қарай, олардың барлығы  бәрімізге қажет жолмен жүрмеді. Яғни, бұл елдер  процесс  басталған сәтте-ақ жолдан адасты. Иә, Түркия да  дұрыс  бағытта жүрген жоқ еді...
Біз атап өткеніміздей жаңадан тәуелсізідк алған түрік  мемлекеттері Түркиямен бірге латын әліпбиі бәріміздің ортақ жазуымыз болуы керек деген  пікірде еді. Алайда,  келесі қадамдар бұл бірліктің тек сөз жүзінде қалғандығын көрсетті.  
Бірінші кезекте Әзірбайжан жолдан жаңылды. Латын әліпбиіне көшу туралы шешім  қабылданған  кезде бұл елде  жалпы түріктің  «Ää» таңбасын  неге «Əə»-ге  айырбастағанының себептері әлі күнге беймәлім.  Тағы бір мәселе, бұл елде «Ññ» әрпі әліпбиге енгізілмеді. Алайда,  бұл дыбыс  әзірбайжан тілінде әлі күнге қолданылады.  Осылайша, Әзірбайжан ортақ түріктің жазудағы екі әріпті тәрк етті. Сөйтіп, адасып қалды.
Ал, Түркіменстан болса тіптен алшақтап кетті. Түркімкен әліпбиінде 30 әріп бар, олардың жетеуі тіпті әзірбайжандардың өзін шатыстырады. Жалпы түрік әліпбіндегі «Jj» (ж-дыбысы) әрпі түркімен әліпбиінде  «Дж»-(Джеймс)  дыбысын береді, (алайда кәдімгі «ж» дыбысы жалпы түріктік әліпбиде немесе өзге түрік әліпбилерінде  бұл «Cc»-мен таңбаланған).  Түркімен әліпбиіндегі өзге бауырлас халықтарға түсініксіз  келесі әріптер «Žž» (бұл кириллицадағы «ж») мен «Ww»( бұл кириллицадағы «в»). Бұл  дыбыстарды таңбалайтын әріптер  өзге түрік халықтарының әліпбиінде де,  жалпы түріктік жобада да бар: түркімендердің  «Žž» дыбысын  өзгелер  «Jj» (jurnal)-мен, ал «Ww» дыбысын «Vv» (vätän)-мен таңбалайды.  Ал,  түркімен әліпбиіндегі  «Yy» таңбасы  кирилицадағы «Ыы» дыбысын таңбалайды,  өзге түрік әліпбилерінде  бұл дыбысты «Iı» (Isparta) әрпі береді.  Ал, «Yy» әрпі кирилицадағы «Йй» (yaşar) дыбысы. Кириллицадағы «Йй»  түркімен әліпбиінде  «Ýý» -мен таңбаланған (жалпы түрік әліпбиінде «Yy»). Бұл  өзге түрік халықтарының басын қатыратын  өзгерістер. Тағы бір әріп «Ňň». Бұл әріп жалпы түрік әліпбиіндегі  «Ññ» таңбасына ұқсас.  Түркімендер, бұл әріпті сәд де болса өзгеріске ұшыратқан.
Өзбекстан туралы  не дейміз? Бұл ел  латын әліпбиіне көшуді аяқтап келе жатыр, алайда, өкінішке қарай,  өзге түрік халықтарынан тіптен алыстап бара жатыр. Өзбекстанға  енгізіліп жатқан  латын әліпбиі  таза ағылшынның  26 әрпі. Өзбектер  аранйы таңбасы жоқ  «Çç» (Чч) дыбысын «Ch ch»,  «Şş» (Шш) дыбысын  «Sh sh», «Ññ» (ң)  дыбысын «ng» деп таңбалайды және бұл  мәтіндердің  ұзатып кетуіне, сондай-ақ өзге түрік халықтарынан алшақ  кетуге апарып соғуда. Мәтіндерді «семіртуге» тағы екі әріп қызмет жасайды. Олар: «O' o'» (у) және  «G' g'» (орыс тілінде жоқ. Ал жалпы түрік  әліпбиінде «Ğğ» - Iğdır).
Түркияның қолданып жүрген әліпбиінде дәл  жоғарыда аталғандай  аса өткір мәселелер жоқ. Оларда тек  бірнеше дыбысты белгілейтін таңба жетіспейді. Олар:  «Ää», «Xx», «Qq» және  «Ññ». Бірақ, бұл өзге түрік тектес халықтарға Анадолы түріктерінің әліпбиімен жазылған мәтіндерді оқуға қатты кедергі туғызып отырған жоқ.
Енді, Қазақстанға оралайық. Бәрімізге ең қымбат саналатын бұл елдің  жоғарыдағы қателіктерді ескеруге толық мүмкіндігі бар. Қазір бұл елде  ғалымдар мен  құзырлы  мемлекеттік құрылымдар  латын әліпбиіне  көшудің жоспарын әзірлеп жатыр және олардың латын әліпбиіне көшкен өзге түрік халықтары жіберген  қателіктерді ескергені жөн болар еді. Тіпті, бұл елдердің  тәжірибесін үйрену үшін тиісті мамандарды іс-сапарларға жіберудің де артықтығы жоқ. Өйткені, мәселе тек латын әліпбиіне көшуде ғана емес, барлық әдеб  мұарлардан аырылып қалудан қауіптену де бар бұл елде. Ал, Әзірбайжан  латын әліпбиіне көшуде  кемшілікті аз жіберген және ешбір әдеби мұрадан айырылмаған  ел ретінде тәуір үлгі бола алады. Өйткені, Қазақстан қоғамы  әріп ауыстырудың  қаншалықты  ауыр болатындығын  алдын ала білуге құқылы.  Ал, әліпби ауыстырудың  онша ауыр болмайтындығын  дәлелдеу үшін өзгенің тәжірибесі зерттелуі керек.
Тағы бір мәселе: Қазақстанның  жалпы түрік  әліпбиін ұстанып қалуына  зор мүмкіндігі бар. Латын әліпбиіне  көшудің жөні бөлек әрине,  бірақ неге  латын әліпбиіне  негізделген  жалпы түрік әліпбиіне өтуге болмайды? Тіпті, мұны «жалпы түрік әліпбиі»  деп атамай-ақ қоялық,  жай ғана қазақ әліпбиі деп атайық. Сонда біз  қазақтың латын әліпбиін өзге түрік халықтары үшін де  сүйсіне пайдаланған болар едік.
Айтпақшы,  бізде  ресми емес  жалпы түрік латын әліпбиі бар. Бұл әліпбиде  Yalquzaq.com деп аталатын  онлайн  газет те шығарамыз.  Бұл газетте  барлық түрік халықтарының  тілдерінде (қазақ тілі де бар ішінде)  мәтіндер жарияланады және ешбір аудармасыз  шығатын бұл мәтіндер әлемдегі барлық  түрік халықтары тарапынан  оңай оқылады.  Егер Қазақстан  жалпы түрік  әліпбиін енгізетін болса,  онда біз  мұндай тамаша бастаманы қуана жалғастырар едік.
http://www.azerhasret.com/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352