Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1299 0 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 14:57

Сарбаздардың ЖОО-на түсуі жеңілдеді

Биылғы наурыз айында Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, полковник Ерболат Әділбаев әскери жоғары оқу орындарында 20-дан астам мамандық түрлері қамтылып отырғаны айтты.

«Қазақстанда жоғары әскери білім беретін Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 20-дан астам мамандық бойынша оқытады. Білім ордаларында зениттік зымыран мамандары, артиллерист, мотоатқыш, ұшқыштар білім береді»,-деді Е. Әділбаев.

Оның айтуынша, оқуға келетін жастар писхологиялық және физикалық тұрғыда мықты, әрі білімді болғаны абзал. Сондықтан барлық түлекті емтихандар мен, ҰБТ-ға дайындалуға шақырды.

«Өзіміз бала кезімізде офицер болуды арманда, бесінші сыныптан бастап дайындыққа кірісетін едік»,-дейді ол.

Полковник көпбалалы отбасыларға, әскери қызметшілердің балаларына, мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға жеңілдіктер жасалғанын айтты.

Осы орайда айтып кету керек, биылғы жылдан бастап әскери барышын өтегендерге жоғары оқу орындарына түсу әлдеқайда жеңілдеді. Өзгерістерге сәйкес, олар енді біріңғай тестілеуден өтпей-ақ білім ошағына қабалдана алады.

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, әскери қызметін атқарған азамат ұлттық біріңғай тестіні тапсырмай, екі жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-на түсе алады. Ал екінші мүмкіндік: жауынгерлік даярлықта өзін жақсы жағынан көрсетіп, тапсырмалардарды орындау барысында жоғары нәтижеге жеткен, тәртіпке бағынып, үлгі көрсеткен әскери қызметшілер емтихансыз ЖОО-на түсіп, тегін оқи алады.

«Нақтылап айтсақ, мерзімді әскери қызметін өтеп шыққан қатардағы сарбаз офицер шенін алғысы келсе, әуелі әскери кафедрада оқып, лейтенант атануы керек»,-дейді Қорғаныс министрінің кеңесшісі.

Айгүл Төлембаева бұл шаралардың 2022 жылдан бастап қолға алынып келе жатқанын айтады.

«Бұл жоба ҚР Қарулы күштерінің және басқа әскери құралымдар қатарында мерзімді қызметін өтеген азаматтардың білім алуына жақсы бастамашы болды. Жастар тарапынан аталған жоба оң пікірге ие болды»,-деді ол.

Қазіргі күні әскер қатарынан оралған сарбаздарға 40-тан астам ЖОО есігін айқара ашып отыр. Олар жауынгерлерге 3000 грант бермек. Ол үшін жастар әскери қызметті өткергені туралы анықтама, әскери билет пен жеке куәліктің, білімі туралы құжаттың көшірмесін, 086 анықтамасын т.б тиісті құжаттарды жоғары оқу орындарына тапсыру керек.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі қажеттілікке қарай әскери кадрларды шет елдерде де оқытады.

Әскери білім және ғылым департаментінің басшысы Жұмабек Ахметов Қорғаныс министрлігінің оқу орындары жақын және алыс шет елдерде әскери білім алу үшін азаматтарды іріктеудің басталғанын айтқан болатын.

«Ресей, Беларусь, Армения, АҚШ, Түркия, Үндістан және Пәкістан қорғаныс ведомстволарының әскери жоғары оқу орындарынан ұшу, теңіз, құрлық, инженерлік, медициналық және гуманитарлық мамандықтарды игеріп шығуға болады», - деді Жұмабек Ахметов.

Айта кетейік елімізде үш әскери институтта жоғары білім беріледі. Олар барлық дерлік Қарулы Күштердің негізгі мамандықтарын қамтиды.

Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты командалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың көшбасшысы. Қазақстан офицерлер корпусының 50 пайызы осы білім ордасынан оқығандар.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты алты мамандық және 14 біліктілік бойынша жоғары әскери-кәсіптік білім беру бағдарламасымен офицерлік кадрларды даярлайды.

Ақтөбедегі Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қажетті ұшу және инженерлік-техникалық құрамды даярлайды.

Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әуе қорғанысы, байланыс, басқарудың автоматтандырылған жүйелері, ақпаратты өңдеу және қауіпсіздік мамандарын даярлау орталығы болып табылады. Институт алты мамандық пен тоғыз біліктілік бойынша офицерлерді даярлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүргізеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443