Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 2753 5 пікір 30 Мамыр, 2023 сағат 12:31

Кремль қазақ либералдарына соғыс ашты...

Мәскеу қазақстандық медиа кеңістіктегі танымал орыстілді тұлғаларды қаралау операциясын әзірлеу үстінде. DALA INSIDE-қа жеткен ақпарат бойынша Кремль осы күнге дейін «орыс әлемінің» өкілдерімен дәм-тұзы жарасып келген медиа-магнат Арманжан Байтасовқа кектеніп алған.

Күні кеше Роскомнадзордың пәрменімен Арманжанға тиесілі Arbat-media агенттігінің Ресей аумағында ақпарат таратуына шектеу қойылды. Аргумент: агенттік Ресей агрессиясын айыптаған. Соғысқа қатысты Мәскеудің саясатына қайшы мәлімет таратқан. Байтасов мұны ауыр қабылдады. Себеп: Arbat-media-ны оқитын аудиторияның 40 пайызы ресейлік оқырмандар. Алайда Кремль идеологтары үшін бұл жеңіл жаза. Арекеңнің You-tube арнасында төбе көрсеткен – Алексей Арестович, Агиль Рустамзаде, Аббас Галямов сынды Ресейдің антиподтары Қазақстандағы орыс пропагандасының түндігін түрген.

Таяу күндері Байтасов бастаған Қазақстанның батысшыл, либералды өкілдеріне қарсы арам, лас ақпараттар тарай бастайды. Оның алғашқы белгілері байқала бастады.

Пропагандист Маргарита Симонянмен аффирленген телеграм-арнада Байтасовтың көгілдір жігіттермен көңіл көтергені, бұл үшін Мәскеудегі моншаны жалға алып, 400 мың долларды далаға шашқаны туралы провокация пайда болды. Кремль Байтасовқа тізесін батыра алмайды, сондықтан осындай пасық, сасық амалға баруға мәжбүр.

Путин пропагандистерінің нысанасына іліккендердің арасында Байтасовтан бөлек – саясаткер Мұхтар Жәкішев, экономистер Алмас Шөкин, Рақым Ошақбаев, саясаттанушы Досым Сәтпаев, тіпті ешкіммен қақ-соғы жоқ дейтін Нұрлан Смағұлов та бар.

Смағұлов демекші, Ресей нарығына кірсе, тұзаққа түсерін сезген «Астана Моторстың» қожайыны Петербордағы «Хюндайдың» зауытын сатып алудан айнып қалған.

Жәкішевтің жайы бөлек әңгіменің арқауы. Мұхтарды қаралайтын контенттің бағыт-бағдары – «қазақтың атом өндірісін АҚШ-тың қолына ұстатпақ болды. Ол үшін оған қомақты гонорар төленді...», - дегенге саяды. Бірақ, көзі ашық қазақтілді аудитория мұндайға алдана қоймайды. Қазақстандағы Кремль «жансыздары» Жәкішевтің жұрт алдындағы абыройын төгудің өзге жолын іздестіру үстінде.

Досым Сәтпаевқа да «досье» тігіліп жатыр. Әлбетте, Кремль мұны қазақстандағы ресейшіл күштердің көмегімен жүзеге асырары анық. Еліміздегі ресейшіл сарапшылар мен ресейшіл БАҚ Мәскеуден түсетін транзакцияны асыға күтіп отыр. Dalainside дереккөзінің айтуынша Кремль бұл тарапта Ермұхамбет Ертісбаевпен консультациялар өткізуі мүмкін.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276