Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3422 0 пікір 29 Мамыр, 2013 сағат 22:33

Интернет-конференция: Мұхтар Тайжан (Басы)

Конференциямыздың кезекті қонағы – экономист Мұхтар Тайжан оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін бастады. Мұхтар Болатханұлына ұлттық мәселеге қатысты сұрақтар көп түсті. Сондай сауалдың біріне жауап бере келе, Мұхтар мырза былай дейді: «Ұлтшыл азаматтар радикалданып бара жатқан жоқ. Менің ойымша, егер билік басына ұлтшыл адамдар келмесе, онда қоғамда қақтығыс бола ма деп қауіптенем. Өйткені, мемлекет құрушы халық – қазақ халқының саны – 70 пайыз. Оның көбі қазақтілді қазақтар. Оған жиырма жылда өзгерген қоғамды қосыңыз. Өзгермеген – билік пен оппозиция ғана. Демек, қақтығыс мүмкін бе? Мүмкін. Сол үшін ұлтшылдар билікке келуі керек».

                                                             

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өткізелі отырған іс-шараларыңыз жайлы айтып берсеңіз?

Конференциямыздың кезекті қонағы – экономист Мұхтар Тайжан оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін бастады. Мұхтар Болатханұлына ұлттық мәселеге қатысты сұрақтар көп түсті. Сондай сауалдың біріне жауап бере келе, Мұхтар мырза былай дейді: «Ұлтшыл азаматтар радикалданып бара жатқан жоқ. Менің ойымша, егер билік басына ұлтшыл адамдар келмесе, онда қоғамда қақтығыс бола ма деп қауіптенем. Өйткені, мемлекет құрушы халық – қазақ халқының саны – 70 пайыз. Оның көбі қазақтілді қазақтар. Оған жиырма жылда өзгерген қоғамды қосыңыз. Өзгермеген – билік пен оппозиция ғана. Демек, қақтығыс мүмкін бе? Мүмкін. Сол үшін ұлтшылдар билікке келуі керек».

                                                             

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өткізелі отырған іс-шараларыңыз жайлы айтып берсеңіз?

-  Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – жазықсыз қудаланып, нақақ атылған саяси репрессия және ашаршылық құрбандарын еске алу, рухына тағзым ету. Біз тарихтан сабақ алуымыз керек. Миллиондаған қазақ қолдан ұйымдастырылған аштық құрбаны болды, ұлт зиялылары, көшбасшылары жазықсыз жалалы болып, сотсыз, тергеусіз атылып кетті. Бұл – ұлттық қасірет. Әр буын ұрпақ мұны естен шығармауы тиіс. Тілегіміз, ниетіміз, ісіміз – енді қайтып отар елге айналмайық, намысты болайық!

Шара - 31 мамыр күні таңертең сағат 9.30 да Алматыдағы орталық мешітте құрбан шалып, құран оқытудан басталады. Содан кейін сағат 12-де «Цезарь» кинотеатрында Еркін Рақышевтің «Ашаршылық» деректі фильмі көрсетіліп, кинотеатрдың дәлізінде фотокөрме жасалады. Кинотеатрдан шыққан соң, жиналған жұрт жаяу жүріп отырып, Наурызбай батыр көшесінің бойындағы ашаршылық құрбандарына арналып қойылуға тиісті ескерткіштің орнында тұрған қара тасқа гүл шоқтарын қояды. Шара барысы – осы.

- 1. «Ұлттық-патриоттық топ» деген сөзге көзқарасыңыз қалай?

2. Ұлтшыл азаматтардың әрекеті радикалданып бара жатқан жоқ па? Мәселен, сіздер секілді азаматтар билікке келсе қоғамда екі немесе үшке жарылу орын алмай ма?

3. Болашақ президент ретінде кімдерді көре аласыз? Аттарын атасаңыз.

Жауабыңызға алдын-ала рахмет!

Құрметпен, Қазақ баласы

-  1. Мен сол Сіз айтып отырған Ұлттық-патриоттық топтың бел ортасында жүрмін ғой. Сондықтан Ұлттық-патриоттық топтарға деген көзқарасым өте жақсы.

2. Ұлтшыл азаматтар радикалданып бара жатқан жоқ. Менің ойымша, егер билік басына ұлтшыл адамдар келмесе, онда қоғамда қақтығыс бола ма деп қауіптенем. Өйткені, мемлекет құрушы халық – қазақ халқының саны – 70 пайыз. Оның көбі қазақтілді қазақтар. Оған жиырма жылда өзгерген қоғамды қосыңыз. Өзгермеген – билік пен оппозиция ғана. Демек, қақтығыс мүмкін бе? Мүмкін. Сол үшін ұлтшылдар билікке келуі керек.

3. Дәл қазір аттарын атай алмаймын. Бірақ, болашақта президент болатын адамның ниеті таза, патриот, еліміздің қазба байлықтарын шетелге бермейтін, қазақтың мүддесін қорғайтын, сатқындық жасамайтын адам болуы тиіс.

- 1. Қарапайым халық арасында руға, жүзге бөліну деген біртіндеп жойылып келеді. Бірақ билік басындағылар осы қатерлі дертті өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып жүрген сияқты. Осы турасында не ойлайсыз?

2. "Заманымыздың аса көрнекті іскер азаматы" Кеңес Рақышов туралы пікіріңіз қандай?

- 1. Ру, тайпа жүйесі - қазақтың негізі, паспорты деп айтуға болады. Мәселен, бағзы замандарда қағаз-құжат деген болмағанын ескерсек, ру, тайпа  -  адамның негізін, оның кім екенін анықтайтын жүйе қызметін атқарды. Тайпалық, рулық жүйе  арқылы қазақ бір-біріне туыс-бауыр болып келеді. Қалай айтсақ та қазақ бір-біріне туыс. Мысалы, еліміздің сонау батыс өңіріндегі Әбілқайыр оңтүстік шығысымызда болған Аңырақай шайқасына келіп қатысып, ақырында біз үлкен тарихи жеңіске жеттік. Бұл – қазақтың туыстығының, бір-бірін жауға тастап кетпейтінінің, ел мен жерді қорғауға келгенде қашанда бір тудың астынан табыла білетіндігінің айқын дәлелі. Сондықтан біз өз шежіремізді біліп, бір-бірімізге бауыр екенімізді ұмытпауымыз керек.

Ал, биліктегі рушылдық мәселесін мен білмеймін. Себебі, мен олардың ішінде жүрген жоқпын.

2.  Кеңес Рақышев? Онымен жеке таныстығым жоқ. Бар білетінім ол – бизнесмен. Иманғали Тасмағамбетовтың күйеу баласы, солай емес пе?!

-  Оралмандарды өз алдына ауыл, аудан етіп орналастыруға қалай қарайсыз?

-  Оралман қазақ қой, қазақтың азаматы. Сондықтан әркім өз таңдауы бойынша Қазақстанның қай аймағына қоныстанғысы келсе, сол жерге тұруы керек. Бұл – олардың құқығы. Ал, қазақ үкіметі тарапынан шетелден келген ағайынға барлық жағдай, көмек жасалуы шарт. Оралмандар міндетті түрде белгілі бір аймаққа қоныстануы керек деуге болмайды.

- Мұхтар аға, сіздің рушылдығыңыз көрініп тұр. Ол үшін Фейсбуктегі парақшаңызға, жаныңызға жинап алғандарыңызға көз салса жеткілікті. Бұл өкінішті, әрине. Сіздей азамат рушылдықтан жоғары болса жарасар еді. Рушылдық ұзаққа апармайды адамды. Осыны сіз білесіз бе?

- Иә, білемін (күлді). Мен рушылдықпен ауырмаймын. «Әр қазақ – менің жалғызым» деп ойлаймын. Егер мен рушыл болсам, Жаңаөзен оқиғасына байланысты сол қалаға бірнеше барар ма едім. Тек Жаңаөзен емес, Құдай сақтасын, Қазақстанның кез келген жерінде сондай бір оқиға бола қалса, мен сол жерге барамын. Ол жерде ұлы жүз бе, орта жүз бе, кіші жүз бе – маған бәрібір. Мен үшін бәрі бір қазақ! Ал, қазаққа оқ атылып, қазақтың есесі кетіп, мүддесі тапталып жатқан кез келген мәселеде біз бәріміз жұдырықтай жұмылуымыз шарт.

 (Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290