Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7636 0 пікір 2 Маусым, 2013 сағат 21:33

Абылай ханның хаттары

1. сурет: Абылай ханның 1760 жылы цин патшасы Цяньлунға жолдаған хатынның мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы

2. сурет: Абылай ханның 1767 жылғы Цин патшасы Цянь Лунға тот-моңғол тілінде (қалмақ тілінде) жазған хаты

3. сурет: Абылайханның 1771 жылы Цин патшалығына жолдаған хатының мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы

4. сурет: Абылайханның бас сүйегі. Және сол бас сүйек арқылы Абылай ханның  антропологиялың тәсілмен  жасалған бейнесі

 

Қолыма түсіп отырған төмендегі деректер қазақ халқының ұлы ханы -  Абылайдың елі үшін атқарған ауқымды шаруаларының тағы бір тың айғағы деп түсінемін. Жаңа табылған мұрағат құжаттарына қарап отырып, Абылай ханның аса ірі саясаткер әрі өз заманында ірі дипломат болғандығын аңғарауға болады.

1. сурет: Абылай ханның 1760 жылы цин патшасы Цяньлунға жолдаған хатынның мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы

2. сурет: Абылай ханның 1767 жылғы Цин патшасы Цянь Лунға тот-моңғол тілінде (қалмақ тілінде) жазған хаты

3. сурет: Абылайханның 1771 жылы Цин патшалығына жолдаған хатының мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы

4. сурет: Абылайханның бас сүйегі. Және сол бас сүйек арқылы Абылай ханның  антропологиялың тәсілмен  жасалған бейнесі

 

Қолыма түсіп отырған төмендегі деректер қазақ халқының ұлы ханы -  Абылайдың елі үшін атқарған ауқымды шаруаларының тағы бір тың айғағы деп түсінемін. Жаңа табылған мұрағат құжаттарына қарап отырып, Абылай ханның аса ірі саясаткер әрі өз заманында ірі дипломат болғандығын аңғарауға болады.

ХVІІІ ғасырдың ортасы Жоңғар хандығының жер бетінен жойыла бастаған шағы. Осы бір тарихи кезеңде Қазақ хандығы мен Цин патшалығы іргелес көршіге айналып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста бола бастады. Бұл қарым-қатынас бір жағынан екі елдің кейбір мүдделерін түйістірсе, екінші жағынан бірсыпыра күрделі тарихи мәселелерді тудырған. Мысалы, сол дәуірдегі қазақ билеушілерінің Цин патшалығына жіберген әртүрлі сипаттағы хат-құжаттары елеусіз шаң басқан архивтерде сақталып келді.

Цин патшалық мұрағат құжаттары, әсіресе ондағы шағатай, тот-моңғол және мәнжу тілдерінде хатталған құжаттар хан Абылайдың әлеуметтік және еларалық дипломатиясы жайында жаңа деректерді қолға түсіруімізге мүмкіндік берді.

Бұл мәселелердің шын мәнін ашу үшін ғалымдар тың дерекөздері негізіндегі ғылыми талдаулар жасауы керек. Осыған дейін құпия құжаттар есебінде сақталып келген мұрағат құжаттары тарих үшін біршама жаңалық әкелуде. Аталмыш дәуірде мәнжу-қытайлар жинаған Қазақ даласының шығыс бөлігінің тарихи-географиясына, сол өлкенің саяси-экономикалық, этникалық жағдайына және қазақ-қытай қарым-қатынасына қатысты мәліметтердің көбісі дерлік аударылмағандықтан немесе әдейі құпия ұсталып келгендіктен осыған дейін жұртың назарына ілінбеген. Қытайдағы құпия мұрағаттар арасынан қазірге дейін отандық ғалымдар 50-ден астам Цин патшалық мұрағат құжаттарына сараптама жасап, олардың негізгізгі мазмұны мен тарихи мәнін анықтады.

Төменде біз Абылай ханның Цин патшасына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері мен аударма нұсқаларын беріп отырмыз.

Абылай ханның 1760 жылдың соңында Цин патшасы Цянь Лунға жолдаған хатынның мәнжу тіліндегі аударма нұсқасындағы (1. Суретке қараңыз) былай делінген екен:

 

"Елімнің қоныстары: шығысы Чорго жеріне, оңтүстігі Шарабелге, ортасы Лепсіге жетіп тұр. Ұлы Ежен менің келешек ұрпағымның, менің балаларымның қолында сақталатын қызыл таңба басылған хат жолдап бергей".

Екіншісі, 1767 жылғы Абылай ханның Цин патшасы Цянь Лунға тот-моңғол тілінде (қалмақ тілінде) жазған хаты болып табылады (2 суретке қараңыз). Хаттың мазмұны мынадай:

 "Бұрыттар мен Ердени бірлесіп біздің Ұлы жүзімізді шапқан еді, сол себептен былтыр біз де жорық жасап, бұрыттарды бағындырдық;—  Бұхара, Самарқан және сол маңдағы халықтардың барлығы бізбен тату-тәтті қарым-қатынаста, тек батысымызда тұратын Ердени жұртымызға тыныштық бермей, жиі шабуылдап келеді;  Әлгілер ылғи да қамалдың ішінде тығылып алып, шайқасқа шықпайды. Қамалдарын қиратайық десек, зеңбірегіміз жоқ. Осы себептен біз Ұлы Ежен Боғда ханнан зеңбірек және әскери күш сұраймыз".

Абылай ханның Цин патшасы Цянь Лунға жазған Үшінші хаты.  Бұл хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы бізге жеткен (3-нші суретке қараңыз). 1771 жылы жазылған бұл хаттың мазмұны мынадай:

—"Торғауыт... тұтқындардың айтуларына қарағанда, ноян Дата Алақ-ұла, Құлжа және Хайнұқсынды жерлердегі  улеттерді бастап бұрыттарға барып қосылмақ екен. —Торғауыттар Алақ-ұладан кеткен шақта, сендердің 500 адамдарыңды өлтіріп кеткен еді, енді міне, олар қайтып келіп маған жорық жасауда. Сендер осыларды өздерің бағындырып алсаңдар.

—[Торғауыттар] Алақ-ұлаға бара қалған күнде, онсыз да мүшкіл халдегі ел-жұрт қайғылы жағдайға душар болуы ықтимал ‒ бұрын Күнқожы мен Айқожа [кезінде] дәл солай болған: олар Яркентке кіргенде, жағдай шиеленіп, тек апат туындатқан".

Мұнда Абылай хан өз кезінде Тарбағатай мен Жетісу жерінен айдалған Датаның қайтадан Тарбағатай өңірі мен Жетісу жеріне барып, ондағы қазақ жұртымен жауласып жатқан бұрыттармен (қырғыздармен) бірлесіп қазақтарға қарсы шығуына жол берілмейтідігін айтқан. Сонымен бірге Абылай ханның мұнда әлгі Дата есімді қалмақтың өз кезінде Цин армиясын қырғандығын мәнжу-қытайлардың естеріне салып, Цин патшалығының күші арқылы аталмыш қалмақтарды жоюды немесе Қазақ жерінен аластатуды көздеп тұрғандығы анық байқалады.

Дайындаған - журналист  Бердібек Хабай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264