Дәурен Қуат. Сырмақ – ысырмақ (әзіл-шыны аралас)
Текелі қаласында (Алматы облысы) тұратын Зада Жұманқызы мен Жазира Құрманғазықызы өткен қыстан бері тыным көрмей ені 73 метр болатын текемет-сырмақ басыпты. Шеберлердің айтуына қарағанда, әлгі сырмаққа бір отар қойдың (кемі 200-300 болуы мүмкін) жүні кетіпті. Бұдан өзге сырмақтың бояуы, жібі деген бар, оның өзі қарайған ақша, киізді пісіру мен білектеу, шиге орап басу, тебіндеу, қарпу дейтін қан сорпаңды сығып шығаратын қиын жұмыс. Оған төзім керек. Атан жілікті азаматтың күшіндей күш керек. Қойшы, сонымен алтын саусақ апаларымыз сырмақты осы таяуда, жарты жылға жуық уақыттарын сарп етіп бітіреді. Бітірген соң анда-мұнда хабарласып сырмақты Елордамыздың тойына, Елбасымыздың туған күніне тарту етіп апармаққа әрекет етеді. Шеберлердің әңгімесі баспасөздерде жарияланып, жұрт құлақтанып қалғаннан кейін Текеліге теңкиген машина мінген ұлықтар ағылады. Алдымен облыс орталығындағы ақшаңқаң сарайдан ақтарыла шығып «нұротаншылдар» барады. Сырмақты көреді. Бас шайқайды. Бас бармақтарын қайқайтады. Тамсанады. Өз тілдерінде сөйлеп, көпірте мақтайды. «Ноу-хау» дейді. «Осындай сырмақтың дүниеге келуі Елбасымыздың арқасы» дейді. «Еліміздегі 140 ұлт өкілдерінің бірі қазақ дейтін халықтың ісмерлігінде шек жоқ қой» дейді. «Нұр Отан партиясы халықтық демократиялық партия, халықтық партия болғандықтан біз парламентті, үкіметті алып отырмыз» дейді.
Текелі қаласында (Алматы облысы) тұратын Зада Жұманқызы мен Жазира Құрманғазықызы өткен қыстан бері тыным көрмей ені 73 метр болатын текемет-сырмақ басыпты. Шеберлердің айтуына қарағанда, әлгі сырмаққа бір отар қойдың (кемі 200-300 болуы мүмкін) жүні кетіпті. Бұдан өзге сырмақтың бояуы, жібі деген бар, оның өзі қарайған ақша, киізді пісіру мен білектеу, шиге орап басу, тебіндеу, қарпу дейтін қан сорпаңды сығып шығаратын қиын жұмыс. Оған төзім керек. Атан жілікті азаматтың күшіндей күш керек. Қойшы, сонымен алтын саусақ апаларымыз сырмақты осы таяуда, жарты жылға жуық уақыттарын сарп етіп бітіреді. Бітірген соң анда-мұнда хабарласып сырмақты Елордамыздың тойына, Елбасымыздың туған күніне тарту етіп апармаққа әрекет етеді. Шеберлердің әңгімесі баспасөздерде жарияланып, жұрт құлақтанып қалғаннан кейін Текеліге теңкиген машина мінген ұлықтар ағылады. Алдымен облыс орталығындағы ақшаңқаң сарайдан ақтарыла шығып «нұротаншылдар» барады. Сырмақты көреді. Бас шайқайды. Бас бармақтарын қайқайтады. Тамсанады. Өз тілдерінде сөйлеп, көпірте мақтайды. «Ноу-хау» дейді. «Осындай сырмақтың дүниеге келуі Елбасымыздың арқасы» дейді. «Еліміздегі 140 ұлт өкілдерінің бірі қазақ дейтін халықтың ісмерлігінде шек жоқ қой» дейді. «Нұр Отан партиясы халықтық демократиялық партия, халықтық партия болғандықтан біз парламентті, үкіметті алып отырмыз» дейді. Әрине, соның бәрі Елбасымыздың арқасында мүмкін болып жатқандығын тағы да қадап ескертіп қайқайып жолға түседі. Шеберлер аң-таң, түкке түсінбейді. Содан кейін «нұротаншылдардың» нұрлы жолымен мұртын сылап облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов келеді тау аңғарындағы Текелі қаласына. Секең де «сиқырлы» сырмақты көріп талып түспесе де таң қалады. Үлкен кісі. Облыс билігіндегі лауазымы жоғары, пәрмені қатты, елге есімі мәшһүр Мұқанов табылдырықтан аттағанда шеберлерде ес қалмайды: «А, Құдай берді, - дейді көңілдері қыс бойы оттан түспеген қара қазандай қайнап, - сырмағымыз Ақ Орданың алдына төселіп, Елбасымыз үстінен жүріп өтетін болды!»
Мұқанов сырмақты жаздырып көреді. Қалтасынан ұзындық өлшегіш құралын суырып алып сырмақтың 73 метр екендігіне көз жеткізеді. Елбасымыздың аяғы тиюі мүмкін сырмақтың бетін ерекше бір тебіренсіпен сыйпалап, екпеттеп ерінін тигізіп, құмбыл құбылып кетеді. Сосын шеберлердің қолынан шекелеп отырып шай ішеді. Сосын айтады:
- Сырмақ Астанаға барады!
Секең айтса, бітті әңгіме. Шеберлер алқалай жөнеледі:
- Ой, нұр жаусын сізге нұр жауғыр! Нұр кешіп жүріңіз қайда жүрсеңізде. Мынау бір Құдайдың керемет күні болды ғой. Рахмет!
- Бірақ, - дейді осы кезде Секең қабағын теріске салып:
- Астанаға сырмақ барғанымен сендер бармайсыңдар.
- Ойбай, ағасы, неге?
- Сол. Үкімет адамына артық сұрақ қоюға болмайды. Сол деген соң сол. Әңгіме осымен тәмам.
- пырай-ә, - деседі шеберлер облыс әкімі аттанып кеткен соң, - тым құрығанда сырмағымыздың жайылғанын, төселгенін көрсек болатын еді. Бізге артық ештеңенің керегі жоқ еді ғой. Осылай деп бақадай шулап жүрген баспасөз өкілдерінің біріне мінәйі тілектерін айтады. Айтқан сөздері Masa.kz дейтін мазасыз сайтқа шығып та кетеді. Содан ертеңінде шеберлердің үйіне салып ұрып Текелі қаласының әкімі кіріп келеді. Бұл кісі сөзді ұзаққа созбайтын, ұрымтал тұстан ғана соғатын, қажет деп тапса, мәселені қабырғасынан қойып жіберетін істің адамы болса керек. Келген бетте:
- Сырмақ та, сендер де Астанаға бармайсыңдар. Елбасымыз тамыз айының тамылжыған бір тамаша күнінде Талдықорғанда болады, сол кезде табыс етеміз, - дейді.
Міне, осы әңгіме. Бірақ бұған өкінудің, опынудың, ренжудің тағы да басқа көңіл-күйдің ауанына берілудің керегі жоқ. «Өркениетті елде болса, бүйтер еді», «адамын құрметтейтін, шеберін әспеттейтін қоғам болса, сөйтер еді» деп таусылудың да қажеті шамалы. Өйткені ұлы әжелерімізден бүгінге жеткен, қолөнердің киесі қонған қарала сырмақтың даңқы ел аралап кетті.
Abai.kz