Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қарабақ соғысы: 2850 2 пікір 20 Қыркүйек, 2023 сағат 14:45

Капитуляция: Армяндар жеңілді. Әзербайжан жеңді!

Түркі әлеміндегі «тыныш жатқан жыланның» бірі – Таулы Қарабақ. 19-шы қыркүйекте Әзебайжан үй ішінен үй тіккен «Арцах мойындалмаған мемлекеті» аумағында өзінің антитерролық операциясын бастағанын кеше жаздық.

Бұған дейін Арцах десе жанын берген Армения бұл жолы үнсіз қалды десек те, осы елдің әсіреұлтшыл топтары ұйымдастырған шерулер бүкіл Арманияны жайлап, жиналған жұрт түні бойы «Пашинян доғарғысқа кет» деп айқайлап, қол жиып, Әзербайжан жеріндегі жікшіл армян дисапорасына көмектесуге шақырды.

Әзербайжанның осы антитерролық операциясын бастауына екі жағдай түрткі болды: Біріншісі: Қарабақ сепаратистерінің 9 қыркүйектегі заңсыз сайлау өткізуі; Екіншісі: Күні кеше Әзербайжанның Хожабенд аймағында болған жарылыстан бейбіт тұрғындардың қаза табуы. Шыдамның да шегі бар деген, Әзебайжан жағы Таулы Қарабақ тұрғындарындарына үнемі экономикалық жеңілдіктер жасап, бұрынғы дүрдіраздықтың бәрін естен біржола шығарып, тек бір мемлекет аясында тату-тәтті өмір сүруге шақырумен келеді. Осы аймақтағы қарулы топ Әзебайжанның бұл ұсынысын үнемі аяқ асты етіп, БҰҰ жарғысы мен құқықтарына әм принциптеріне бір түкіріп, ойларына келгенін істеуден жалыққан емес.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты отырысы 21 қыркүйекке жоспарланып отыр. Армян диаспорасының қысымымен Франция Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл шақыруды талап етті. Осы ұлт өкілдерінің мысы басым АҚШ-та осындай қадамға барды.

АҚШ мемлекет хатшысы Энтони Блинкен Бақыға Таулы Қарабақтағы әскери іс-қималды дереу тоқтауды талап етті. АҚШ ресми Арманияны қолдағаннан кейін, осыған арқаланған Никол Пашинян: «Әзербайжан жағы бастаған «антитеррористік операция» басты мақсаты Арменияны соғысқа тарту болып табылады», - деп мәлімдеме жасады.

Түнде Еревандағы Ресей елшілігін шеруге шығушылар қоршап алды. Ресей жағы дипломатиялық қарым-қатынастағы Вена конвенциясын сақтауға байланысты Арменияға нота жолдады. Осылайша Украина батпағында қайрандап қалған Ресейден қолдау күтушілердің жігері құм болды.

Ресми Бақы өздерінің Әзербайжан жерінде уақытша тұрақтаған Ресейдің бітімгерлерімен біресе қимылдап жатқандарын айтты. Ресейдің бітімгерлері 469 (оның ішінде 185 баланы) жергілікті тұрғынды басқа жерге қоныстандырып, медициналық көмек көрсетуде. Әзербайжан жағы Қарабақтағы Армения әскерилеріне тез арада қаруларын тастап, тұтқынға берілуге шақырғандарын мәлімдеді. Егер олар қаруын тастап берілер болса, «антитеррористік іс-шара» дереу тоқтайды деп мәселенің басын бірден ашып айтты.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Анар Эйвазов 19 күркейек күні кешке қарай Таулы Қарабақтағы армян күштерінің 60-тан аса әкери позициясы өз қолдарына өтіп, 20 әскери машин, 40 артиллериялық қондырғы, 30 миномет, екі зениттік-зымырандық кешен,  алты радиоэлектронды әскери бекет, «Мортир» және басқада армян армиясына тиселі техниканы өз қарауына алғанындығын мәлімдеді.

Тек АҚШ пен Франция ғана жікшілдердің қолдаушысы болғаны еш таң қалдырмайды. Себебі бұл елдердегі армяндар майлы жіліктің басын ұстап отыр.

МАҢЫЗДЫ: Бүгін Қарабақтағы армян сепаратистері жеңілгенін мойындап, қару-жарақ, техникаларын Әзербайжанға тапсыратынын мәлімдеді. Яғни, капитуляция жасады. Сонымен соғыс аяқталды. Жеңімпаз - Әзербайжан!

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602