Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3509 6 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 15:03

Бір өңірдің екі әкімі неге екі түрлі?

Жалпы, әкімдердің барлығына да қара бояу жаға беруге болмас. Ішінде бірен-саран болса да, халықтың қамын ойлайтын парасаттылары да кездесіп қалады.

Оларды әрине, салыстыру арқылы жақсы білесіз. Мәселен, біздің Қостанайдың төл баласы – Ғауез Нұрмұханбетов Солтүстік Қазақстан облысына әкім болып барған бойда оны сондағы қазақтардың саны 35 пайызға да жетпейтіндігі қатты алаңдатады екен. Оңтүстік пен Батыс өңірлерінен қазақтарды осында көшіру мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, қатты қадағалайтындығын айтыпты.

Ғауез Торсанұлының ойынша, оларға қандастар қосылса, осы өңірдегі қазақтардың үлес салмағы басым болатындығына сенім білдірген.

«Әсіресе, мұндағы әлі өзінің лайықты орнын таба алмай жүрген ана тіліміздің мерейі өсіп қалар еді», - дейді әкім. Енді мұндай әкімге қалай риза болмассың?..

Ал екінші бір ірі басшы – Қостанайдың дәл осындай төл баласы, осында аудан әкімі қызметін істеп, кейін «Нұр Отанды» басқарып, онан соң Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып, сосын Солтүстік Қазақстан облысына әкімдікке барып, мықтап орнығып, ақыры туған жеріне әкім болып қайта оралған – Құмар Ақсақаловтың аузынан мұндай сөзді естіген емеспін.

Ал мұнда да жағдайдың оңып тұрғаны шамалы. Қостанайға қалың қазақ шоғырланған қасиетті Торғайды қосқанның өзінде, мұндағы қазақтарңың үлес салмағы 40 пайыздан аспайды. Алайда бұл мәселеге Ғауез Нұрмұханбетов секілді ерекше көңіл бөліп, жанашырлық танытып жатқан Ақсақаловты көрмедік.

Сірә, қазақтарды молайту мен ана тіліміздің мәселесі баяғыда әрі түпкілікті шешіліп қойылған секілді. Тек қана формальды түрде ғана жұмыс істейтін, әкімнің айтқанынан шыға алмай, соны аузына қарап отырған аты дардай облыстық қоғамдық кеңес дегенді де онша толғандырмайтын тәрізді. Олардың бұл мәселені талқылағандығын да әзірге ести қойған жоқпыз. Ешкімге айтпай, астыртын талқылап жатпаса...

Мінекей, республика көлемінде аты белгілі болып қалған Қостанайдың қос перзентінің бүгінгі бет-бейнесі осындай. Бірі - барған бойда халқымыздың осал тұстарын дәл басып, қордаланған проблемаларды шешуге белсене кіріссе, екіншісі Солтүстік облыстарға қандастарымызды қайтсек көбірек орналастырамыз деп, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген, өзі оңтүстік өңірден көш бастап барған Бурахан Дақанов деген ұлтжанды азаматты қабылдауға да аз ғана уақыт таппаған.

Ал екіншісі жұмысына кіріскен бойда Бураханды алдымен қабылдайтындығын айтып уәде берді. Ғажап дүние. Осы екі әкім де бір өңірдің тумасы. Ал айырмашылығы жер мен көктей. Қалғанын өздеріңіз таразылай жатарсыздар.

Жайберген Болатов

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625