11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі әлем. Ол қайда бет алып барады? /Интернет-конференция/
Кеше ғана көгілдір экрандарынан күллі адамзат Нью-Йорктағы лаңкестік оқиғаларды жағасын ұстап, түршіге көріп отырған сияқты еді. Бүгін американдық өмір сүру символына айналған Дүниежүзілік сауда үйінің қос ғимараты 8 секундта құлаған сәттен бастап, аттай 8 жыл өткен екен.
Аталған уақыт ішінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікті сақтау стратегиясы өзгеріске ұшырап, Американың өзі әлемдік лаңкестікпен күресу құқығына ие болып шыға келді. Сегіз жылдың ішінде дүниежүзілік саясатта бірқатар елеулі оқиғалар орын алып, ғалам түбегейлі өзгеріске ұшырады.
Осы орайда Abai.kz порталы «11 қыркүйек оқиғасынан кейін не өзгерді, әлемнің ендігі беталысы қандай?» - деген сұраққа жауап іздеп, елімізге белгілі саяси сарапшыларды әңгімеге тартқан еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат спикері:
Кеше ғана көгілдір экрандарынан күллі адамзат Нью-Йорктағы лаңкестік оқиғаларды жағасын ұстап, түршіге көріп отырған сияқты еді. Бүгін американдық өмір сүру символына айналған Дүниежүзілік сауда үйінің қос ғимараты 8 секундта құлаған сәттен бастап, аттай 8 жыл өткен екен.
Аталған уақыт ішінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікті сақтау стратегиясы өзгеріске ұшырап, Американың өзі әлемдік лаңкестікпен күресу құқығына ие болып шыға келді. Сегіз жылдың ішінде дүниежүзілік саясатта бірқатар елеулі оқиғалар орын алып, ғалам түбегейлі өзгеріске ұшырады.
Осы орайда Abai.kz порталы «11 қыркүйек оқиғасынан кейін не өзгерді, әлемнің ендігі беталысы қандай?» - деген сұраққа жауап іздеп, елімізге белгілі саяси сарапшыларды әңгімеге тартқан еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат спикері:
... Ал, М.Олбрайтқа келсек,оны көптеген сыртқы саясатта жіберген салмақты кемшіліктері үшін орынды кінәлайды.Америка әкімшілігі 90-шы жылдардың ортасында талибтерді Иранға қарсы пайдаланамыз деп, оның желіктіруімен бекер ұрынып қалды.Әлемнің көптеген елдерінің дипломаттары оның БҰҮ-дағы қысым көрсету қылықтарын әлі күнге ашық қынжылыспен еске алады.Халықаралық сарапшылар оның Таяу Шығысқа жасаған сапарынада өзін лайықты ұстамауы араб елінде Америкаға қарсы көңіл-күйдің өршіп кетуіне себеп болды деп есептейді.
М.Олбрайттың менмендігі дипломаттардың да, саяси шолулшылардың да шыңына әбден жетті.Ол өзінің жарқыраған алқаларын көптеген шетелдік сапарлар мен Вашингтонда шетелдік қонақтарды қабылдауларда жиі ауыстырып тағудан қымсынбайды. Кәдімгі әйелдердің сәндік бұйымын ол сөйтіп саяси рәмізге айналдырып алды. Мәселен, оның көгершін кейіптес алқасы қандайда болмасын маңызды проблемалар жөніндегі келісімге жетуге ынталылығын аңғартса, қарақұрт кейіптес алқаның әсері керісінше болмақ. Жан-жануарларды бейнелейтін мұндай алқалар М.Олбрайтта жеткілікті.
Ол өзі жасынан мүлдем сәйкес келмейтін шолақ көйлектерімен Азия билеушілерінің қытығына әбден тиетін. Ал, Таяу Шығыс елдеріндегі келіссөздер кезінде ол, әдетте, креслоға батыңқырап, аяқтарын бірінің үстіне бірін қойып, нығыздалып отыратын. Көрнекті араб дипломаттарының бірі М.Олбрайттың қылығына қарап тұрып маған: «Бұл әйел біздің салт-дәстүрімізді келемеждеп жүр. Мұның аяғы жаман болады. Әсіресе, американдықтар үшін» дегені бар.
Нью-Йоркте болған сұмдық қасіретті теледидардан көріп отырып , мен неге екенін қайдам осы сөздерді есіме алдым.
Әрине, мен халықараық террошылардың әрекетінің негізінде жекелеген Америка өкілдеріне деген өшпенділік жатыр деген пікірден аулақпын.Террозим тамыры бұдан тереңіректе жатыр. Қазіргі замандағы антиамериканизмнің себептері жалпы терең зерделеуді қажет етеді.
(«Беласу». «Дипломатиядағы ірі тұлғалар» тарауынан. 143-144 беттер»)
Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
- Адамзат баласы технологиялық тұрғыда болсын, басқалай аспектілерден алғанда қаншалықты дамыса да, оның лаңкестікке қарсы қояр түгі болмай отыр. Мысалы, Сомалидің сіңірі шыққан қарақшылары заманауи жарақталған кемелерді басып алып, әр адамның басына пәленбай миллиондап пұл сұрауда. Олардың астында - моторлы қайық, басып алған кемелері жерсерікпен байланысы, жалын атқан қаруы бар. Мұның өзі әлемнің қауқарсыздығын көрсетеді. Әр мемлекет өз алдына дамып кете алмайды. Адамдар да солай емес пе? Мысалы, сіз байып кетсеңіз, басқа адам көре алмайды, сізге қарсы қылмыс жасайды. Мемлекеттер арасындағы қатынас та осылай түзіледі.
Жалпы, 2001 жылдың 11-қыркүйегінен бастап лаңкестікпен күрес мәселесі АҚШ-тың ұлттық идеясына айналды десек те болады. Сенатор да осыны айтты, Бронкстің қара зәңгісі де осыны айтты. Бұған дейін ол елде халықты біріктіретіндей, бір арнаға жұмылдыратын идея болған жоқ. Апатты жағдай орын алғанға дейін Америка жұртшылығы өз алдарына алаңсыз тіршілік етіп жатқан-тын, осы қайғылы оқиғадан кейін халықтың бірігуі басталды. Себебі, біз білеміз, мұндай бас біріктіру әрекеті қандай да бір жауға қарсы тұру мақсатынан туындайды.
Бірақ, менің басыма бір жаман ой келеді - міндетті түрде осындай қиын-қыстау кезеңде бас біріктіру керек пе, ұлттық идея туу үшін адам шығыны, ауыр күйзеліс болу керек пе? Бүгін болмаса да, әр елді ұлт элиталары билейтін шақ болады. Қазір көптеген елдерде халық басшыға наразы. «Лаңкестерден қорғай алмайсың» дейді. Осы ұлттық элита бір-бірімен байланысқа шығып, билік басына келгенде ғана әлем бұрынғы соқпағына қайта түсіеді.
Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
11 қыркүйек оқиғасынан кейін де дүниежүзілік лаңкестік тиылар емес. Фундаменталистік ислам деп аталатын топтар ауық-ауық Орта Азияға кіріп жатыр. Екінші жағынан, Ресей бірте-бірте оқшауланып барады. Дағдарыстан кейін қанша түзелем десе де, өзінің империялық саясатынан айнымай, көрші елдерге тізесін батырып келеді. АҚШ болса бірполярлы жүйеде ықпал етуші ел. Еуропа өз мінезін танытай алмай отыр. Дағдарыстан қиналмай шығуына байланысты, Қытайдың саяси позициясы біршама көтерілді.
Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
Біріншіден, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғалардан бері 8 жыл өтсе де еш айқындылық жоқ, жарылыстың астарында не гәп бар, жарылыс не үшін жасалды деген сауалдар көп ретте жауапсыз қалып келеді. Шынымен де, оны ұйымдастырған Бен Ладен бастаған «Әл-Қайда» ма, оның осындай үлкен шараға потенциалы жететін бе еді, сол потенциалы рас болса, одан бері неге сондай терактілер болмады деген сауалдар ойға орала береді. Тек бізде ғана емес, АҚШ-та, Еуропада көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар осы оқиғаның АҚШ билігі ұсынған нұсқасына күмән келтіре бастады. Мысалға, 2001 жылы жазда АҚШ-тың қор биржасында күрт төмендеулер басталды, ал әлгі «қос егіздің» құлауынан кейін деміге бастаған экономика қайта серпілді. Бұл да күдік келтіреді. Енді салдарларына келсек, әлем өзгерді, халықаралық байланыстар түгелімен өзгеріске ұшырады. Бұған дейін БҰҰ-ның негізгі қағидаты «мемлекет территориясына қол сұғуға болмайды» деген болса, осы қағидат бұзылды. Алдымен АҚШ ауған жеріне басып кірді, Ирақты бомбылады. Ресей мен Грузия шекісті. Мұның бәрі - сол 2001 жылғы оқиғаның жаңғырықтары. Ал қалпынан шыққан қатынастарды қайта түзу үшін Ресей ұрдажық саясатынан бас тарту керек, БҰҰ-ның бұрынғы мәртебесін қалпына келтіру керек.
Алексей ВЛАСОВ, саясаттанушы, М.Ломоносов атындағы ММУ-нің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас директоры (Ресей):
11 қыркүйек оқиғасы» әлі күнге дейін жүйелі бағасын алмай келеді. Мұның бір себебі, осыдан сегіз жыл бұрынғы оқиғаның контурлары анық сызылмады, ақтаңдақтар көп. Әлі күнге дейін бұл оқиғаның геосаяси салдарларын дұрыстап анықтай алмай келеміз. Себебі, ғаламдық сұмырай - лаңкестікке қарсы барлық прогресшіл күштердің бірігуінен болған эйфория ләззаты біртіндеп тарқап, «біздерден, қаймана халықтан бір нәрсені бүгіп қалды-ау, оқиғаның шынайы келбеті қанша жылдан бері халықаралық БАҚ суреттеген жағдайдан алшақ болды-ау» деген сезіммен алмасты.
Өз басым 11 қыркүйектен кейін әлем құрылымдық тұрғыда өзгерген жоқ деген ресейлік тарихшы Леонид Баткиннің пікірімен келісемін. Дұрысы, біз жаһандану мен біртектілікті сақтаудың, «архаика» мен модернизацияның арасындағы кезекті кикілжіннің куәгері болдық. Бұл кикілжің 11 қыркүйек оқиғасына дейін де болды, қазір де жалғасып келе жатыр. Осы тұрғыдан алғанда «Әл Қайда», Бен Ладен және басқа да медиялық маркерлердің көтеріп тұрған салмағы аз. Бұның бәрі - 11 қыркүйектен кейін заманауи әлемнің бір бөлігіне айналған виртуальды қарсыластың кодтық атаулары ғана.
Бірақ, Усама бен Ладен өмірде бар ма, әлде ол жай ғана фантом (елес) ба, оның қазір соншалық маңызы жоқ. Әлем күрделі геосаяси конструкттарға маталып қалды және мұны қандай күш қиып түсетіндігі тағы белгісіз. Бір анығы, бұрынғы қарулы орталықтар енді өз күштерін тікелей жүргізе алмайды, ал «зұлымдық күші» түрлі атаулармен жаһанды шарлап кетті және бұл үрдістің әзірге тоқтайтын да, бітетін де шегі көрінбейді.
Шәріпбек ӘМІРБЕК, саясаттанушы:
2001 жылғы 11 қыркүйек бізге бір ақиқатты жалаңаштап берді. Ол - қандай күшті, экономикасы мығым, қаруы сақадай-сай ел болсын, террорлық актілерден алдын-ала сақтана алмайтынын көрсетті. Бұрын қандай да бір мемлекеттер, елдер арасында соғыс өрті тұтанатын болса, қазір нақ осындай терактілер арқылы геосаяси ахуалды тұрақсыздандыруға болатынына көзіміз жетті. Осыдан соң, саяси жанжалдарды терактілер арқылы шешу, террорлық ұйымдардың күшіне жүгіну сияқты үрдіс белең ала бастады. Бұл жерде әр елдердегі радикал топтардың террорлық ұйымдарға айналмауын жіті бақылау қажет. Көптеген елдердің қорғаныс концепциясы өзгерді. Әсіресе, 11 қыркүйектен кейінгі кезеңде «жасырын дипломатия» бірінші кезекке шығатын сияқты. Себебі, өз басым АҚШ-та осындай деңгейде ірі терактінің болуына бірнеше елдер ақпараттық, қаржылық түрде қолдау көрсетті деп есептеймін. «Мұндай геосаяси тығырық неден пайда болды, оны қалай шешеміз?» деген сауалға келгенде айтарым, өркениеттер қақтығысы - жаны бар концепция. Ал ғаламданудың күрт күшеюіне байланысты ұғымдық, тілдік, діндік тұрғыда айырмашылықтары көп өркениеттер арасында текетірес туындайды, жанжал шығады. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы - өркениетаралық диалог құруға барынша сеп болу, мәміле алаңдарын жасау болса керек.
Абай-ақпарат