Мұрат Әбенов. e-learning - «Е» бар, «ОҚЫТУ» жоқ
Өткен аптадағы ОҚО мен Қызылордаға «e-learning» электронды оқыту жүйесіндегі ахуалмен танысатын комиссияны бастап барғанмын. Байқағанымыз, бұл жобада әу бастан көптеген қателіктер жіберілген. Жобаның ең басты мақсаты - ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесін дамытып, қала мектептерімен бірдей деңгейге шығару болатын. Бірақ бәрікерісінше болып шықты.
Біріншіден, «Е-learning» ең алдымен интернет жылдамдығы жақсы, техникалық-материалдық базасы мығым мектептерге жүргізілді. Ал ондай мекемелердің көпшілігі қалалық жерде орналасқан. Іріктеп алынған мектептерге электронды оқыту жүйесін енгізіп болып, биыл ауыл мектептерін де қосқан кезде, қиындыққа тап болдық. Өйткені ұстаздар онсыз да жылдамдығы төмен интернетімен жүктемесі ауыр жүйеге кіре алмай, сағаттап күтуге мәжбүр. Соның кесірінен мұғалімдер ертеңгі сабаққа дайындалудың орнына, компьютердің алдында уақытын өткізеді.

Екіншіден, жүйенің көп функциялары іске қосылмай, тек баға қою, журнал толтыру секілді қызметтері ғана жұмыс жасап тұр. Демек, мұғалімдердің оқушылармен тиімді жұмыс жасауын емес, тек қана жұмыс орнында бар-жоғын, баға қоюдын, сабақтын тақырыбын толтыруын тексеретін бақылаушының жұмысын атқаруда. Жүйені оқытуға пайдалану жайына қалады. Ата-ана мен ұстаздың арасындағы байланыс, қоғамның бақылауы секілді өз қызметін толық жасай алмай отыр. Оның үстіне жүйе түгелдей қазақ тіліне аударылмаған. Сол себептен ұстаздардың IT білімі төмен, сол себептен пайдалана алмайды деп айыптаудың негізі жоқ. Керісінше айтар едім - қызығушылық өте жоғары, әсіресе ауылдағы педагогтарда. Көштен қалмайық деп "кредитке" арзаны болсада наутбук алып, е-learning жүйесі қашан қосылар екен деп дайындалғандар көп. Түркістанда зейнеткер жасына жақындаған апай ренжігені есімде: " түк қиыны жоқ, үйреніп алдым бірақ не пайда, кешке дейін мектепте, түнге дейін үйде балармен таласып компьютердін алдында, қашан портал ашылады деп күтіп отырамыз...".
Тағы бір мәселе - e-learning-ті енгізгенімізге үш жыл өтті, әлі айтарлықтай нәтижесі көзге көрінбейді. Ал техникалық жабдықтардың мерзімі төрт-ақ жыл (гарантиясы одан да аз) , 1 жылдан кейін техника ескіріп, тізімнен шығарылуы бастайды... Қымбат "темір" алудан бастамау керек еді, бостан босқа тиімді пайдаланбай тұр.
Айта кетер жайт, электронды оқулық жүйелі жасалынбаған, қолдағы кітаптардың жай ғана көшірмесі мен суреттер ғана. Кезінде жобаға бөлінген қаржыны оқу сапасын арттыруға, оқулықты реттеуге емес, негізінен тек құрал-жабдықтарға ғана жұмсаған.
Жобадағы негізгі кемшіліктің бірі - барлық жұмысты атқаратын да, бақылайтын да "Ұлттық Ақпараттық технология" АҚ деген бір ғана мекеме. Барлық құзірет өз қолында болғандықтан, кейбір олқылықтарға көз жұма қарап отырады. Сондықтан дер кезінде қателіктерді қадағалау мүмкін болмай қалды.
Жұмыс тобы бұл мәселелерді сараптай отырып, келесі ұсыныстарды дайындап жатырмыз. Ең бірінші электронды оқытуды ауылдан бастап жүргізілу жоспарлануға тиіс. Ауылдағы мектептерде жүйені ретке келтіріп алған соң ғана, қалаға бағыт алған жөн. Әйтпесе арадағы алшақтық ұлғая бермек. Сонымен қатар бөлінетін қаржы көзін де техникаға емес, электронды оқулықтардың сапасын көтеруге жұмсап, мұғалімге қосымша ақпарат көзі мен көмекші болатындай жасалуы керек. Сатып алынатын техника өте қымбат, бағасын қайта қарау қажет. Біздің жергілікті компаниялар жасаған компьютерлік бағдарламаларды көріп - өзіміз жасаудың қаншалықты қажеті бар еді, дайын өнімдерді өзімізге ыңғайлаған дұрыс емес пе деген ой келеді. Келесі аптада е-learning тің жаңа тұжырымдамасын ұсынамыз.
P.S. Ойларыңыз, ұсыныстарыңыз болса қуана қабылдаймыз!
(Автордың фейсбуктегі парақшасынан алынды)
Abai.kz