Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2672 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 06:12

Алтай БАЙКАЛ. Суперұлтқа қазақ қалай айналмақ?

Қазақстан тәуелсiз ел болғалы қазақ халқының өткенi мен кеткенi, тапқаны мен жоғалтқаны түгел түгенделiп, оның тiлi мен дiлi, болашағы мен болмысы туралы сөздер аз-кем жазылып жатқан жоқ. Қатардағы қарапайым оқырман үшiн бәрi де дұрыс пайымды талқыланып жатқанға ұқсайды. Бiрақ, қазақстандық (бұқаралық ақпарат құралдарында) жарияланып жатқан пiкiрталастарды, мақалаларды  ұлттық деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде де  ой елегiнен өткiзiп, ғылыми сарапқа сала оқысаңыз яки тыңдасаңыз - сол қазақ халқының тағдырын сөз еткен зиялы қауымның ой-пiкiрлерi санаңызды сарсаңға салып, сан саққа жүгiрткендей күй кешеcіз. Олардың көбi қызбалық сезiмге (эмоцияға) беріліп, халық, ұлт, нация деген үш түрiлi түсiнiктi бiр-бiрiмен шатыстырып, жұртшылықты жаңылдыра беретінге ұқсайды. Нағыз ғылыми ұсыныстар кездеспейді. Әлі күнге дейін Қазақстанда нақтылы  ұлттық  идеяның қалыптаспай  жатқандығы  да  осының   салдарынан ба, деп те ойлайсың.

Сондықтан да, бiз, ең әуелi, халық, ұлт, нация деген күрделi ұғымдардың ара-жігін  ажыратып  беретін әрқилы ғылыми анықтамаларды өзімізше жүйелеп, қазіргі қазақи нақтылыққа жақындатып талқылауды жөн көрдік. Егер орыс тіліне жүгінсек, халық - народ (саны аз халық - народность), ұлт - национальность, нация - нация (нация - қазақшасы жоқ халықаралық, ғылыми термин).

Қазақстан тәуелсiз ел болғалы қазақ халқының өткенi мен кеткенi, тапқаны мен жоғалтқаны түгел түгенделiп, оның тiлi мен дiлi, болашағы мен болмысы туралы сөздер аз-кем жазылып жатқан жоқ. Қатардағы қарапайым оқырман үшiн бәрi де дұрыс пайымды талқыланып жатқанға ұқсайды. Бiрақ, қазақстандық (бұқаралық ақпарат құралдарында) жарияланып жатқан пiкiрталастарды, мақалаларды  ұлттық деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде де  ой елегiнен өткiзiп, ғылыми сарапқа сала оқысаңыз яки тыңдасаңыз - сол қазақ халқының тағдырын сөз еткен зиялы қауымның ой-пiкiрлерi санаңызды сарсаңға салып, сан саққа жүгiрткендей күй кешеcіз. Олардың көбi қызбалық сезiмге (эмоцияға) беріліп, халық, ұлт, нация деген үш түрiлi түсiнiктi бiр-бiрiмен шатыстырып, жұртшылықты жаңылдыра беретінге ұқсайды. Нағыз ғылыми ұсыныстар кездеспейді. Әлі күнге дейін Қазақстанда нақтылы  ұлттық  идеяның қалыптаспай  жатқандығы  да  осының   салдарынан ба, деп те ойлайсың.

Сондықтан да, бiз, ең әуелi, халық, ұлт, нация деген күрделi ұғымдардың ара-жігін  ажыратып  беретін әрқилы ғылыми анықтамаларды өзімізше жүйелеп, қазіргі қазақи нақтылыққа жақындатып талқылауды жөн көрдік. Егер орыс тіліне жүгінсек, халық - народ (саны аз халық - народность), ұлт - национальность, нация - нация (нация - қазақшасы жоқ халықаралық, ғылыми термин).

Халық - тайпалық одақтастықтан  пайда болған бірыңғай этностық топ, немесе адамзаттық қауым. Жалпы, адамзат тарихында халықтардың көбі қоғамның феодализм  дәуіріндегі ру-тайпалардың одағынан пайда болып қалыптасты. Бірақ,  кез-келген халық әртүрілі ру-тайпалардың қауымдасуынан кездейсоқ  пайда бола салған жоқ. Халық - халық ретінде қалыптасу барысында объективті және субъективті прогресс пен процесстерді (үдеріс пен үрдістерді) басынан кешті. Әулеттер топтасып рулар құрды. Рулар бірлесіп тайпалар құрылды. Ал, тайпалардың одақтасуынан халықтардың пайда болуына алғышарттар жасалды. Біздің пікірімізше, руларды, тайпаларды еріксіз біріктірген ең басты объективті фактор генетикалық байланыстар болды. Және де, геосаяси мүдделер мен  біріне бірін тәуелділікке түсірген экономикалық мұқтаждықтар секілді объективті факторлар да сол тайпаларды өзара араласуға  мәжбүр етті.

Ал, келешек ұрпақтарының тағдырын ойлаған әулет ақсақалдары, рубасылары, тайпалардың көсемдері мен қолбасшылары халықтың пайда боп қалыптасуында субъективті рөлдер атқарды.

Тіпті кейбір тарихи ірі тұлғалар өздерінің саяси және әскери іс-әрекеттерімен жер жүзінде адамзат ұрпақтарының тілі мен діліне, діні мен мәдениетіне, кәсібі мен шаруашылығына сәйкес жеке-жеке қоғамдық қауымдар құрып, әртүрілі халықтардың пайда боп қалыптасуына тікелей түрткі болды. Мысал, үшін Шыңғысханның Еуразия кеңістігіндегі саяси және тарихи рөлін айтуға болады. Қазақ халқы да Шыңғыс қағанатының ыдырауынан кейінгі дәуірде түркі және мұңғыл тайпаларының бірігуінен пайда болып қалыптасты.

Генетикалық байланыстар - рулар мен тайпалардың бір-бірімен ұдайы құдандалық қарым-қатынастарда болып қан жаңартып, ұрпақ жаңғыртып  өсіп-өну процессінің жемісі. Халық қалыптасуының алғашқы кезеңінде, біріншіден, осы генетикалық байланыстар тамыр жайып тереңдеген сайын, сол халыққа тән антропологиялық тип жасалды; екіншіден, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар кеңейген сайын сөйлесудегі тайпалық диалектлер біртіндеп жойылып, сол халықтың біртұтас ұлттық тілі қалыптаса бастады. Осылайша, кез-келген халық өзінің халық ретінде қалыптасу кезеңінде өз тілін өзі жасап, осы тума тілімен ғана ұлттық сипатқа ие болды. Сондықтан, ұлт деген түсінікті белгілі бір тіл ғана айқындап береді. Тілін ұмытқан халықтың өкілдері ұлттық сипатынан айрылады. Осы айтылған сөздерімізге мысал ретінде қазіргі Ресей Федерациясының құрамында тіршілік етіп жатқан тувалықтарды (тываларды) айтуға болады. Тува халқы Жоңғар мемлекеті күйрегеннен кейін бас сауғалай тоз-тоз боп орман, тауларды кезіп кеткен түркі және мұңғыл ру-тайпаларының қалдықтарынан құралды. Қазіргі тува тілі - түркі (қазақ) және мұңғыл тілдерінің қойыртпағынан пайда болған тіл. Сол себептен де, тувалықтар өздерін түркітектеспіз дегенімен,  бірыңғай ұлт боп әлі қалыптаса алған жоқ.

Осы ұлт деген түсінікті одан ары тереңдете  түсу үшін тағы бір мысал келтірейік. Ресей құрамындағы бурят халқы Шыңғысхан заманында түркітектес, одан 18-інші ғасырға дейін түркіше-мұңғылша қос тілді боп келсе, одан кейінгі замандарда мұңғыл тілді халық боп қалыптасты. Ал осы заманғы капиталистік Ресей дәуірінде санының аздығынан буряттар біртіндеп орыс тілді жұртшылыққа айналып бара жатыр. Тілімен бірге мәдениеті мен дәстүрі де өшуде. Ақырында буряттар ана тілін мүлде ұмытып, ұлттық сипатын жоғалтады да, тек сыртқы «монголоид» кейіпімен әлі де біраз уақыт ұлт емес (қайталап айтам, ұлт емес) тек ғана халық ретінде бола алады. Осы себептен де, ЮНЕСКО 2005-жылы бурят тілін дүниежүзінде құрып бара жатқан тілдер қатарына ресми түрде енгізген болатын. Мұның бәрі объективті жағдайларда жүріліп жатыр.

Өкінішке орай, осындай тағдыры аянышты ұсақ ұлтар мен ұлыстар дүниежүзінде аз емес. Қазіргі жаһандану заманында меншікті мемлекеттілігі жоқ саны аз халықтар қай елде де ең әуелі  тілдік тұрғыдан ұлт ретінде құрып кетіп жатыр, немесе  құрып кету қауіпіне тақап тұр. Ана тілін ұмытып, ұлттық қасиетін жоғалтқаннан кейін ғана  халық  халық  ретінде біртіндеп жойылып, өзін бодан болдырған үлкен халыққа сіңіп кетеді. Ендеше, тіл - халықтың ұлттығын сипаттайтын ең негізгі қасиеті. Кез-келген адамның қандай ру-тайпаларға, қандай халыққа жататындығы оның генетикалық шығу тегіне байланысты болады да, ұлттық сипаты оның ана тілі ретінде сөйлеген тілімен анықталады. Бұған дүние жүзіне тарыдай шашылып өмір сүрген еврей халқы өкілдерінің тағдыры анық мысал бола алады. Қазіргі Израильден шет елдерде тұрып, өздерін еврейміз деп жүргендердің бәрі дерлік иврит тілін мүлде білмейді. Бірақ сол еврейміз дейтіндер қайда да, қашан да өздерінің генетикалық түп тамырынан нәр алып, өзгелерден ерекшеленіп оқшауланады. Олар әлемдегі саяси, әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделгіш келеді; бөтен ұлт тілдерін ана тілі ретінде қабылдап, жетік меңгереді; кез-келген қоғамда өзара үйлесімді орта жасап, өнімді еңбек істеп, жап-жаксы тіршілік құра біледі. Ұрпақтарын да солай тәрбиелейді. Еврейлер сөйтіп ұлттылығын жоғалтса да, генетикалық байланыстарын үзбей дүниенің түпкір-түпкірінде халықтығын сақтап қалып отыр. Олардың ұлылығы осында. Сол секілді орыс тілді жұртшылық боп кеткен қазақтар да қазақ халқының генетикалық өкілі болса да, қазақ тілін білмейтіндіктен, қазақ ұлтының өкіліне жатпайды. Қазақ тілін білмейтін қандастарымыз ұлттық тұрғыдан емес, тек этностық тұрғыдан ғана қазақ болып қала алады.

Ендеше, ұлт деп халық өкілдерінің басым көпшілігі өзінің ана тілінде жетік немесе қанағаттандырарлық деңгейде сөйлей білетін біртұтас халықты айтамыз. Тілінің тұтастығы ғана халыққа ұлттық сипат беріп, сол халықтың өзі жасаған рухани, мәдени және материалдық құндылықтарын келешек ұрпақтарына жеткізіп, ары қарай дамуына мүмкіндік береді. Жалпы, халық «бір этнос - бір тәуелсіз ел» принципі бойынша ғана біртұтас ұлт боп тез  қалыптаса алады. ХVIII-інші ғасырда басталған Патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен XX-ыншы ғасырда жеңген Қазан революциясы, осы «бір этнос - бір ел» принципі бойынша XV-інші ғасырдың  екінші жартысынан бастап өзінше жеке-дара халық та ұлт та болып  қалыптаса алған қазақ қауымының біртұтастығын бұзып, оның ұлттық дамысын  бірнеше ғасырға кейін шегіндіріп тастады. Соның салдарынан қазақ халқы күні бүгінге шейін толыққанды ұлт боп қайтадан қалыптаса  алмай келеді. 

Халық тағдыры оның тума тіліне ғана тәуелді. Өз тілін ұмытып мәңгүрттікке ұрынған халықты   үстемдігі күшті басқа бір үлкен халық өзінің қалпына оңай түсіріп, діні мен діліне сіңіріп, теңізде жүзген майда  шабақтарды жұтқан жайындай жалмай салады. Осындай қасіреттен қазақ халқын тәуелсіздік ғана құтқарып қалды.

Құдайға шүкір, әлемдегі қандастарымыздың басым көпшілігі ана тілімізде еркін, немесе қанағаттандырарлық деңгейде сөйлейді. Десек те, тағдыр тәлкегіне көп түскен тіліміз алдында  бәріміз де жауаптымыз. Ұлттық қасиеттеріміздің қайнар көзі - осы қазақ тілінде сайрай сөйлеп, оны  көзіміздің қарашығындай сақтай білу - бәрімізге ортақ парыз. Тілімен ғана қазақ халқы өзгелерден өзгеше ұлт боп сақтала алады. Саяси тәуелсіздікке қолын жеткізген халқымызға ендігі жетіспей тұрғаны тек қайран тіліміздің тәуелсіздігі ғана. Біле білсек, қазақ тілі - бізге жоғарыдағы Аллаһ-тағаладан берілген  киелі тіл. Тілімізді білмейтін қандастарымыздың ұлтымыздан басын ала қашатындығы да содан. Олар - қазақ тілінің киесі атып, күнәкар болған пенделер. Осы күнәкар  қандастарымыз туған тілін білмейтіндігі үшін Тәңірі мен халқы алдында шын ниетімен тәубаға келіп, ұлтымызға бет бұрса ғана  тіл тәуелсіздігіне жол ашылады. Ол үшін Қазақстан жастарының болашақ өмірін тек қазақ тіліне тәуелді болдыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мемлекет тарапынан жасалуы шарт.

Енді ұлттан нацияға көшелік.

Нация дегеніміз ұлт деген түсініктен жоғары жатқан көпмәнді күрделі түсінік. Өйткені, нацияның мазмұны ұлттай емес «уақыт пен кеңістікте» өзгеріске жиі ұшырап отырады. Сондықтан да, осы ХХІ-ғасырға дейін нацияға әркім әртүрілі анықтама беріп келді. (Әсіресе, бұрынғы Кеңестер Одағында нация мен ұлт идеологиялық нысанамен әдейі бұрмаланып, бірмәнді түсініктемемен сипатталды).  Ал, біз болсақ, әлемдегі қазіргі нацияларды пайда болдырып, қалыптастырған экономикалық себептер мен жағдайларды сараптай отырып, «нация - индустриялық қоғамның заңды да шартты талаптарына жан-жақты жауап бере алған үлкен ұлттық қауым дамуының ең биік сатысы» - деген әмбебап анықтаманы өзімізше жобалап, сонымен қанағаттанғымыз келді. Бұл жерде оқырманның есіне   сала кететін маңызды бір ескерту - кез-келген халық біртұтас ұлт боп әбден қалыптаспайынша нацияға ешуақытта айнала алмайды. Бұл -өткен және қазіргі адамзат баласының басынан кешкен және кешіп жатқан өмір тәжірибесі (біздің ойдан шығарған ештеңеміз жоқ).

Жалпы, адамзат тарихында мемлекеттік басқару жүйесін барынша жетілдіре отырып, өз елдерінде саяси, ғылыми, мәдени және әлеуметтік мәселелерді дер кезінде тез де дұрыс шешіп, осы мәселелерден туындаған іс-шараларды сәтті  де табысты ұйымдатырып және де экономикасының өндіргіш күштерін  өз ұрпақтарының күш-жігерімен орнатып шыдаған ұлттар ғана нация болуға өмірден жолдама алды. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада өнеркәсіп революциясы басталғаннан кейін индустриялық қоғамның құрылысы мен әлемдік экономиканың негізін қалаушы ағылшын, неміс, француз, орыс сияқты ірі-ірі нациялардың қалыптасу процессі бір-бірімен қосарлана жүрілді. Бұл процесс бірнеше ғасырға созылып, ХХ-ғасырда Азия құрылығында да жапон, корей, қытай сияқты экономикасы қуатты ірі-ірі нациялар дүниеге келді. Қысқасын айтқанда, тарихта өз елін ауылшаруашылықты (аграрлы) елдер қатарынан индустриялы держава дәрежесіне өз күшімен көтеріп шығараған ұлт (халық) ғана нация боп қалыптаса алды. Өкінішке орай, осындай нация болу мүмкіндігін қазақ халқына тағдыр әлі сыйламай келеді.

Батыс Еуропада индустриялық қоғам тудырған нациялардың қалыптасуы, негізінен, «бір ұлт - бір мемлекет» принципі бойынша іске асты. Ұлттық мүдделерді мақсат тұтқан үстемшіл саясаттың, озық ғылым мен терең білімнің негізінде құрылған қуатты экономиканың арқасында ағылшын, неміс, француз, орыс сияқты үлкен-үлкен ұлттар өздерінің ана тілдерін аймақтық және әлемдік тілдерге әлдеқашан айналдырып үлгерді. Нацияларды қалыптастырған осы ұлттар кезінде сандық және сапалық (ой-өрістік, кәсіпкерлік) жағынан басқалардан әлдеқайда артықшылықта бола білді. Осындай прогрессшіл ұлттардың озық өкілдері ғана әлемдік экономиканың негізін салып, бүгінгі адамзат өркениетінің көшін бастап, экономикалық, саяси, әскери бәсекелерде  алдарына жан салмай  салтанат құрып келеді. Ал, өркениеттен кенжелеп қалған халықтар мен ұлттар өздерінің өмірдегі сәтсіздігі мен қоғамдағы керітартпалығын сол ұлы нациялардың озбырлығынан ғана емес, өздерінің ой-өрістерінің тарлығнан да көргендері дұрыс сияқты.

Еуропа ұлттарының нация боп қалыптасуы барысында қала өмірі мен ауыл өмірі бір деңгейде өркендеді; ел азаматтары тұрмыста да, мәдениетте де біркелкі әлеуметтік теңдікке қол жеткізді; ұлттар мен халықтарда кездесе беретін феодалдық қоғаммен қалыптасқан керітартпа  ой-сананың қалдығы - рушылдық және тайпашылдық  қарым-қатынастар жойылды - халықтық демократия деген түсінік пайда болды; нацияқұрушы ұлтпен басқарылған мемлекет азаматтарының тіршілік деңгейі бұрынғыдай олардың ұлттық құндылықтырымен емес, енді өз экономикасының жетістіктерінің жемісі болған өмірінің өскелең игіліктерімен өлшенетін болды. Нәтижесінде қоғамдағы  қарым-қатынастар өркениетті түрге көшті де  ұлттық мемлекет мемлекет-нацияға айналды. Қазіргі типтік парламенттік еуропалық мемлекет - мемлекет-нация. Мемлекет-нацияға азаматтықтың да  қатысы  аз болады. Себебі, азаматтық - адамның шыққан тегі мен этностық сипатымен байланысы жоқ заңдық санат (категория). Азаматтықтан шығуға болады, азаматтыққа кіруге болады. Бірақ, бұдан боп жеке адамның қандай халыққа, қандай ұлтқа, қандай нацияға жататындығы өзгермейді. Сондықтан, неміс қайда да - неміс, жапон қайда да - жапон. Олар қай елге барса да өз нацияларының өркениеттілігімен құрмет пен мәртебеге ие.

Сонымен, ұлт деген түсініктен нация деген түсініктің айырмашылығын айтар болсақ: ұлт - негізінде, тілмен анықталатын болса, нация жетілген тілмен ғана емес, ол ең алдымен экономикалық жетістіктердің жемісі - өркениеттілікпен ерекшеленеді. Өркениеттілік дегеніміз өнеркәсібі, ғылымы, мәдениеті, өнері және әлеуметтік өмірі басқаларға үлгі боларлықтай биік деңгейде дамыған; мемлекеттік тілі әбден жетіліп, аймақтық немесе халықаралық қарым-қатынастарда орнықты қолданыс тапқан немесе таба бастаған елдердің өкілдеріне тән саяси-экономикалық артықшылық.

Біздің пікірімізше, қазіргі жаһандану заманы басталғанға дейінгі нация туралы негізгі түсінік осындай болды.

Ал, қазіргі жаһандану заманында адамзат қоғамының эволюциялық дамуы ілгерілеген сайын нация деген сөздің мән-мағанасын жоғарыда біз сөз еткен қысқаша ғылыми анықтамамен түсіндіре салу қиындап барады. Өйткені, ХІХ-ХХ-шы ғасырларда ұлттық мемлекеттердің құрылуымен қалыптасқан ірі-ірі батысеуропалық нациялар постиндустриялық қоғамнан осы заманғы ақпараттық қоғамға өту барысында «Біріккен Еуропаға» топтаса бастады. Бұл процесс үлкенді-кішілі нациялардың ХХІ-інші ғасырда ыдыраушылыққа ұшырап, аймақтық (региондық) индентиттермен ауысатындығын білдіреді. Басқаша айтқанда, жаһандануды тудырған биіктехнология, ақпараттық революция, жаһандық миграция әлемдегі ұлылы-кішілі нацияларды супернацияларға  біріктіруі әбден ықтимал. Осы сөздерімізге дәлел ретінде біз Еуропа Одағы құрылып,  Батыс Еуропа елдеріне ортақ ақша - евро енгізілгеннен кейін көп жыл өтпей-ақ, биік технологиялық өнімдердің негізгі өндірушілері - Азия - Тынықмұхит аймақ елдерінің өзара, Таяу Шығыстағы мұнайлы араб елдерінің өзара бірігіп экономикалық одақ құру, біріккен ортақ ақша енгізу туралы әлемге таратқан мәлімдемелерін және де президентіміз Н.Назарбаевтың еуразиялық экономикалық одақ құру туралы ұсынысын  айтар едік.  

Қазіргі біздің заманымыздың басты ерекшелігі - жаһанданумен басталып жүріліп жатқан биіктехнологиялық және ақпараттық революциялар дүниежүзі елдерін түгелдей шарпып, осы заманғы қоғамның экономикалық, қаржылық, саяси, мәдени, әлеуметтік және басқа да өміршең салаларының бәріне бірдей ықпал етуде. Бұл, шын мәнінде, бұрын-соңды болып көрмеген әлемдік революция болып, бүкіл адамзаттың ой-санасына интелектуалдық деңгейде үлкен өзгерістер енгізді. Кез-келген ел мен жерде виртуалданған өмір салты  қалыптасуда. Бүгінгі  өмірде жас ұрпақтарды қоғамның классикалық құндылықтары емес, тек биіктехнологиялық өнімдері ғана қызықтыратын рухсыз орта пайда бола бастады. Құрылықтар мен елдерді бөлген мемлекетаралық шекаралар мен саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік шектеулер өркениетті ұлттар мен елдердің өзара қарым-қатынастарына бөгет болудан қалып барады. Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары халықаралық немесе ұлтаралық тілдер боп қалыптасып кеткен қазіргі ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қытай, араб сияқты тілдердің арнасы мен аясын одан ары кеңейтіп, олардың қолданылу мүмкіндігін күннен-күнге күшейте түсуде. Әрине, осындай жаппай жаһандану жағдайында  халықтың, ұлттың, нацияның біз білетін қалыптасу заңдарының бұзылуының өзі заңдылыққа саяды. Биік технология мен ақпараттық революция бүгінгі күнге шейін нация тұрмақ біртұтас ұлт болып қалыптасып үлгермеген қазақ сияқты тұтынушы халықтар мен ұлттарды тұп-тура тығырықка әкеп тіреді. Осы тығырықтан шығудың  жолы мен мүмкіндігін кім нақ  тауып  бере алса, сол адамның аты-жөні қазақ халқының тарихында ұлттық құтқарушы ретінде алтын әріппен жазылып қалуы - хақ!

Ұлттық дамуымызға тежеу боларлық  тағы бір объективті жағдай - бүгінгі адамзат қоғамы технология туғызған ақпараттық революциямен ғана шектеліп қалмайын деп тұр. Ғылымның ең жаңа салалары - биотехнология мен нанотехнологиядағы прогресс пен процестер ақпараттық технологиямен қолданыла отырып, ХХІ-інші ғасырда әлемдік экономиканы түбегейлі өзгеріске  ұшырататыны айқын болды. Осы технологиялық революциялардың барысында ұлттар мен нациялардың, елдер мен аймақтардың арасындағы теңсіздік сақталып қана қоймай, одан ары ушыға түсуі де ықтималдыққа айналды. Осындай жағадайда саны не аз, не жеткіліксіз немесе экономикасы әлі әлсіз ұлттар мен халықтарға  қуатты ірі нациялардың саяси және экономикалық ықпалы мен басымдылығы күшейе түсуі де сөзсіз. Қазір қай елді болсын «кім өндіре біледі - сол көндіре біледі» принципі жеңіске жеткізіп жатыр. Өндіргіш күштері тек шикізат шығаруға негізделген Қазақстан сияқты  биіктехнологиялық өнімдерді өндіруші емес тек тұтынушы ретінде әрекет еткен, немесе экономикасы мүлде әлсіз үшінші әлем елдердінің мемлекеттері үшін жергілікті ұлтынан жаңа нация жасау мүмкіндігін жаһандану процесі жоқтың қасы етті. Және де, ұлы нациялардың  ғана қолымен жасалған әлем экономикасының жаһандануы сол үстемшіл нациялардың тілдері мен ділдерінің жаһандану процесін барынша жылдамдатты. Соның нәтижесінде,  биік технология мен оның өнімдерінің ең соңғы озық үлгілері туралы жаңа ақпараттар мен тың мағлұматтар бірнеше тілдерде  ғана әлемге тарайтын болды. Осы биік технология мен оның өнімдерін сипаттайтын әлемдік тілдердегі ғылыми және техникалық түпнұсқалық әдебиеттер мен ақпараттарды үлкенді-кішілі ұлттар өз тілдеріне аударып, игіліктеріне жаратқысы келгенімен, оған өндірістік және ақпараттық технологиялардың тез өзгергіштігі мен электронданған өмірдің  жылдам екпіні мүлде үлгертпеуде. Бұл да сан жылдар бойы тәуелділік тезіне түсіп  тұралап келген қазақ тілі үшін  де асуы биік бөгет болып отыр.

Сонымен, қандай бір халық толыққанды ұлт ретінде қалыптаспайынша, оның нация боп қалыптасуы мүмкін емес екендігіне  көзіміз  жеткендей болды. Олай болса, қандастарымыздың жартысынан көбі шетелдерде тұратындықтан, қазақстандағы қазақтардың жарымына жуығы  ана тілін білмейтіндіктен, бүгінгі қазақ қауымы - шашыраңқы халық, сондықтан ол нацияға жатпайды. Осыны мойындап барып іс-әрекет жасамасақ - қателесеміз. Мұндай тенденцияны тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың ұстанып отырған ұлттық саясатынан да аңғаруға болады. Біздіңше, нация боп қалыптасу қазақтар үшін - алыс болашақтың ісі де, толыққанды ұлт боп қалыптасу - жақын келешектің ісі болмақ.

Өнеркәсіп пен қаржыны, ауылшаруашылық пен байланысты, көлік пен тұрмысты, ғылым мен білімді, мәдениет пен өнерді де электрондық  құрал-жабдықтарға  тікелей тәуелді еткен  биік технология мен ақпараттық революция саясатты да  өзіне бағындырып, интеллигенцияға деген сұранысты құлдыратты. Дамушы елдерде көпшілік-бұқарамен манипуляция жасау әдістері мен қоғамды басқару тетіктері зиялылардың қолынан технологтардың, ақпаратшылардың, сарапшылардың, бағдарламашылардың қолына көшті. Саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің, өнер майталмандарының айтып-жазған тәлім-тәрбие сөздері бүгінгі жас ұрпаққа әсер етуден қалып барады. Адамның талғамы рухани құндылықтармен емес, биіктехнологиялық жетістіктермен және ақпараттылық деңгеймен анықталатын күнге жеттік. Осыған орай, адамның қолын  биік технология мен жаңа ақпаратқа тез де төте жеткізуге қабілетті тілдердің ғана мәртебесі өсуде. Сондықтан да, бүгінгі қазақ тілінің күнін зиялы қауымға емес, технология мен ақпарат өкілдеріне жоқтату әлдеқайда тиімді сияқты. Әмбе, қазақ тілі гуманитарлық тіл боп баяғыда қалыптасса да, оның осы жалаң гуманитарлығы оны толыққанды мемлекеттік тілге айналдырып үлгермеді. Осы шалалықты жоюдың жалғыз да тура жолы - қазақ тілін  биіктехнологиялық және күрделітехникалық ғылым мен білімнің салаларына міндетті түрде енгізу болып табылады. Бұл тезис ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ-ға айналу үшін, ең әуелі елбасымыз тарапынан қазақ тілінің тағдырына байланысты, кезінде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға  көшіргендегідей ұлттық санамызды селт еткізерлік саяси батылдық керек. Сонда ғана тілге қатысты жоспар-шаралар құр айғай-шумен, бос байбаламмен  емес,  тек ұлттық мүдделерді мұрат тұтқан мемлекетіміздің байыпты билігімен (нақтылы  әрекетімен, қаржысымен, бағдарламасымен) іске асып, қазақ тілінің проблемасы ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде оңды шешілуі  мүмкін.

Ресей Федерациясы

Иркутск қаласы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406