Орыстардың соңғы үміті Надеждин бе?
Жаңа қаһарман? Борис Надеждиннің авантюрасы немен аяқталады? Бұл туралы Mezgil.kz порталы жазды.
2024 жылғы Ресейдегі сайлау науқаны сүлесоқ болатындай көргінген-тін. Кандидат Путиннің штабы қазіргі президентті қолдап, қолын тапсырған кезде, либералдық саясаттың ардагері Немцовтың үзегелесі болған Надеждин күтпеген жерден белсенділік танытты. Оған Кремль президенттік сайлаудың бірінші кезеңінен өтуге рұқсат берді. Содан кейін нағыз дүрбелең басталды...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫСТАР ПУТИНДІ ЕМЕС, НАДЕЖДИНДІ ҚОЛДАУДА
Ресейліктер Путинге қарсы ұстанымды көпшілік алдында көрсетудің және оны ештеңе болмайтындай етіп жасаудың жолын тапты. Соңғы күндері Ресей президенттігіне кандидат Борис Надеждинді ұсыну үшін қол қоюға ниет білдіргендердің белсенділігі күрт артты. Қол қобшылардың ұзын-сонар нөпірі Қазақстаннан да табылды. Елімізде жүрген Ресей азаматтары Путинді емес, Надеждинді қолдайтындықтарын білдіріп, қол қоюға кезекке тұрып жатыр.
(Скрин orda.kz сайтынан)
Надеждин партиядан ұсынылатындықтан, одан Ресей Федерациясының түрлі өңірлерінде кемінде жүз мың қол жинау талап етіледі. Тапсыру мерзімі - 31 қаңтар. Оның мерзімінде орындалатыны айдан анық: 21 қаңтарда оған 46 мың, ал 22 қаңтарда 15 мың ғана қол жетпей тұрған. Мәселе, Надеждин жақтаушыларының қазіргі қарқынынан сескенген Кремль идеологтары сылтау тауып, оны додаға жібермей қою қаупі жоғары.
АНЫҒЫ:
Өзін Владимир Путиннің қарсыласы деп санайтын президенттікке жалғыз әлеуетті кандидат Надеждиннің сайлауалды штабына Надеждинді президенттікке ұсыну үшін қол қоюға ниет білдіргендердің кезегі тұра бастады. Бұл адамдардың барлығы қазіргі президентке қарсы емес, керісінше олар қазір таңда орын алып отырған геосаяси және ішкі саяси бөлінушілікке байланысты қоғамды қалыпптандыру бағытындағы саясаттағы гуманизмнің жақтаушылары.
БОРИС НАДЕЖДИН ДЕГЕН КІМ?
1990 жылдардың басынан бері бірнеше партияны - «Оңшыл күштер одағынан» (президент әкімшілігі басшысының қазіргі орынбасары Сергей Кириенко да болған) бастап, «Бірыңғай Ресей» мен «Әділ Ресейге» дейін ауыстырған ресейлік саясаттың ардагері бүгінде қоғамның осы тұрғыдан сенетін адамына айналғаны таң қаларлық. Қазір Надеждин 2012 жылы Ресейдің бұрынғы экономика министрі (1992-1993 жылдар) Андрей Нечаев құрған «Азаматтық бастама» партиясынан президенттікке үміткер болып түсті.
2024 жылғы 15-17 наурыздағы президент сайлауындағы бюллетеньге ену үшін Надеждин Ресейдің 100 өңірінде кем дегенде 40 мың қол жинауы керек еді. Және ол осы қолды жинады. Үміткердің сайтында бұл планканың еңсерілгені туралы хабарлама пайда болды. Ресейдің 75 өңірлерінде тұратын 100 мыңнан астам адам оған сенім білдірді. Бірақ бұл қолдарды Орталық сайлау комиссиясы қабылдай ма, сәйкесінше үміткер Надеждинді тіркей ме деген үлкен мәселе.
БҰЛ ҚОЛДАУ - НАДЕЖДИНДІ ҚОЛДАУ ЕМЕС, КРЕМЛЬГЕ ҚАРСЫЛЫҚ!
Бірінші: Борис Надеждин - соғысты тоқтатуды қолдайтын жалғыз үміткер, бірақ ол үшін мұны жасау оңай емес. Оның Ресейді Қытайдың вассалы етіп емес, Еуропаға қайтару керек деген мәлімдемесі тағы бар. Мұның бәрі, әрине, оны Владимир Путиннің тікелей оппоненті етеді.
Жоқ, ұзақ кезекке тұрып, паспорттық мәліметтерді көрсетуден қорықпай, өз қолын қойып жатқандардың арасында Надеждин қазіргі президентті жеңе алады деген елес жоқ. Оның үстіне, көпшілігі оған кандидат болуға мүмкіндік беретініне сенбейді. Бірақ кез келген саяси және тіпті наразылық әрекеттері – адамдардың қазіргі Кремль саясатына келіспеушілік ұстанымын қауіпсіз түрде көрсетіп, оны қолдайтындармен сөйлесудің, өзіне және басқаларға бүкіл Ресейде болып жатқан оқиғалармен келіспейтінін түсіндірудің тәсілі.
БАҚ таратқан дереккөздер президенттікке ұсынысты президент әкімшілігі ұсынғанын хабарлады. Бірақ ол Владимир Путинге қарсы бола бастағаннан кейін Кремль «оның қолдауынан бас тартты» дегенді жұртқа жайды. Надеждиннің өз басы мұны әрқашан жоққа шығарып келеді.
Дүйсенбі күні Надеждинді ұсынуға Кремль келіскен «либералды» қанаттан президенттікке тағы бір кандидат - «Жаңа адамдар» партиясы басшысының орынбасары Алексей Даванков қол қойды. Сонымен қатар, өзі үшін өте қауіпсіз - Надеждиннен айырмашылығы, Даванков сайлауға қатыса алады - парламенттік партиядан кандидат ретінде ол қол жинау қажеттілігінен босатылды.
НАДЕЖДИННІҢ ҮШ ЖОСПАРЫ
Сонымен Надеждин өз сайлаушыларына қандай уәде берді? Қараңыз:
1.Ата Заңды өзертіп, бұрынғы қалпына келтіріп, президент екі рет қана сайлана алады, мерзімі 4 жыл.
2.Саяси тұтқындарды түгел босататыны айтты.
3.Соғысты тоқтатып, келіссөз процессін бастайтынын айтып, антисоғыстық ұстанымын жариялады.
КРЕМЛЬ ЕСЕПТЕН ЖАҢЫЛДЫ МА?
Сарапшылар болса: «Бұл Кремль келісімен жасалып отыр. Екіншісі Батысқа сайлау әділ өткндігін аңғартып, халықтың тамырын басу», - дейді. Осы есеппен додаға жіберілген Надеждинді Ресей жұртының жаппай қолдай бастауы Ресейдегі Крелмь режиміне протестік көңіл күйдің күш ала бастағанын көрсетеді.
Сарапшылар Борис Надеждиннің сайлауға дейін жіберілетініне күмәнмен қарайды, оның үстіне ол ПӘ бақылауынан шығып, Беларусь президентінің соңғы сайлауында Александр Лукашенкоға шынайы бәсекелестік туғызған Светлана Тихановская тәрізді тұлғаға айналады.
Әзірге оның сайлауалды науқандағы белсенділігі сайлаушылар үшін әрқашан өте маңызды болатын баламаның болуын сезінеді. Бәлкім, сайлауға көптен бері бармайтындардың назарын аударар. Бұл адамдардың дауыстары да сайлауда өте маңызды (оның ішінде соңғы жеңімпазды заңдастыру үшін де).
НАДЕЖДИН ТИХАНОВСКАЯ БОЛА АЛА МА?
Саясаттанушы Аббас Ғаллямов «The Insider-ге» берген сұхбатында Ресей билігіне соғысқа қарсы кандидат қажет екенін, себебі саяси күн тәртібіндегі басты мәселе соғыс пен бейбітшілік туралы мәселе екенін атап өтті: «Тіркелгендердің барлығы соғысты қолдайтын кандидаттар - Путин, Слуцкий, Зюганов, Нечаев. Бұл кандидаттармен өткізілетін сайлау - сайлаушылардың арасында стаңдау жоқ деген сезім тудырады. Яғни, электоратты алдау керек. Алдайтын кандидат керек. Мұндай сайлау режимді заңдастырумен емес, делегитимизациямен аяқталады.
Кремль соғысқа қарсы кандидаттардың біреуін тіркеуді ойлады. Бірақ оппозицияшылардың оны өздеріндей қабылдамауы және сайлауға бармауы үшін ол Собчак сияқты болмашы болуы тиіс. Сонда келу төмен болады, тек лоялистер ғана келеді, бұл соғысқа қарсы кандидат бірнеше пайыз жинайды. Ресми түрде кінәлайтын ештеңе жоқ - соғысқа қарсы кандидат бюллетеньдерде болды, бірнеше пайыз жинады, міне сізге соғысқа қарсы көңіл-күйдің бағасы.
Алайда, соғысқа қарсы кандидат 2018 жылы Собчак сияқты шынайы науқан өткізуі керек. Ол билікпен бюллетеньдерде және сайлау алаңы шегінен тыс күреске дайын болуға тиіс. Науқанның үш айы - көп, егер кандидат бұл уақытты Навальный рухында өткізуге жұмсаса, Тихановскаяның кейсі қайталанады.
Қазір Кремльге саяси емес, арнайы қызмет әдістері қажет. Мысалы, кандидаттың балаларын кепілге алу немесе әйтеуір бір ілік іздеу. Егер Кремль бұл кандидатты толығымен бақылап отыратынына көз жеткізсе, онда ол оны толығымен тіркеуге келіседі».
Саясаттанушы Михаил Савва Борис Надеждин президент әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Киреенкомен тығыз байланысты адам екенін еске салды. ол ішкі саясатқа, бірінші кезекте сайлауға жауап береді:
«Менің ойымша, Надеждинді ұсыну - бұл ресейлік биліктің имитациялық стратегиясының бір бөлігі. Олар шынайы сайлауды жоспарламайды, бірақ осындай бәсекелі сайлаудың көрінісін жасағысы келеді.
Осы тұрғыдан Надеждин билік үшін оңтайлы кандидат болып табылады. Ресейдегі режимге наразы барлық адамдарды өз жағына тартуға мүлдем мүмкіндік жоқ, себебі олар режимге шынымен наразы және онымен ойнамайды.
Бұл Надеждинге не үшін қажет, одан сұрауы керек. Мен оның бұрынғы Сергей Кириенкомен тығыз байланысын ғана айта аламын».
НАДЕЖДИНДЕ «НАДЕЖДА» ЖОҚ!
Әрине, парадокс мынада: Надеждиннің қолдауы неғұрлым белсенді болса, оның қанша қол жинағанына қарамастан, сайлауға қатысуға жіберілу ықтималдығы соғұрлым төмен болады. Ол бұрыннан келе жатқан, тәжірибелі, жол берілгендердің шегін жақсы сезінетін және революциялық тосын сый-сияпатқа бейім саясаткер болғандықтан ғана қазіргі кезеңге дейін жіберілді. Қазір ол «Азаматтық бастама» партиясының өкілі, ал 2016 жылы «Бірыңғай Ресейде» болды, 2021 жылы «Әділ Ресейден» Мемлекеттік Думаға кіруге тырысты. Тағы бір парадокс: бұл оның «қалыпты» екенін және оны Ресейдегі тұрақтылықты бұзып, бұзып отырған радикалданған билік жағдайында ерекше тартымды етеді.
РЕСЕЙ ТИХАНОВСКАЯ ПРЕЦЕДЕНТІНІҢ ҚАЙТАЛАНУЫНАН ҚОРҚАДЫ
Борис Надеждиннің танымалдылығының артуына байланысты көпшілік 2020 жылы Александр Лукашенконың мерекесін бұза білген Светлана Тихановскаяның феноменін еске алады. Оның төңірегіндегі қарапайым үй шаруасындағы әйел сайлауда жеңіске жеткенше, оны шындап қабылдамаған. Билікті ұстап тұру үшін аса күш-жігер қажет болды. Алайда, Кремль Беларусь дағдарысынан барлық қажетті қорытындыны жасағаны және ресейлік негізде мұндай нәрсенің қайталануына жол бермейтіні анық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының көшбасшысы Алексей Навальный сайлау аяқталғанға дейін Заполярьедегі алыс лагерьге жөнелтілгені де Кремль сақтығынан жасалған қадам.
Abai.kz