Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2678 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 06:37

Ақберен ЕЛГЕЗЕК. БУРАБАЙҒА БАРДЫҢ БА?

Тәңірдің мейірімі түскен жер бетіндегі кез келген нүкте - көктегі пейіштің прототипі. Мұндай нүктелерде адам өзінің ғарышпен байланысын сезініп, тылсым бір күйге түсетіні белгілі. Мұндай нүктелерде сол аймақты мекен еткен халықтың тағдырын анықтайтын оқиғалардың да орын алатыны бар. Көп жағдайда сол жердің табиғаты құшағын паналаған ұлтты нәубеттен сақтап, сырттан келетін кері әсерлерден сақтап қалып отырады. Жаппар Иемнің сүйіп жаратқан осындай ғажайып нүктелердің біздің елде көптеп кездесуі де - Тәңірдің біздің ұлтқа деген ерекше ілтипатын аңғартса керек. Сондай жердің бірі - қасиетті Бурабай.

Аспанның көз жасынан жаралған сексен көлі бар Көкшетаудың бүгін мерейі үстем болды. Тек қана көкшетаулық емес, күллі Алаш жұрты бүгін бөркін аспанға атып қуанып жатыр. Сонау орыс патшасының жарлығынан бері Шучье деп аталып келген өлкеге қазаққа киелі Бурабай атауы ресми түрде қайтарылды. Үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінде Елбасының пәрменімен Щучье ауданы Бурабай ауданы болып өзгертілді. Бұл қазақтың жеңісі, бұл қастерлі тәуелсіздігіміздің жемісі. Бурабайдың ауасында қалықтап жүрген Абылай мен Кенесары хандардың, азаттық жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан мыңдаған батырлардың, қара қылды қақ жарған Қанай бидің, Біржан мен Ақандай сал-серілердің, Сәкендей қайраткер-ақындардың аруақтары да бүгін шат-шадыман. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды дегеніміз, міне осы!

Шонжар балықтың атымен аталып келген бұл киелі аймаққа Бурабай атауы қайтарылған күннен бастап, бұл өлкеге жаңа тыныс дарып, келешекте өркендеу мен гүлденудің жаңа белестері басталғаны ақиқат. Себебі, символ деген жұмбақ дүниенің көп шаруаға әсері болады. Бурабай беріде қазақтың қалмақпен соғысы кезіндегі хан шатыры орналасқан, далалық елорда болғандығы былай тұрсын, жер планетасы жаралғаннан бергі оның жұмбақ тарихы көңіл аударарлық.

Мидай жазық даламен келе жатқан сіздің алдыңыздан ертегідегідей оазис шыға келсе қандай ойға қаласыз? Дәл осы сәтте сіздің көкейіңізде теп-тегіс далада мұндай ғажайып таулар, ешқандай өзен келіп құймайтын көлдер, ешқандай жерден тамыр тартпаған орман-тоғайлар мен табиғатың өзі қашаған алуан түрлі тас мүсіндер қайдан ғана бұл жерге келді деген сұрақ туатыны заңдылық. Осы жолдарды жазып отырған пақырыңыз да бұл сұрақты айналып өте алған жоқ. Дәл осындай тынымсыз сауалдар менің мазамды Баянауылға барғанда да алып қойған. Бурабайға жасаған былтырғы сапарымда мен Көкшетау өңіріне емес, Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында жасырынулы жатқан Майя тайпаларының пирамидаларына тап болғандай әсерде қалдым.

Бурабайдағы таулар литосфералық плиталардың тектоникасы арқылы дүниеге келген тауларға мүлде ұқсамайды. Керісінше, белгісіз бір тіршілік иелері қалап қойған арнайы формасы бар тас мүсіндер сияқты елестеді маған. Мысалға Оқжетпес тауы мен оның маңайындағы кішігірім таулар алып кірпіштерден тура қолмен қаланған сияқты. Оның үстіне Оқжетпес тауы кәдімгідей ежелгі ғибадатханадан аумай қалған. Мысыр мифологиясында екі сфинкс туралы әңгіме бар. Қос сфинкс бейнеленген сурет бір пирамиданың қабырғасында да қашалғаны рас. Бір сфинкс әрине Мысырда. Екіншісін ешкім таба алған жоқ. Алайда, Бурабай көліндегі Жұмбақтас - сфинкстен аумайтынын жалғыз мен ғана байқағам жоқ.  Оның үстіне қалың тоғайдың арасында алып баспалдақ түрінде қалыптасып қалған сілемдер бар. Бұл да қияли адамның ойын сан-саққа жүгіртері анық. Бұның бәрін жоғарыда айтқанымыздай Тәңірдің қазаққа берген ұлы сыйы - Бурабайдың киелілігінен көрген жөн. Табиғаттың тамаша шығармалары - қазақтың меншігі, мұндай керемет, тылсым ландшафтың біздің елімізде жаратылуы да қазақтың бағына көрінген дүние. Біз бұл шағын мақаламызда айтылған жәйттерді қызық үшін тізбектеуді мақсат қылған жоқпыз, осы ғажап табиғат үлгілерінің иесі қазаққа биліктің тарихи қадамы үшін құттықтау айтуды мұрат тұттық.

Сонымен Щучье ауданы Бурабай ауданы деп аталатын болды. Қазақстанның гауһартасы - сұлу Көкшенің аңыздары мен ғасырлар жылнамасындағы шуақты күндері қайта жаңғырды. Екінші Швейцария атағына ие Бурабайдың құдыреті мен ұлттық рухты асқақтатын қуаты - бойымызға шипа, жанымызға от бере берсін!

Құтты болсын, ағайын!

Сіз не дейсіз?

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Дала мен Қала» апталығы Бас редакторының орынбасары:

- Елбасының Щуче ауданын Бурабай ауданы деп өзгерту туралы Жарлығы әр қазақтың рухын сілкіндіріп қана қоймай, жүрек түбінде ұйыған ұлы арманын да оятып жібергені анық. Мәселен, Қазақстанда орыстандыру саясатының салқыны тиген жер-су атаулары әлі де жыртылып айрылады. Солтүстік өңірлердің шалғай ауылдарын былай қойғанда, шағын қалаларына дейін бір кезгі қызыл комиссардың, ары кеткенде Алаш жеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын орыс мұжығының  құрметіне аталып отырғаны жасырын емес. Мүмкін, ел-жер атауына қатысты өзгертулер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын іс шығар, алайда, туған топырағымыздың тарихи атауына қатысты тұжырымды ұстанымдарға тоқтайтын мезгіл жеткен сияқты. Тек, бұл істі бір ғана Президенттің мойнына артып қойып қарап отыруға болмайтынын ел ағалары мен еті тірі басшылар ескеруі керек. Ол әсіресе, қазағы қалың орналасқан аймақтардан бастау алуы тиіс. Атап айтқанда, бір ғана Алматы облысында ұлттық мүддеге қайшы келетін екі бірдей аудан атауы бар. Олар - іргелес қоныстанған Панфилов пен Ұйғыр аудандары. Осы екі өңірдің бағзы атаулары әлі де ел аузында аталып жүр. Панфиловты Орбұлақ ауданы деп атау туралы сөз бұрынырақтан бері қозғалғанымен, әлі күнге нәтижесін бермей келе жатыр. Тегі, Мәскеу үшін жанын қиған командирдің сұсы аймақ басшыларын ғана емес, елжанды азаматтардың да жігерін әлі күнге құм ететін болуы керек... Ал, Ұйғыр ауданына Шарын атауының сұранып тұрғаны анық. Тіпті, бұл атау болашақта Қазақстандағы туризмнің Отаны ретінде аталып, әлем назарын өзіне аударатынына сеніміміз мол. Ендеше... Орбұлақ ауданы мен Шарын ауданы тұрғындарының құлағына алтын сырға!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407