Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Тарих 2257 5 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 13:45

Іленің байырғы және соңғы тұрғындары

Коллаж: Abai.kz

Үйсіндер қазақ халқының негізін қалаған ежелгі тайпалардың бірі. Олар тарихи дәуірлерде негізінен алғанда көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған, сан салалы шаруашылықтың дамуына байланысты, бірте-бірте жартылай отырықшы тұрмыс кешірген. Соңғы кездерде олардың әр кезеңде қоныстанып өмір өткізген мекендерінде жүргізілген археологялық қазындылардан табылған заттық бұйымдар мен жазба деректер мұны айғақтайды. Төменде Үйсіндердің тегі және олардың тарихта қоныстанған жерлері, сондай-ақ Сақтармен, Қазақтармен болған қатысы жөнінде тоқталамыз.

Ерекше үлкен Үйсін қабірі (биіктігі 20 метр, етегінің айналасы 350 метр) Күнес ауданы, Күнес ақ қой фермасы. Сурет "Үйсін туралы зерттеу" деген кітаптан алынды.

1. Дахата үйсіндері

Үйсіндердің ертеде еліміздегі Хыши каридорының батыс жағын, яғни қазіргі Дахата (Дұнхуаң) мен Шүлен (Чилияншан) тауының аралығын қоныстанып, көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданатын шағын ел екендігі бізге қадым заман жазбаларынан мәлім. Тарихи жазбалар.Ферғана шежіресі», «Ханнама.Батыс өңір шежіресі» қатарлы жазбалар Үйісіндердің мән-жайы туралы егжей-тегжейлі мәлімет береді. Ол кезде Жүздер мен Ғұндар Үйсіндердің шығысына қоныстанған. Хан патшалығының (жыл санауымызға дейінгі 206 жылдан жыл санауымыздың 220 жылына дейін билік жүргізген патшалық) батыс жағындағы ру-тайпалар сол замандағы жазба деректерде жалпылама «Нұмдар» деген атпен әліптелген. Қазақ тарихын ұзақ жылдар зерттеген әйгілі тарихшы ғалым Су Бейхай бұларды «Гуажоулық Нұмдар, Иншиң Нұмдары және Сақтар» деп атайды да, осылардың барлығы жергілікті тұрғындар еді деп жазады (1). Үйсіндердің шығыс жағындағы қазіргі Жаңие, Жючуан өңірін мекендеген Жүздер батысқа қарай үздіксіз ірге кеңейтіп Гуажуды (қазіргі Дұнхуаңды) мекендеп отырған Сақтарды тарпа бассалып өздеріне қаратып алады. Сонымен ол Сақтар тарихта «Гуажулық Нұмдар» деп аталады. Жапонялық Байнияу Коужи «Үйсіндер туралы зерттеулер» деген еңбегінде: Жүздер жаулап алған Иұншиң Нұмдары – Үйсіндер, Иұншияң дегеніміз «Үйсін» есімінің екінші бір түрлі аударылуы,  – дейді. Сонымен гуажулық Нұмдар-Сақтар, Иұншиң Нұмдары-Үйсіндер болып шығады. Жаң Шужие «Тарихи жазбаның дұрыс мазмұны» деген еңбегінде: «Үйсіндер жауласқан бектіктер дәуірінде (жыл санауымызға дейінгі 221-275 жылдар) Гуажуді қоныстанған деп жазады. Гуаң Хұңмиң жинағының 27-ші томында «Сақтар әсілі Иұншиң Нұмдары, бұрыннан Дұнхуаңды (яғни Гуажуді) мекендеп келеді›› деген дерек бар, бұл дерек пен Байнияу-Коужидің берген дерегіне қарағанда, Сақтарда, Үйсіндерде Иұншиң Нұммдары болып шығады. Сонда «Иұншиң» дегеніміз затында жер аты ма, әлде ру аты ма? Бұл жөнінде «Сыхайдың» (сөз шалқары) 172-ші бетінде: «Гуажу – ертедегі жер аты, Чұнчю дәуірінде (жыл санауымызға дейінгі 476-770 жылдар) ол жерді «Иұн » фамилиялы «Нұмдар қоныстанған» деп жазылған. Иұн (允) әрпінің фамилия екендігін бейнелеу үшін астына салмақ белгісін (–) қойыпты. Біздің білуімізше, соңғы кездердегі сияқты ол кездегі тайпаларда фамилия қолдану әдеті болмаған. Егерде қолданған делінетін болса, онда ол бейне Энгельстің: «Іргелес тайпалар маңайындағы тайпаға сол тайпаның өзін-өзі атап жүрген атынан өзгеше ат беріп отыратын болған» (2) деп айтқанындай, сол кездегі көршілерінің яғни фамилиясын өз атының алдына қойатын ханзу, т.б. халықтардың өз әдеттерінше «Иұнды» фамилия, «Нұмды» аты деп ұғып, Үйсіндерді Иұншиң Нұмға өзгертіп алған. Энгельстің: «Рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады›› (3) дегеніндей, біз Сақ, Үйсін деген екі тайпаның екеуі де сол жерде болған дегеннен көрі, Үйсіндер Сақ тектес болғандықтан өздерін өзгелерге кейде Сақ, кейде Үйсін деп таныстырған деп айтсақ жөн секілді. Өйткені, біріншіден, Гуажу Нұмдары мен Иұншиң Нұмдары дегендердің қоныстанған жерлері екі түрлі аталғанымен, іс жүзінде бұл жер – қазіргі Дұнхуаң; екіншіден, жазба материалдардан біз Сақтар туралы тек сол кездегі Жүздердің Сақтарды жаулап алғандығымен кейін Жүздер жағынан Батысқа еріксіз қоныс аударғандығын көре аламыз. Бірақ «Үйсін туралы зерттеу» (Шынжаң халық баспасы, Үрімжі, 1989 ж.) деген кытаптың 146-бетінде аударушы жағынан «Шұнжидың бұл көзқарасы тарих ғылымы саласында жоққа шығарылған болатын» деп ескерту жазуына қарағанда, бұл жазба материалды сенімсіз деп қарап профессор Су Бейхайдың «Советтік Линунскиде Сақтар мен Үйсіндер бір халық деп қарайды» (4) деген құптауына қосыламыз.

Үйсіндердің бас сүйек қаңқасы. Моңғұлкүре ауданы Шатыдағы қабірден табылған. Сурет "Үйсін туралы зерттеу" деген кітаптан алынды.

Батыс Нұмдар деп аталған Сақтар немесе Үйсіндер Гуажу өңірін, анығырақ айтқанда, жазбаларда үнемі сөз болатын Дұнхуаң мен Чилияншан тауы өңірін мекендеген, бірақ олар осы жердің тума тұрғындары емес. Сақтар немесе Үйсіндер Дұнхуаң мен Чилияншан тауының аралығын мекендеді деп алғаш ахбар берген Си Мачиянның «Тарихи жазбалары» мен Бан Гудің «Ханнамасы». Бұл жазбалар жеке-жеке жыл санауымызға дейінгі 104 жыл мен жыл санауымыздың 62-82 жылдары жазылған. Си Мачиянның Үйсіндер туралы мәліметі оның ет құлағымен естіп жазып алған төл материалы емес. Керісінше, Жаң Чиянның Хан Уди патшаға Үйсіндер туралы Ғұндардан естіп-білгедерін айтқан сөзінен жазып алған. Үйткені ол кезде Үйсіндер Іле өзені алабына қайта оралып орын теуіп, «белді елге» айналған кезі еді. «Ханнама» кейінтіннен бұл материалдарды қайтадан өңдеген, кейбір жерлерін кейін ұғысқан ахуалға қарай толықтаған. Ал Сақтар туралы дерек аңыз іспетті кітап «Мутиянзының өмір байаны» деген еңбектен мәлім. Сақ тайпалары еліміздің ежелгі Нұмдарында «Сайжұң», «Шыжың», «Шыжа» болып таңбаланған, мейлі Сақ деп немесе Үйсін деп аталсын, осы ру-тайпалар ілгерінді-кейінді Іле өзені алабына қотарыла көшкенге дейін, сол Дұнхуаң мен Чилияншан өңірінде жасағаны анық, сондықтан да біз Сақтар немесе Үйсіндер жоғарыда айтылған өңірге белгілі бір өңірден, атап айтқанда, қазіргі Жетісу жері мен Іле өзені алабынан өріс кеңейтіп барған деп қараймыз.

Торсық тектес ыдыс. Моңғұлкүре ауданы Шатыдағы қабірден табылған. Сурет "Үйсін туралы зерттеу" деген кітаптан алынды.

2. Жетісу – Іле өзені алабы Үйсіндері

«Сақтар жыл санауымызға дейінгі VIII ғасырдан соң Еуропа-Азия құрылғының белгілі өңірінде пайда болып, тілі жағынан туысқан, мәдениеті жағынан жақын ру-тайпалардан қалыптасқан тайпалар бірлестігі (5). Бұлар қазіргі заманғы жазбаларда Сақтар деп аталған. Ахеменд Иранның сына жазу текістерінде, оның ішінде Накширо істемдегі жазуында осы Сақтардың үш тобы айтылған. Олар мыналар: Хаомоварга (хармо ішімдігін өндіретін) Сақтар; Парадария (дарияның яғни теңіздің аржағындағы) Сақтар және Итграхауда Сақтары асқа тағ, иссе дон және аримасып ру-тайпаларынан құралған. Асқа тағ ру-тайпалары Шу өзені мен Талас өзенінің аралығын, Тиян-шан Алатауының орта етегін, Иссе дондар Іле өзені алабы мен Шу өзенінің бойын, шығыста Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты; Аримаысптер Исседондардың солтүстігін және солтүстік Шығыс жағын, Алтай тауының Батыстағы сілемдеріне дейін қоныстанған (6). Осы шошақ төбелі тымақ киетін Сақтар бері дегенде жыл санауымызға дейінгі V-VI ғасырлар мөлшерінде Iле өзені алабына келген (7).

Cақтар мен Yйсіндерді тарихи және археолгялық жақтан зерттеуге ақыл-парасатын сарқа жұмсаған ресейлік ғалым A.Н.Бернштам: «Тәңір тауы –  Сақтар мен Үйсіндердің бесігі» (8) деген. Еліміздің жас ұрпақ археологы Уаң Миңжы өзінің «Іле өзені алабындағы Сақтар мәдениеті жөнінде алғашқы ізденіс» деген мақаласында: «Іле өзенін орталық еткен өңір – Сақтардың мекені болған» (9) – дейді. Осы себепті Жетісу жері мен Іле өзені алабы Сақтардың (Үйсіндерде қамтылған) жан-жаққа таралу орталығы, Сақтар осы жердің тұрғыны болған.

Сақтар еліміздің ерте заманғы жазба деректерінде Батыс өңір деп аталған жерлерге осы арадан бытырай қоныстанған. Уақыт өте келе олар, өте-мөте Сақтар одағы құрамындағы Үйсіндер осы «Алтын бесігі», «Атамекені» болған Жетісу жері мен Іле өзені алабынан Тәңір тауының шығыс екі жағын қапталдай тұрпан, Жемсары, Шонжыны басып өтіп Дұнхуаң, Чилиянышан тауына дейін барып қоныстанған. «Сұйнама, жағырапия баянында»: «Бесбалық (қазіргі Жемсары ауданы өңірі) құмды аймақтың терістігінде, алдынғы Хан патшалығы тұсында Үйсіндердің мекені болған» деп жазылуы осының айғағы. Біз осы материалдарға негізделе отырып, Дұнхуаңдағы Нұмдар деп аталған Сақтар немесе Үйсіндер ол жердің байырғы тұрғындары емес, тек қоныс кеңейтіп барған Жетісу жері мен Іле өзені алабының ең ертедегі тұрғындары деген қортындыға келемыз.

Қортындымызды мысалдар арқылы дәлелдейік: «Алматы біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-VII ғасырларда Сақтардың қонысы болған... Бұрынғы кіші Алматының бойында, Басарықтың түстігінде, Есентай өзенінің оң жағында, Медеу сайынан Үйсіннің байырғы қабыры табылды»; «Алматының түстік жағынан археолог М.К.Қадырбаев аумағы 130 шаршы метр дөңгелек алаңқай тапқан... Мұны шамамен біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ-ІІІ ғасыр дүниесі деп тануға болады» (10). А.Н.Бернштам 1949 жылы орталық Тәңір (Тиян-шан) тауынан Арамешыт зиратын, Тергетер зиратын, Қарақожыр зиратын ашып, бұлардың бәрі біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-V ғасырларда өткен Cақ, Иссондардың (біздің заманымыздан бұрынғы Үйсіндердің) байырғы қабірі деп қараған. Ол тағы сол жылы орталық Тәңір тауы өңірінен Арамешт, Тергетер, Қарақожыр, Тергес, Сокорвока, Алабақан, Аштөбе өңірлерінен тың зираттар ашқан. Арамешыт Ⅱ зиратынан 11 қабір, Тергетер зиратынан 4 қабір және Қарақожыр зиратынан 3 қабір біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-V ғасырларда өткен Cақ, Иссондар (біздің жыл санауымызға дейінгі Үйсіндер) заманына тән деп қараған (11).

А.Н.Бернштам Жетісудағы (Талас өзенінен Іле өзеніне дейнгі) дала қазба жұмыстарының жай-жапсарына бірлестіре келіп, Сақ-Үйсін заманының жұрттарын жыл тәртібіне қарай: біздің жыл санауымызға дейынгы IV-VI асырлар, бұған: Қарашоқы (Іле өзені) мен Шу бойындағы ежелгі қабірлер жатады; жыл санауымызға дейінгі ІІІ-IV ғасырлар, бұған: Берқара (Қаратауда) мен Нарын өзені бойындағы байырғы қабірлер жатады; жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасыр мен жыл санауымыздың І ғасары, бұған: Берқара Ⅱ (Іле өзені) байырғы қабірлары жатады деп 4 группаға бөлген (12). Бұл қабірлерден сол дәуірлердегі Сақ, Үйсіндердің қоғамдық мән-жәйін бейнелейтін заттық бұйымдар, өте-мөте, сол заман адамдарының нәсіл тәуелділігін айқын көрсететін адамдардың қаңқалары (әсіресе бас сүйектері) табылған.

Сүйек біз. Моңғұлкүре ауданы Шатыдағы қабірден табылған. Сурет "Үйсін туралы зерттеу" деген кітаптан алынды.

Қытай Ғылым Академиясы Шынжаң филиалы этнологя институтының археологя экспедетсиясы 1961 жылы және 1983-1984 жылдары қазу жұмыстарын жүргізіп, Іле өзенінің жоғарғы алабындағы Үйсін ескерткіштерінен Шаты, Пома, Сарықобы, Қаратөбе, Темірлік, Судынбұлақ қатарлы жерлерден 70 тей оба мен Күнес Телқара (әсілі нұсқада өндіріс-құрылыс биңтуаны (дивизиясы) 71-ші туан (полк) Балықшылық алаңы деп айтылған, бұл жердің байырғы аты Телқара болғандықтан, тарихқа құрмет ету тұрғысынан Телқара деп алдым) ежелгі қыстау-қоныс жұртын қазып тексерген. Телқара қыстау-жұртын бес бөлекке бөліп шорқ (нәрсе іздеу үшін тік қаздырылған жер) тартып қазған кезде, осы жұрттың Батыс жағына орналасқан 3-ші бөлігінен жиыны 14 күлдіктің орны, 8 тұрғын үйдің ізі, 3 ошақтың орны, бір дауал тамның (ұзындығы 23.84 метр,топырақтан соғылған) ізі, 2 оба және бір тындырынды шұңқыр табылған. Шығыс жаққа орналасқан 4-ші бөлекті 120 шаршы метр аумақты қазғанда, жұрттан 12 күлдіктің орны, 3 ошақтың орны, 4 тұрғын үйдің орны және екі оба табылған. Археолоктерымыз қазындыларды зерттеу арқылы аталған қыстау-қоныстың жұрты Қазақыстан територясындағы Жетісудің Кеген өзені алабынан (Іле өзенінің орта аңғарына жатады) табылған Үйсіндердің Ақтас Ⅱ қыстау-қонысымен, тұрақ-жай жұртымен архитектуралық құрылыс ерекшелігі, табылған заттардың сипаты, мәдениеті жағынан өте жақын, ұқсас екендігі байқалады, деп қараған. Олар тағы Іле өзені аңғарындағы Үйсін қабірі ескерткіштерін жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасыр алғашқы кезең; жыл санауымызға дейінгі І ғасыр орта кезең; жыл санауымыздың І ғасыры соңғы кезең деп үш кезеңге бөліп түсінік жасаған (13). Демек, бұдан Жетісу жері мен Іле өзені алабындағы археологялық мәдениеттердің қайнарлас, дәуірлес, сабақтас, бір-бірінің жалғасы екендігін көруге болады.

Есседондар туралы тұңғыш мәлімет берген Айстей Проконесски екен. Ол Есседондар жыл санауымызға дейінгі V ғасырда Aлтай өңірін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі деп көрсетеді. Осы жүз неше жылдың ішінде талай реткі қоныс аудару барысында Есседондадың бір бөлегі Шу өзені мен Амудария алқабына келіп қоныстанған (14). Олар осы өңірлерге қоныстанған соң Скиф яғни Сақ тайпаларына енген. Осыдан кейін, Сақтар туралы көп материал иелеп, жазба деректер жазған Птолемей Есседондарды Скифтік (батыстық) және серекілік (алтайлық) деп екі топқа бөледі.

Визентялық Схоласт Сенстің айтуынша, Есседондар жер астынан ағып шығатын өзен бойын жайлап, жұлдыздарға табынып, өзенді пір тұтатын, өздерін содан жаралдық деп есептейтін адамдар екен (15). Бұдан қарағанда, Есседондар Скиф-Сақ тайпалар одағына енгеннен кейін ұзақ жылдар бойы араласу, тоғысу барысында өздерін Скифтер яғни Сақтармыз деп есептеген. Скифтер яғни Сақтар сияқты өзенді шығу тегімен байланыстырып пір тұтқан, Скифтерше жұлдызға табынған.

Үйсіндер көне грек кітаптарында «Исседондар» деп жазылған екен. Бұл есімді бейне Енгелс айтқандай гректер Үйсіндерге таңған сияқты, әрі ол талай реткі өзгерістерге ұшыраған яғни Үйсін-Иссодон, Иссодон – Үйсін болып өзгерген.

Сақ тайпалар одағы, оның ішінде Үйсіндер қоныстаған өңірлерде ұзақ жыл қазба жұмыстарымен шұғылданып зерттеу жүргізген А.Н.Бернштам қатарлы орыс ғалымдары Амудария Сақтары ыдырағаннан кейін Үйсіндер, Құшандар, Тохарлар, Қаңлылар пайда болған деген ғылыми болжал айтқан. Кейінгі кезде сол өңірлерде жалғасты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары жыл санауымызға дейінгі бірінші мың жылдықтың аяғында оңтүстік Шығыс Қазақыстанда Сақ тайпалары бірлестігінің орнын атауы Үйсін деген жаңа тайпалар бірлестігі басты деп көрсетті (16).

Қола пышақ. Күнес ауданынан жиналған. Сурет "Үйсін туралы зерттеу" деген кітаптан алынды.

3. Сақтардың тегі және олардың Үйсіндермен болған қатысы

Адамзат туралы ғылымның зерттеуінше, адам баласы бұдан 14 миллион жыл бұрын хайуанат дүниесінен адамзат дүниесіне қадам тастағаннан бастап табиғаттың дайын өнімін иемденген тағылық балаң кезеңді, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен жекелей және қосып айналысатын варварлық кезеңді, сондай-ақ өнеркәсіп өнері мен көркемөнер үлгісін игерген мәдениеттік кезеңді басып өтіп, бұдан 3 миллион жыл бұрынғы алғашқы рулық қауымдық қоғамның табалдырығын аттады. Бұл тіршілік сапарында олар жаратылыстың жасырын сырларын, қилы-қилы құбылыстарын тануға ақылы онша жетпеді, өзгертуге дәрменсіздік етті. Сонымен олар айналасындағы, өте-мөте өздерінің өмірімен тікелей қатысты болған аспандағы ай мен күнге, көк пен жерге, тау мен тасқа, топырақ пен суға ұйып, олардың тегі, иесі туралы мифтік түсініктер жасап, өздері соған сенді, нанды, оларды әулие-пір тұтты, сонымен рулардың (бұл кез аналық рулық қоғамның аяқ шенін меңзейді) «бәріне ортақ діни ұғымдары (мифологиясы) мен табынушылық ырымдары» (17) қалыптасты. Алдымен төтемдік (алғашқы адамдардың танымындағы Құдай деп санаған айуанат немесе өсімдік), кейінтіннен анимизм (жан мен рухқа сену) діндер, одан көп Құдайлы шаман діні пайда болды. Шаман дінінің алғашқы Тәңірі көк Тәңірі мен жер Тәңірі еді.

Кейін келе бұл Тәңірлер көбейіп күн Тәңірі, от Тәңірі, су Тәңірі, жұлдыз Тәңірі, орман Тәңірі, т.б. Тәңірлер жарыққа шықты да ‹‹әрбір ру өзінің түпкі тегін Тәңірлердің бірінен бастайтын бөлді›› (18). Өз заманасында Сақтар міне осындай рулардан құралған тұлға еді.

Орта Азия өңірін мекендеген Сақ тайпаларын ежелгі грек тарихшылары Плини, Страбон қатарлылар ‹‹азиялық Скифтер›› деп, парсылар (персиялықтар) скиф атаулның бәрін Сақтар деп атаған. ‹‹Скиф›› – грекше беліне саптаяқ байлаған адам деген мағынадағы сөз екен. Өйткені, олар көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданып мал бағатындықтан, тұрмыс қажетіне байланысты белдіктеріне күміс шынжырлы саптаяқ байлап жүреді екен. Демек, ‹‹Скифтің›› Сақтарға олардың осы әдетіне байланысты гректер жағынан таңылған ат екені анық.

Геродот (шамамен жыл санауымызға дейінгі 428-484 жылдары жасаған) Скифтердің (Сақтардың ) тегі туралы Скифтердің өзінен және басқа көрші халықтардан бірталай аңыз-әңгіме естіген, жазып алған. Онда Скифтер өздерін Қара теңіз жағалауының байырғы тұрғыны есептеп, таным –сенімдеріне сай өздерінің шығу тегін сол өңірдің өзен-су, көлдерімен байланыстырған. Борисфенді (Денепр өзенін) киелі Құдай деп біліп, өздерінің көне бабаларына балаған. Геродоттың айтуынша, Скифтердің алғашқы Тәңірлері – Тайбити, Апи, Аргымпаса деген әйел Тәңірлер мен Бапы (бабай) қатарлы еркек Құдайлар екен. Осы Бапы мен Борисфен қызынан Тарғытай туған. Геродот осы Тарғытай туралы мынадай аңыз айтады: жылан әйел Ехидна Тарғытайды үңгірге күштеп апарып, өзімен бірге тұруға зорлап көндіреді. Жылан әйел Тарғытайдан Ұрпақсай, Құлақсай, Липақсай (немесе Елпексай) атты үш ұл туады. Ұрпақсай – күн әміршісі немесе Денепр патшасы, Құлақсай – күн әміршісі яғни күн Құдай деген ұғымды меңзейді екен. Скифтер өздерін осы күн әміршісі Құлақсайдан туғанбыз деп қараған. Тағы сол аңызда жылан ана Ехиднадан өрбіген Құлақсайларға (Скифтердің ата-бабаларына) аспаннан кесе, айбалта, соқа және мойынтұрық түскен-мыс. Енді бір аңызда әкеден балаға мұра болып кесе, жақ пен садақ қалады. Үш баланың кенжесі Скиф қана әке садағын қайырып тартып ата алады, сүйтіп Скиф Скифтердің бабасына айналады.

Егерде аңызды тарихи деректердің жаңғырығы десек, онда біз бұл аңыздардан мыналарды көре аламыз: бірінші, адамзат ол кезде өз дамуының балаң кезеңінде болып, жылан Скифтердің төтемі (киесі) болғанда аналық рулық қауымның тілек-армандарына сай дамып, әйелдер Скифтердің Тәңіріне (басқарушысына) айналған. Скифтердің яғни Сақтардың жыланды пір тұтып тегіне балауы ғажаптанарлық іс емес. Ерте заманғы адамдардың таным өресінен қарағанда қалыпты құбылыс деуге болады. Қазақ баласының қазірге дейін ата-анасына құрметсіздік еткен баласынан қаншалықты ренжіп жеріседе «іштен шыққан шұбар жыланым» деп қимастық сезімде болуы; үйге кірген жыланды өлтірмей басына ақ құйып есіктен шығарып жіберуі – әне сол таным-сенімнің сарқыншағы болса керек.

Екінші, Құлақсайдың күн әміршісі ұғымын білдіруі олардың күнді тіршілік тірегі деп есептеп, өздерін Ф.Энгелсше айтқанда «неғұрылым атақты» Тәңірден тарағандығын әрі адамзат қоғамы дамып аталық рулық қоғамға қадам тастап, ерлердің қоғамдағы ролының жоғарылағандығын әйгілелеген.
Үшінші, Скифтер яғни Сақтар тек мал шаруашылығымен ғана шұғылданбай, егін шаруашылығымен де айналысқан, қоғам дамып аналық рулық қоғамға енген, жеке мүлік пайда болып, тап жарыққа шыққан, мұрагерлік түзімі орнаған.

Фарфор астау. Моңғұлкүре ауданы Сарқобыдағы қабірден шыққан. Сурет "Үйсін туралы зерттеу" деген кітаптан алынды.

Жоғарыда айтқандарымыздың Птоломидың Исседондарды (Үйсіндерді) Скифтік (батыстық) және серекілік (алтайлық) деп екі топқа бөлгенінің визентялық Смоласт Сенстің Исседондар жер астынан ағып шығатын өзен бойын жайлайтын, жұлдыздарға табынып, өзенді пір тұтатын, өзіміз содан жаралдық деп есептейтін адамдар дегенімен бір арнада тоғысып жатқандығын айқын байқауымызға болады. Ал Геродоттың: «Тарғытай деген кісінің Ұрпақсай, Құлақсай, Ойпақсай (Елпексай) деген үш ұлы болды, олар Алтынтағ (Алтай) деген тауды мекен етіп, Мастағ (Мұз тау) деген жерге жайлауға барып жүріпті» (19) деп жазуы да осы ру-тайпалардың тектес, төркіндес екендігін, жүрген-тұрған жер-мекендерінің Қара теңіз бен Алтай тауы аралығы екендігін дәлелдейді.

Мейлі Скиф-Сақ немесе Сақ-Скиф болсын, мейлі Исседон немесе Үйсін болсын бәрі де Геродоттың айтуынша бағы заманда «Азияда өніп өскен». олар алғашында қандастық, туыстық байланыспен бірге жасап, кейінтінен өндірістің дамуына, жан санының артуына, ел басқару құрылымының кемелдене түсуіне байланысты ру-ұлыстарға, тайпаларға бөлініп, бірі бірінен қол үзісіп, өз алдына иеліктер құрды. Бірақ кейбір ішкі (ел басқару, игілік жарату), сыртқы (өзгелерден қорғану, өзгелерге соқтығу) себептерге байланысты қайтадан ұзақ мерзімге одақтасып бірікті. Бұл барыс ұзаққа жалғасты. Осы барыста олар өздерінің «бір тектен тараған» ру аттарын сақтаса да, айналасындағы елдер оларға өздерінше балаған аттарын сақтаса да, айналасындағы елдер оларға өздерінше балаған аттарын тағып та жүрді. Сонымен олар түрліше дәуірде, түрліше жерлерде, түрліше аттармен аталды. Бірақ «ру атының өзі тұқымының ортақ бір тектен тарағандығының дәлелі болатындығын» (20) қазірге дейін ешкім теріске шығарған жоқ.

Сонымен жыл санауымызға дейінгі VIII ғасырда Aзияда барлыққа келген Сақ тайпалары жыл санауымызға дейінгі 650 жылдарда гректер жағынан Скиф (беліне саптаяқ байлап жүретін), тиграхауда (шошақ төбелі тымақ киетін) Сақтар деген аттармен әліптеліп, кейін қазақ даласы деп аталатын жерден бір бөлігі оңтұстык орыс даласына, батыста Батыс Азияға, Солтұстык Еуропаға қарай қоныс аударды; Шығыста Кәспи теңізі жағалауларынан Чырдария аралығына дейін; жыл санауымызға дейінгі V-VI ғасырларда Жетісу, Іле өзені аңғарына, жыл санауымызға дейінгі ІІ-ІІІ ғасырларда Дұнхуаң, Чилиян тауына дейін өріс кеңейтіп барып қоныстанды. Жетісу жері мен Іле өзені аңғарындағы Сақтардың бір мүшесі болған Үйсін ру-тайпалары қатарлы ру-тайпалар қазақ халқының ірге тасын қалады.

Пайдаланған дерек көздері:

  1. Су Бейхай: ‹‹Батыс өңірдің тарих-жағрапясы››, Шындаң университеті баспасы, 1988 жыл, ханзуша 3-бет.
  2. Ф.Енгелс:‹‹Семяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы››, Шындаң халық баспасы,1959 жыл,166-бет.
  3. Жоғарғы кітаптың 159-беті.
  4. Су бейхай: ‹‹Қазақ мәдениетінің тарихы››, Шынжаң университеті баспасы, 1988 жыл. Ханзуша 27-беті.
  5. ‹‹Қазақ ССР тарихы››, 1980 жыл, Алматы. 1-том, 201-беті.
  6. Нығмет Мыңжанұлы: ‹‹Қазақтың қысқаша тарихы››, Шынжаң халық баспасы, 1987 жыл. 64-беті.
  7. Хуаң Чыңчаң: ‹‹Шынжаңның ертедегі тұрғындары, ұлттары және олардың Батыс өңірде құрған акымияттары››, шеге баспа нұсқасы, ханзуша 178-беті.
  8. Хуаң Жынхуа, Жаң Гуаңда: ‹‹Совет Одағында Үйсін туралы жүргізілген археологялық зерттеулердің мән-жәйі жөнінде шолу››, қараңыз: Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа:‹ ‹Үйсін туралы зерттеу››, Шынжаң халық баспасы,1989 жыл, 446-беті.
  9. Ханзуша ‹‹Шынжаң қоғамдық ғылымдары›› журналы,1985 жыл,1-сан.
  10. Байұзақ Қожабекұлы: ‹‹Тарихи таным››, ‹‹Ататек›› Баспасы,алматы, 1994жыл,290-беті.
  11. қараңыз: Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа: ‹‹Үйсін туралы зерттеу››, Шынжаң халық баспасы, 1989 жыл,444-445-беті.
  12. Доғарыдағы кітаптың 443-беті.
  13. Сағын Сұңғатай: ‹‹Іленің жоғарғы аңғарындағы ежелгі Үйсіндердің археологялық мәдениеті››,‹‹Шынжаң қоғамдық ғылымдары›› журналы,1995 жыл,1-сан.
  14.  ‹‹Қазақ сөвет энциклопедиясы››,5-том,124-125-беттері.
  1. Жоғарғымен ұқсас.
  2. О.Сымағұлов: ‹‹Ата-баба (тек)››, қараңыз: ‹‹Қазақ››, Алматы, ‹‹Білім баспасы››,1994 жыл,15-16-беттері.
  3. Ф.Енгелс: ‹‹Семяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы››, Шындаң халық баспасы,1959 жыл,167-беті.
  4. Доғарыдағы кітаптың 196-беті.
  5. Геодот:‹‹Тарих››, Сауда баспасы, 1959 жыл, ханзуша 4-томының 11-,12-беттері.
  6. Ф.Енгелс: ‹‹Семяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы››, Шынжаң халық баспасы, 1959 жыл, 188-беті.

Жалғасы бар...


Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Жақып Жүнісұлы, ҚХР тарих ғылымының аға зерттеушісі, профессор.

Автордың қысқаша өмірбаяны

Жақып Жүнісұлы 1938 жылы 1 шілдеде Іленің Күнес ауданы, Талды қалашығы, Ақши қыстағында дүниеге келген. 1947 жылы Ақши бастауыш мектебінің табалдырығын аттаған.  1952 жылы қыркүйекте аудан орталығындағы орталау мектебінде оқып, оны 1954 жылы бітіреді. Ж.Жүнісұлы 1954 жылы күзде Үрімжідегі Шынжаң институтының тарих-жағарапия факультетіне оқуға түседі. Оны үш жыл оқып, 1957 жылы бітіргенен кейін институттың өзінде қалып оқытушы болған. Ол 1957 жылы қарашада Бейжіңдегі Ұлттар институтына барып бір жыл ханзу тілін үйренген. Сондай-ақ Ж.Жүнісұлы 1958 жылдан 1963 жылға дейін Бейжің университетінде тарих ғылымы мамандығын оқып, бакалавр ғылыми дәрежесіне қол жеткізген. 1963 жылы тамыз айынан 1977 жылы қарашаға дейін Шынжаң университетінің тарих-жағрапия факультетінде оқу-оқыту қызметтерімен шұғылданған. 1977 жылдан 1980 жылы қазанға дейін  партия ячейкасының мүшесі санатымен дайындық көру группасының құрамында болып, Іле педагогика институтын құруға дайындық көру жұмыстарына қатынасқан. 1980 жылдан 1985 жылға дейін Іле пед институтының ханзу тілі фәкультеті партя ячейкасының хатшысы, сонымен бірге тарих сабағын өту міндетін қосымша атқарған. 1985 жылдан 1988 жылы наурызға дейін Іле пед институтының Оқу-оқыту басқармасы партя ячейкасының хатшысы, қосымша басқарма бастығы болған. 1988 сәуірден 1991 сәуірге дейін Іле пед институты ғылыми зерттеу басқармасының бастығы, қосымша Қазақ мәдениетін зерттеу кеңсесінің меңгерушісі болған. 1991 жылы желтоқсанда Іле пед институты тәртіп тексеру комитетінің орынбасар хатшысы, қосымша ғылыми зерттеу басқармасының бастығы болған. Содан бастап 1997 жылға дейін ол Іле пед институты зерттеу басқармасының бастығы, қосымша Қазақ мәдениетін зерттеу кеңсесінің меңгерушісі, аға зерттеушісі міндетін өтеген. 1994 жылы маусымда тәрих ғылымының аға зерттеушісі ғылми атағын алған. 1997 жылы қарашада  зейнет демалысына шыққан. 

‹‹Шынжаң қоғамдық ғылымдар мінбесі›› (No3 сан, 2007 ж.) журналынан аударып дайындаған Әлімжан Әшімұлы.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052