Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4221 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:22

Көкөрімдерді Кох таяқшасынан қалай арашалаймыз?

Туберкулез адам мен жануарлардың әртүрлі ағзалары мен мүшелерін зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы туберкулез микобактериясы, яғни кох таяқшасы. Туберкулез микобактериясының жоғары дәрежедегі айырмашылығы оның әртүрлі химиялық және физикалық әсерлерге тұрақтылығы.
Сондықтан да, олар адам және жануарлар ағзасынан тыс жерлерде де (ыдыс-аяқтарда, кітап беттерінде, шаң тозаң арасында, әсіресе лас, қараңғы жерлерде) 9 айға дейін өмір сүреді екен. Бірақ осы «батырымыз» күн көзінен қатты қорқады.

Туберкулез адам мен жануарлардың әртүрлі ағзалары мен мүшелерін зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы туберкулез микобактериясы, яғни кох таяқшасы. Туберкулез микобактериясының жоғары дәрежедегі айырмашылығы оның әртүрлі химиялық және физикалық әсерлерге тұрақтылығы.
Сондықтан да, олар адам және жануарлар ағзасынан тыс жерлерде де (ыдыс-аяқтарда, кітап беттерінде, шаң тозаң арасында, әсіресе лас, қараңғы жерлерде) 9 айға дейін өмір сүреді екен. Бірақ осы «батырымыз» күн көзінен қатты қорқады.
Туберкулез ауруының негізгі көзі – туберкулез ауруымен ауырған адамдар мен жануарлар сыртқы ортаға қақырық, түкірік, несеп және т.б. да заттар арқылы ауру қоздырғышының сыртқы ортаға шығаруы әсерінен. Бұл ауру негізінен тыныс жолдары арқылы таралады. Кейде тамақпен ауру малдың еті, сүті арқылы немесе науқас адамның пайдаланған ыдыс-аяғын қолданғаннан сау адамға жұғуы мүмкін. Туберкулез ауруы жұққан адманың барлығы бұл аурумен ауыра бермейді. Туберкулез ауруының қоздырғышы адам ағзасына түскеннен кейін ағзада өзгерістер болуы ықтимал. Бірақ ол өзгерістерді адамдар елең қыла бермейді. Егер туберкулез ауруы жұққан адамда ауруға қарсы тұру қабілеті төмен болса, ол кісінің ауыруы әбден ықтимал. Ауру басталуы алғашқыда ешқандай белгі бере қоймайды. Сондықтан да, кейде ауруға шылдыққандар арасында өкпе ыдырауы, ми қабының туберкулезі секілді аурудың асқынған түрлері тіркеліп жатады.
Аурудың алғашқы белгілері:
• екі аптадан артық жөтелу;
• әлсіздіктің пайда болуы;
• тамаққа тәбеттің төмендеуі;
• тершеңдік;
• дене қызуының көтерілуі;
• кеуденің ауыруы;
• қақырықта қан көрінуінің бірі пайда болса, бірден дәрігерге көрініп тексерілу қажет.
Туберкулез ауруы, әсіресе, кішкентай балалар мен жасөспірімдерге қауіптірек. Себебі, кішкентай балаларда қорғану қабілеті толық жетілмеген болса, ал жасөспірімдерде ағзаның тез өсуіне гормоналды өзгерістерге байланысты туберкулез ауруы ағама да ауырырақ. Туберкулез ауруын анықтауда балалар арасында жылына бір рет манту сынамасын жүргізу, жасөспірімдер арасында міндетті түрде жылына бір рет флюорографиялық тексерістен өту, ал ересектерде ауру белгілері пайда болса, қақырықты микроскопиялық тексерістен өткізу міндетті. Туберкулез ауруына тексерілу, емделу тегін.
Туберкулез ауруының емі – арнайы дәрі-дәрмектермен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ДОТС әдісі. Емдеу екі сатыдан тұрады:
1)    қарқынды сатысы: екі-үш ай міндетті түрде ауруханада жүргізіледі;
2) сүйемелдеу сатысы: төрт ай емханаларда жүргізіледі.
Ал балалар мен жасөспірімдер арасында емді толық аяқтағанға дейін ауруханада немесе емдеу-сауықтыру орындарында жүргізілгені дұрыс.
Аурудың алдын-алу жолдары:
1) туберкулез ауруына қарсы арнайы БЦЖ вакцинасын егу (3-4 күні перзентханада жүргізіледі), ал қайта егу мектептерде қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары арасында манту сынамасы тек теріс болған балаларға жүргізіледі;
2) туберкулез ауруы жұққан балаларға, яғни манту сынамасы бірінші рет оң және айқын, туберкулез ошағындағы балаларға дәрігер тағайындайтын алдын-алу емі (химиопрофилактика);
3) салауатты өмір салтын қалыптастыру, ол уақытылы демалу, құнарлы тамақ ішу, дене шынықтыру, жағымсыз әдеттерден (ішімдік ішу, темекі шегу, т.б.) аулақ болу.
Құрметті, жасөспірімдер, өз денсаулықтарыңызды сақтау – өз қолдарыңызда!

Дүйсеманова Пернекүл   
«Қазақстан-Заман» газеті 23 сәуір 2009 жыл
http://kazakzaman.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502