Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2344 0 пікір 14 Қыркүйек, 2009 сағат 22:41

Өркен ДАРХАН. Тұйық шеңбер

Ол енді оралмайды... Оң қолына орағандарын сол қолымен ағытып шешті. Алдымен советтің алқызыл шүберегі, сосын немістің свастикасы. Қоштасудың мезіреті ретінде қол бұлғаса да болар еді, алайда тарих қойнауына апарар отарбасына отырғанша асықты. ХХ ғасырды ақырғы көруіміз осы еді. Ол да келді... кешікті. 2001 жылдың 1 қаңтарында емес, 11 қыркүйегінде табалдырығымыздан аттады. Жақсылық күттік, жарылыс сыйлады. Осылайша, жаңа ғасыр Құрама штаттарындағы «қос егіздің» құлауымен басталды.

9.59 секунд - осынша уақытта Дүниежүзілік сауда орталығының оңтүстік мұнарасы опырылды. 10.28 секунд - солтүстік мұнара жерге шөкті. Өзін-өзі өлімге байлаған 19 лаңкесті есептемегенде, 2974 адам бақилық болды. 6291 адам жарақат алды. Бітпеді... бұл жаңа соғыстың беташары еді.

Сол бетбұрысты оқиғадан бері сегіз жыл өтті. Не өзгерді? Моральдық құндылықтар ма, әлде жаңа дүниежүзілік соғыстың алғышарты жасалды ма? Бастысы, футурологтардың «адами қатынастар жоғары деңгейде дамиды» деген болжамдары бос былшылға айналды. «Әлем қауіпсіздігі» деген иллюзияның әрі кетті. Қоғам әлеуметтік жағынан әр тарапқа бөліне түсті. Үстемқоғам, немесе француз ойшылы Д.Дюкло айтатындай «космократиялық» Батыс, одан үркетін - ортодоксал Шығыс, қалғандары, қысқасы осы қоғам-аралдардың арасы алшақтай түсті. Ислам өркениетінің сыртынан қоға бықсытып, күйе жағу белең алды. Тағы не өзгерді? Мұнараларының құлағанына «мұңайған» Буш бұзықтары ауған жерінің астан-кестеңін шығарды. Ирақты басып алу «кім күшті, соның сөзі жүреді» принципінің ашық көрінісі болды. АҚШ-та кімнің кітапханадан қандай кітап алғаны, қандай веб-сайттарды қарайтынын тексеруге құқық берген атышулы «Patriot Act» қабылданды. Гуантанамо зынданы ашылды. Жанымыз ашығанымыз болсын, мұнысымен АҚШ ғасырлар бойы қалыптастарған әлеуметтік мәдени кодын бұзып алды. Буш кезіндегі АҚШ не, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы Веймарлық Германия не, - айырмасы аз-ақ.

«Бұл қалай болды?» деген сауалға жауапты біз бермейміз. Әркімнің көкейінде өзі түйген жауап бар. Мүмкін, Ақ үй басшылығы арзан мұнай ресурстарына қол жеткізу, күрт құлдилаған қор индекстерін түзеу үшін осындай құрбандыққа барған шығар. Нерон Римді, Гитлер Рейхстагын өртеді. Алысқа бармай-ақ, АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа кірігу үшін Перл-Харборда әдейі қорғанбады. Әйтпесе, американ билігі жапон шабуылы болатындығынан бір ай бұрын хабардар еді. Мүмкін, КСРО-ның құлауымен бірполярлы жүйеге айналған әлемде өзін еркін сезініп, көршілеріне күрзісін сілтейтіндер көбейген шығар. Мысал керек болса, 1990 жылы Ирақтың қасындағы Кувейтке тарпа бас салуы. Мүмкін, әлем өз байлығын тым әділетсіз жүйеде бөлген шығар. Айталық, барлық ІЖӨ-нің 80 пайызы Жер халқының 14,5 пайызы ғана тұратын 24 еліне тиесілі. Әділетсіздік пе, әділетсіздік. Мұндай «мүмкіндер» мұнымен бітпейді әрі бәрін тізу міндетімізге кірмейді.

«Ең жаманы не?» десеңіз, біз қанға бөккен лаңкестікке бой үйреттік. Өзіміз секілді журналист ағайынның өзі жарылыста қаза болғандар саны бірлі-жарымнан артпаса, айтуға тұрмайды деп санайтын болды. Пенделік сана перифериямызды ақтымық басты. Бір жағынан тарихтағы ең ұлы алдауға алданған баладаймыз, енді бірде зауалды шақта туып, сүтке жарымаған көдік қозының күйін кешеміз. Тұйық шеңбер, абстракциялы шексіздік - қалай атасаңыз да, өзіңіз білесіз. Тек әлемнің мылжасы шыққан молекулярлық құрылымын қайта түзеуге болатындығы ғана көңілге сенім ұялатады. Әйтеуір, сенім деген ұлы сезімді қалдырып кеткеніңізге де рахмет, ХХ ғасыр!

«Дала мен қала» газеті, 15.09.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439