Заң: Тіл балансы сақталып, Отандық контент дамымақ
Өткенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды.
Аталмыш жаңа заңның мақсаты қоғамдағы сұраныстарды ескере отырып, БАҚ саласындағы даму үрдісін қалыптастыру, мемлекетік мүдделерді, масс медиа туралы заңды қайта қарау. Қол қойылған жаңа заңдарға тоқтала өтсек, әр тармақтың өзіндік маңыздылықтарын байқауға болады. Мәселен:
1. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарының ескіру мерзімі енді бір жылды құрамақ.
Қазіргі таңда БАҚ-қа қатысты талап етілетін істер бойынша талап қою мерзімі нақтыланбаған, яғни мерзімсіз. Осы тұста "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң аясында аталған мерзім бір жылдық уақытқа бекітілді. Бұл қоғамдағы сөз бостандығын, сондай-ақ БАҚ қызметін қорғауға айтарлықтай оң әсерін тигізбек. Сондай-ақ бекітілген уақыт халықаралық практиканың заманауи талаптарына жауап береді.
2. Енді Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына жауап беру күні 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылады.
Заң түрінде БАҚ сұрауларының ауызша сұрау салулар, жазбаша сұрау салулар, ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулар сынды бірнеше ресми түрі бар. Енді аталмыш сұрауларға жауап беру мерзімдері нақты градацияланып, 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
3. Тіл балансы сақталынып, Отандық контент дамымақ.
Жаңа заңның басты мақсаттарының бірі - аудиторияны қазақ тілінде қалыптастыру арқылы медианың қоғам өміріндегі өзектілігін арттырып, қазақ аудитоиясына күрделі мәселелерді жедел, кәсіби, сапалы түрде жеткізу. Тәуелсіздік алынғанымен қазақ контенттері орыс тіліне тәуелді болып келді. Тіптен, Отандық арналарды қоссақта барлық бағдарламалар екі тілде көрсетіліп, 50%-50%-ды құрап келген. Бұл тәуелсіз ел үшін қуантарлық көрсеткіш емес.
Мемлекеттік тілді және отандық контентті дамытуды қолдау мақсатында Заңда мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың, сондай – ақ отандық контенттің апта сайынғы көлемін 50% – дан 60% - ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген. Яғни, 2025 жылдан бастап-55%-ды құраса, 2027 жылдан бастап-60%-ға жетпек. Бұл заң қазақ тілінің ұстанымын нығайтуға, сондай-ақ отандық медиа индустрияның дамуына өзіндік серпінін береді.
4. Отандық өнімдерді шетелдік арналарда ұсынып, тарату.
Мемлекеттік тілді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта шетелдік теле - радиоарналар отандық контентті таратуды жүзеге асырмайды. Қазақстанда өмір сүргенімізбен кигеніміз қытайдың киімі, қолданатынымыз - корейдікі, көретін киноларымыз - түріктікі, тіптен жарнамалардың өзін де түрік өнімдері басып алған. Сөздің ашығы Отандық өнімдердің жарнамасын көгілдір экраннан көру бақыты жиі бұйырмайды. Енгізілген жаңа заңда шетелдік теле-радиоарналар үшін отандық өнімді тарату бойынша теле-радиобағдарламалардың жалпы көлемінің кемінде 10% мөлшерінде міндеттеме белгіленген.
5. Жаңа заңдағы енгізілген өзгерістердің тағы бірі "Интернет-басылым" ұғымын енгізу.
Заңда "желілік басылымдар" және "ақпараттық агенттіктер" ұғымдарын "интернет-басылымдар"деген бірыңғай ұғымға біріктіру көзделген. Бұл ретте, интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады.
6. Жаңа заңға енгізілген өзгерістердің тағы бірі Отандық телерадио хабарларын тарату операторларын cубcидиялay.
Eнді Зaң шеңберінде отандық телерадио хабарларын таратy операторларын cyбcидиялаy ұсынылады. Сyбсидиялаy бірінші кезекте отандық операторлардың жабдықтарын сатып алy бағасын шетелдік жеткізушілерге қарағанда анағұрлым тартымды етyгe, сондай-ақ отандық контентті қолдаyды жүзегe асырyға, ақпараттық eгемендікті нығайтyға, сондай-ақ өзінің ақпараттық күн тәртібін таратуды күшейтуге мүмкіндік береді.
7. Қол қойылған заңдағы жаңа өзгерістің бірі өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі.
Заңда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мәселелері бойынша республикалық және өңірлік деңгейлерде тек БАҚ өкілдерінен ғана ерікті негізде құрылатын қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру құқығы бекітілген. Өзін - өзі реттеу субъектілері жүзеге асыратын негізгі міндеттердің бірі-журналистердің этикалық кодексін әзірлеу.
8. Аккредиттеу картасы.
Журналистерді аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда БАҚ аккредитациясын жедел алуға мүмкіндік беретін аккредиттеу картасын беру тетігі енгізілді.
Аккредиттеу картасы бірыңғай медиа платформа арқылы іске асырылатын болады, ол өз кезегінде картаны цифрлық түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
9. Шетелдік БАҚ-тарды аккредиттеу рәсімін регламенттеу.
Шетелдік БАҚ-ты аккредиттеу тәртібі заңнамалық деңгейде регламенттелген, ол сондай-ақ шетелдік БАҚ пен журналистердің қызметіне тиісті аккредиттеусіз тыйым салуды қамтиды. Бұл нормалар сөз және шығармашылық еркіндігіне әсер етпейді, тек СІМ-нің тиісті заңға тәуелді актілерінде көзделген шетелдік БАҚ-тарды аккредиттеуді алу процесін заңнамалық деңгейде нақтылайды.
10. БАҚ-та суицидке қатысты тақырыпты жауапкершілікпен жариялау.
Бұқаралық ақпарат құралдарға қатысты заңда өз-өзіне қол жұмсауды насихаттауға жататын ақпараттың тізбесі айқындалған. Бұл шаралар осындай нәзік тақырыпты этикалық тұрғыдан қамтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар суицидті насихаттау" ұғымының нақты белгіленуін анықтайды.
11. Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктері.
Журналистика саласының жұмыстағы маңыздылығын ескере отырып, заңнамалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдары иелерінің денсаулығы мен өмірлеріне қауіп төнген жағдайларда, міндеттерін орындау кезінде журналистерді қажетті құралдармен қамтамасыз ету міндеттемесі белгіленді. Сонымен қатар, өз міндеттерін орындау кезінде барлық журналистердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда шығындарды өтеу қарастырылған. Бұл жаңа заңдағы шаралар журналистердің құқықтарын қорғайды және олардың ерекше мәртебесін бекітеді. Себебі, соңғы жылдары әлем бойынша журналистердің өлімі жиілеп, қоғамда резонанстық мәселелер туындаған болатын. Алтын көпірдің берік қалануы - сол елдегі дамудың айқын көрініс екендігін ескеру қажет.
12. Гранттық қаржыландыру.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс арқылы сатылатын өнімнің мазмұны мен мазмұнының маңыздылығын ескере отырып, гранттық қаржыландыруға көшу ұсынылды. Қаржыландырудың бұл түрі кешенді жобалық тәсіл мен шығармашылық компонентті ескеруге мүмкіндік береді. Гранттық қаржыландыру кезең – кезеңмен енгізілетін болады. Өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың ағымдағы тетіктері шеңберінде қалады.
13. Медиа-жобаларды қаржыландыру кезінде шығармашылық тәсілді дамыту.
Гранттық қаржыландыруды іске асыру кезінде ағымдағы тарифтік тәсілден сметалық тәсілге көшу ұсынылады. Өз кезегінде гранттарды қысқа мерзімді (бір іс-шара немесе оқиға шеңберінде), орта мерзімді (бір жылға) және ұзақ мерзімді (бірнеше жылға, мысалы, тарихи сериалдарды түсіруге) бөлу тәсілі енгізілетін болады. Гранттық қаржыландыру кезінде мемлекеттік тілдегі мазмұнға 2/3 пропорцияда басымдық беру ұсынылады.
14. Журналистердің этикалық кодексін әзірлеу.
"Масс-медиа туралы" заңда БАҚ-тың детальдылығы мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіби кеңестердің журналистердің этикалық кодексін әзірлеу жөніндегі маңызды функциясы бекітілген. Қазіргі уақытта журналистердің этикалық кодексінің маңыздылығы пісіп-жетілді, бұл ретте осы құжатты әзірлеумен журналистердің өздері айналысуы тиіс.
15. Кез келген елде орын алатын апаттық, я болмаса төтенше жағдайларда журналистердің құқықтарын қорғау.
Журналистердің өміріне кез келген уақытта қауіп төніп отырады. Ол бұрыннан бар факт. Әсіресе бұл жағдайлар төтенше жағдайлары кезінде маңызды. Мәселен өз міндеттерін атқарып жатқан журналистердің барлығын техникалық қауіптен сақтау мақсатында қауіпсіздік жағдайлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себептіден олардың қоғам өміріндегі маңыздылығын арттыру мақсатында жаңа заң - олардың өмірлерінің кепілдіктері ретінде қарастырылды. Бұл жаңа заң өз кезегінде олардың БАҚ-қа өзекті ақпарат салып, БАҚ-тың жоғары рейтингке ие болуына мүмкіндік береді. Жаңа заң күшіне енгеннен бастап, әр БАҚ өз қол астындағы журналистердің өміріне жауапты, және олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуі тиіс.
16. Бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтарын қорғауға арнайы кеңестер құру.
Қазіргі қоғам - көгілдір экраннан білім алып, смартфоннан онлайн ақпарат алмасатын жастардыкі. Алайда, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде кеңінен етек жайған жалған ақпараттардың көбеюі, күнделікті дағдыға айналып бара жатқан зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыптар мен киберқылмыстар, технологиялардың қарқынды дамуы, т.б өзекті мәселелер кәсіби журналистикаға үлкен кесірін тигізуде. Аталмыш жаңа заң өз кезегінде туындаған проблемалық тақырыптарды оңай шешуге, сондай-ақ, журналистердің құқықтарын қорғауды жеделдетуге өз септігін тигізеді.
17. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын қаржылай қолдау.
Дүниежүзіндегі елдермен иықтіресіп, бір деңгейде ақпарат тарату үшін елдің экономикасы өз кезегінде маңызды рөл ойнамақ. Әсіресе бұл тарапта елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікке төзімділік білдіру мәселесі өзекті мәселе ретінде әлі қаралып келеді. Аталмыш жаңа заң бгл ретте БАҚ субъектілерінің гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуына өз септігін тигізіп, оларға қажетті қаржыны алуға жағдай жасайды (фильмдер мен телехикаялар, т.б түсіруге).
18. Уәкiлеттi органның бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жасау мүмкіндігін бекіту.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жариялаған ақпараттарында кей сәттері дұрыс зерттелмеген, яки толық нақтыланбаған, фильтрден өтпеген мақалалары да кездесіп жатады. Бұл аталмыш мәселе қоғамдағы жастарға моральдық, тіптен өз кезегінде ұлттыққұндылықтардың бұзылуына т.б зиянын тікелей тигізеді. Сол себептіден уәкiлеттi органның зиянды ақпаратты анықтау және оның таралуына жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жасау құзыретi болуы қажет. Бұл дегеніміз ұлттық және дәстүрлі құндылықтарға сәйкес келмейтін ақпаратты тарататын БАҚ-қа ескерту жасап, аталмыш тақырыптарға қатысты ұсыныстар ғана беретін болады.
19. Мемлекеттік ақпараттық саясат жөніндегі республикалық комиссияның құрамына БАҚ өкілдерін тарту.
Ақпараттық саясатты қалыптастыру комиссияларына медия өкілдерін тарту арқылы, елдегі өзекті тақырыптарды білуге, қазақстандық аудиторияның мүдделерін толық көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік бөлінетін қаржының дұрыс бағытта жұмсалуына үлкен үлес қоспақ.
20. Мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ ұғымдарын ажырату.
Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік ақпараттық саясаттың мақсаттарын іске асыру кезінде өзектілігі бар маңызды тақырыптардың спектрін қамтиды. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары медиа сегменттің аз бөлігін құрайды. Ал күнделікті ақпаратты таратуда мемлекеттік емес медиа маңызды рөлге ие. Сонда да аталмыш медиа саласындағы жандарға мемлекеттен қолдау беріліп, контенттің дамуына бар жағдай жасалынып келеді.
21. БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру мәселесі бойынша ашықтық.
Бұл күндері бұқаралық ақпарат құралдарындағы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған гранттық қаржыландыру тетігі қарастырылған. Енгізілген жаңа заңдағы мақсат - гранттарды бөлуге мемлекеттің қатысуын қысқарту және барынша ашықтықты қамтамасыз ете отырып, оның ішінде гранттарды іске асыру мониторингі механизмін енгізу болады.
22. Журналистерге арнайы аккредиттеу картасы.
Өздеріңіз білетіндей кез келген БАҚ өкілі қандай да боомасын іс шараға қатысуы үшін алдын ала мекемелерге өтініш тастап, оның жауабын күтіп жүреді. Бірақ, бюрократиялық бұл әдіс тым ұзақ уақытты жоғалтуға алып келеді. Жаңа заңға енгізілген аккредиттеу картасы журналистерге цифрлық платформа арқылы беріледі деп жоспарлануда. Тиімділігі бойынша енді журналистер бір-екі минутта өтініш бере алады. Бұл журналистердің ақпарат көздеріне қолжетімділігін жеңілдетеді.
Abai.kz