Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3467 0 пікір 30 Желтоқсан, 2013 сағат 07:23

Қазақ тілді орта өгей әліпбилер қолдануға мәжбүр

Жуырда тілге қатысты ерекше отырыс болды. Бұл отырыстың әдеттегідей тақырыпты талғажау етіп, мәселені мылжалап жұрттың көпсөзділігін қоздырған жоқ. Бір топ тіл жанашырларының өтінішімен Астана қалалық Тіл басқармасы кезектен тыс өткізген дөңгелек үстел «Қазақ әліпбиінің латын таңбаларымен берілуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктері» деген тақырыпқа арналды.

Отырысты ашқан басқарма басшысы Ербол Тілешов: «Бүгін біз бір жыл бұрын басталған латын әліпбиі туралы мәселені қорытудан да, одан әрі созудан да аулақпыз. Латын әліпби мәселесі тоқтап қалған жоқ,бұйыртса алдағы 2014 жылы тыңғылықты қолға алынбақ. Қазір ешбір әліпби жобасын талқылауға жиналған жоқпыз. Бүгінгі отырыс қазақ тілі үшін электрондық кеңістіктегі туындап отырған қажеттілік пен мүмкіндік жайына арналмақ».

Жуырда тілге қатысты ерекше отырыс болды. Бұл отырыстың әдеттегідей тақырыпты талғажау етіп, мәселені мылжалап жұрттың көпсөзділігін қоздырған жоқ. Бір топ тіл жанашырларының өтінішімен Астана қалалық Тіл басқармасы кезектен тыс өткізген дөңгелек үстел «Қазақ әліпбиінің латын таңбаларымен берілуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктері» деген тақырыпқа арналды.

Отырысты ашқан басқарма басшысы Ербол Тілешов: «Бүгін біз бір жыл бұрын басталған латын әліпбиі туралы мәселені қорытудан да, одан әрі созудан да аулақпыз. Латын әліпби мәселесі тоқтап қалған жоқ,бұйыртса алдағы 2014 жылы тыңғылықты қолға алынбақ. Қазір ешбір әліпби жобасын талқылауға жиналған жоқпыз. Бүгінгі отырыс қазақ тілі үшін электрондық кеңістіктегі туындап отырған қажеттілік пен мүмкіндік жайына арналмақ».

Е.Тілешов мырза одан әрі ISO9 халықаралық стандартында қабылданған ұлттық тілдер мен халықаралық 26 қаріптен тұратын латын әліпбиінің арасындағы транслитерациялық (сөзді бір тілдің әліпбиінен екінші тілдің әліпбиіне аудару) мүмкіндікке тоқталды. Бүгінде талай алпауыт елдер мен дамыған мемлекеттердің бәрі дерлік өздерінің төл әліпбиі бола тұра, тіпті диакриттік латын әліпбиі болса да А-26 форматындағы ағылшын әліпбиімен көпір жасап алғандығын келтірді. Мұндағы мәселе әлемге ортақ пайдаланылатын шифрлар болсын, техникалық сөздер А-26 арқылы жазылып, ешбір кедергісіз танылуы үшін амалсыз халықаралық үрдіске түскендігі айтылды. 

Батыс пен Шығыс елдерін былай қойғанда, Ресейдің өзі «волапюк» (әлеуметтенген жасанды тіл) аталатын А-26 әліпбиін бекіткен.  Ал ISO9 стандарты ешкімді мәжбүр еткен құжат емес, әр ел өзінше ереже тудырмас үшін бірігіп, бірыңғай волапюк жүйесін жасақтауға келіскен халықаралық қағида. Бұл стандарттың негізінде бүгінде әлемде барлық тілдерден бір-біріне жазуды ұлттық әліпбиге ауыстырудың автоматты мүмкіндіктері жасалуда екен. Мәселен, қазақша жазылған «қазақ» сөзін программалық қамтыма арқылы әлгі стандарты бар елдердің тіліне аударып компьютермен жаза салуға болады. Сонда бір тілдің сөзін бірнеше нұсқамен емес, бірыңғай жазу мүмкін болмақ. Ал, қазақ тілінде волапюк әлі күнге жоқ, әркім А-26 қаріптерімен өз беттерінше теріп жүр...

Отырыста бас баяндама жасаған тілтанушы, заңгер Серік Ерғали «волапюк» ұғымын жұртқа түсінікті болуы үшін «көлеңке әліпби» атай отырып, оның транслитерациялық, техникалық, құқықтық және әлеуметтік жайына «Латын қаріпті техникалық-литерациялық әліпбидің қажеттігі: құқықтық және әлеуметтік мәселелер» атты баяндамасында тоқталды. Баяндамашының айтуынша, Қазақстандағы қазақ тілді қазақтар  3 әліпбимен күн көруде: қазақ,орыс және ағылшынша. «Бұлардың соңғы екеуі заңсыз қолданыста, себебі бұлардың қолданымын реттейтін елде құқықтық-нормативтік құжат та, реттейтін лингвистикалық ереже де жоқ. Қазақтілді қазақтар мұндай заңсыздыққа амалсыз мәжбүрлікттен барып отыр» деді С.Ерғали. Оған күнделікті қолданыстағы электрондық саймандардан бастап, ауа-райының қолайсыздығы мен азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және білім беру салалары мен тағы басқа да ұйымдардың жұртшылықты мобилдік байланыс арқылы құлақтандыратын хабарламалары жатады.

«Бұлай хабарлама тарату – заңсыз. Егер де қате кетіп тұтынушы оны дұрыс ұқпаса кім жауап береді? Кез келген азамат бұл үшін әлгі мекемелерді жауапқа тартуға мол мүмкіндігі бар» дей келіп, Серік мырза: «Бірақ бір жағынан әлгі ұйымдар өгей әліпбимен қазақтілді азаматтарға қызмет етуге мәжбүр, олардың бұл шарасыздығын кінәлау қиын. Оларды бұған итермелеп отырған тіл саясатын үйлестіруші және елдегі электрондық техникалардың мемлекеттік тілге сәйкестігін қадағаламай, оңды-солды сатуға рұқсат беріп, саймандар базарын бетімен жіберген  мемлекеттік органдар кінәлі! Ол министрліктерді кез келген қазақтілді азамат сотқа бере алады» деп атап өтті.  Осы жерде баяндамашы бекітілген волапюгі бар орыс тілі мен «көлеңкесі» жоқ қазақ тілін былайша салыстырып өтті:

  1. Орыс тілі үшін ағылшын қаріпті волапюк ресми түрде бекітілген:
  • бірізділік бар;
  • ресмилік бар.

2. Қазақ тілі үшін ағылшын қаріпті волопюк ресми бекітілмеген:

  • қаріптер түрліше қолданылады;
  • ережесіздік жайлаған – әркімнің өз латынша әліпбиі бар...

Бұдан кейін баяндамашы банк қызметтеріндегі әліпби былығына тоқтала келіп, жуырда ғана Казкомның клиенті Мұстафа Аңсаған Құрманғазықызының аты-жөні әліпбилік мазаққа қалай ұшырағанын көрсетті. Ақыры банк клиенттен жазбаша кешірім сұрауға мәжбүр болған. Ал қаншама қазақ өз тілінде қызмет алудың орнына құқығы аяққа тапталып жатыр!..

Баяндамашы одан ары тіпті сорақы мәселені ашты. ҚР Әділет Министрлігі азаматтарға беретін шетелдік төлқұжаттарда ағылшын тіліне транслитерацияланған аты-жөндер қаншалықты заңды? Бұл сауал бұған дейін қойылмапты. Мұны әдетте біздің аты-жөніміздің ағылшыншаға жасалған аудармасы деп жүрміз, ал аты-жөн басқа тілге аударылмайды, бар болғаны ағылшын әліпбиіне әріп-дыбыстар ауыстырылады – транслитерацияланады.

Бақсақ, Әділет Министрлігі қазақша аты-жөндер мен елдің атауын мемлекеттік тілден ағылшыншаға аударғанда орыс тілінің транслитерациялық заңдылығына бағындырады екен. Қазақ тілінің сөздерін шет тілдерге ауыстыратындай транслитерациялық заңдылығы мен ережесі әлі жоқ! Соның кесірінен «Қазақстан» орысша «Казахстан» сөзінен ағылшынша транслитерацияланған! Бұл жайттарды қорытқан заңгер мынадай тұжырымды тағы алға тартты:

Қазақ тілінің өзге тілдік ортамен арақатынасы лингвистикалық және заңдамалық жағынан қамтылмаған:

  • Халықаралық тілдерде жазылатын қазақ сөздерінің транслитерациялық қағидасы қалыптаспаған, сөздік жоқ, ереже жоқ,үлгі жоқ;
  • Қазақтілді сөздерді шет тілдерге аударып жазуда реттейтін нормативтік акт жоқ, соның салдарынан қазақ сөздері орыс тілінің транслитерациясына бағындырылған.

Сонымен астаналық тіл жанашырлары С.Ерғали баяндаған мына қорытынды қабылдады:

1.Қазақ әліпбиінің техникаға бейімделмегенінен және елдегі техникалық орта мемлекеттік тіл әліпбиін мойындауға мәжбүр етілмеген, салдарынан - қазақ тілінің ресми әліпбиінің қолданысын өгей қаріптер атқаруда, техникалық-транслитерациялық әліпбидің қажеттігі ескерілмеуде – азаматтық және тұтыну құқығы аяққа басылуда;

2. Қазақ тілінің халықаралық тілдермен арадағы транслитерациялық заңдылығы жүйеленбегендіктен, қазақтілді сөздер орыс тілінен халықаралық тілдерге транслитерацияланып, қазақтілді сөздер орыс тілінің заңдылығымен таралуда: KAZAKHSTAN – тілдік құқық пен мемлекеттік заңдылық тапталуда.

3. Әлемдік көптеген тілдердің ағылшын қаріпті волапюгі – техникалық әліпбиі бар, ол біреулерде үкімет не министрлік бекітсе, кейбірінде тілдік органдар бекіткен, енді біреуінде лингвистикалық орталықтар ұсынған. Ал біздегі ақуал: мобилдік операторлар, банктер, төтенше қызмет саласы т.б. тараптар амалсыздан өз беттерінше жасанды әліпбимен қызмет етуге мәжбүр – тілдік мәртебе аяқасты болуда.

Сайып келгенде, қазақ  тіліне ең болмаса бейресми техникалық А-26 әліпбиі бекітілсе, көптеген заңсыздықтар мен құқық тапталу жайы болмас еді. Бұған ешбір саясаттың да, елбасы жарлығының да қажеті шамалы, өйткені бұл әлеуметтік ортада техникалық түрде қолданылатын  қосалқы «көлеңке» әліпби екенін біреу ұқса, біреу ұғып болған жоқ. Бәленбай мың иеорглифпен жазып жүрген Қытайдың да ағылшындық волапюгі бары ескерілмей отыр. 

Бейсен Бұхарбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289