Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4018 0 пікір 8 Қаңтар, 2014 сағат 05:21

Айша Құрманғали. Тарихи драма тағылымы

1-cурет: Актер  Б.Молдабаев (Қалдан Серен) С.Қашқабаев (Абылай хан)

2-сурет: Актер Б.Молдабаев (Қалдан Серен), актриса Ақмарал Танабекова (Топыш сұлу)

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыка-драма театры жазушы Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың режиссерлігімен сахналап, көрермендеріне ұсынды. Өздерінің кәсіби шеберліктерімен әр қойылым сайын астаналықтарды таңдай қақтырып жүрген аталмыш өнер ұжымының бұл жолғы ойыны да жұртты тәнті ете алды.

         Жалпы алғанда бас-аяғы жинақы, ойы ұтқыр, жалпақ жұртқа айтары бар туындының басты идеясы аты айтып тұрғандай сайын далада шашырай қоныстанған үш жүздің басын қосу екендігі қойылымға арқау болды. Әр көріністің шырқау шегіне жетіп, келесі сатыға ауысқан сәтіндегі мазмұндық сабақтастықты үзбей жалғап әкетіп, әрдайым оқиға желісін тартымды етіп сахналауы режиссер Болат Ұзақовтың осы саланың тәжірибелі маманы екендігін айғақтай түскендей.

Осы орайда, сахна декорациясының ықшамдылығы  айтар ойды жүйелі сабақтауға өз ықпалын тигізетінін аңғартты. Айталық, қазақ даласына төніп келген жаудың бетін қайтарған сәттегі сахнада ілінген торлы перделердің қозғалысы  ұрыс майданында жан алысып, жан беріскен шайқасты бейнелесе, оның киіз үйдің пішінін таба қалуы мамыражай тыныш өмірді көз алдыңа әкеледі. Бұл да әрине, режиссер мен суретшінің ортақ мақсатқа жетуде шығармашылық тандем құра алғанын көрсетеді. Шын мәніндегі ізденісті айғақтайды.

Драма басталуынан-ақ өткір шиенеліс пен қарама қайшылыққа толы оқиғаға негізделген. Тұтқындағы Абылайдың сыбызғы аспабын өзіне серік етуінің өзі қазақ халқының мұң-зарын жырлаған елшіл, ұлтына адал тұлға екендігін бірден ұқтырады. Жоңғар билеушісі Қалдан Сереннің қызы, айдай сұлу Топыш арудың Абылайға деген махаббат сезімін актриса Ақмарал Танабаева артық-ауыс сөзсіз-ақ кейіпкерге де, көрерменге шебер жеткізуі режиссер шешімінің іс жүзінде ақталғандығын айғақтаса керек.

Бұл жерде жоңғар құн-тәйжісі (хонтайшы деп жазу қате) Қалдан Серен образына бөле-жарып әдейі тоқталғымыз келеді. Себебі, бұл жерде драма авторының да, сахналаған режиссердің де жасаған ұтқыр қадамдары бар. Яғни, олар жау образын сыңаржақ көрсетуден бойларын аулақ салған. Қарсы жақтың бәрін қанішер қатыгез, ақымақ етіп көрсету – қазіргі кезде көркемдік шындыққа сай келмейтін үрдіске айналған. Образ жасауды айтпағанның өзінде тарихи ақиқатқа да қайшы келері басы ашық әңгіме. «Ханда қырық кісінің ақылы мен айласы бар» деген қағидаға сүйенер болсақ, мұндағы оқиғаның желісі біршама нанымды әрі қисынға келерліктей.

Мысалы, Қалдан Серен жанынан жақсы көретін жалғыз қызы Топыш аруды өзінің атқосшысы, содыр сойқан Жамбыға қимай керісінше, оны өз қалауымен тұтқындағы Абылайға қосып, Қазыбек би айтқан сөзге тоқтап қазақтармен мәмілеге келуі оның нағыз көреген қолбасшы екендігін көрсетеді. Өз кезегінде бұл образды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Боранбай Молдабаев өте сәтті сомдап шықты. Кейікердің ішкі қайшылықтарға толы көңіл күйін, туған ұлынан қапыда айырылған әкенің қасіретті кейпін, қызының аузынан шыққан күтпеген сөзді қабылдай алмаған күйзелісін, ауыр ойдың құшағында отырып, ақыры бәрін ақылға жеңдірген даналық тұлғасын айналасы бірнеше минуттың ішінде толықтай ашып, көрермен көңіліне ұялата білді.

Сол секілді актер Самат Байыровтың – Әмірсанасы, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамовтың – қазақ биі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Нұрлановтың – князь Иваны, актер Дастан Әлімовтің – На Вангі өз табиғи болмысымен, образды ашудағы шебер ойындарымен есте қалды.

Өзге драмалармен салыстырғанда бұл туынды тілінің қарапайым әрі көрерменге жақындығымен ерекшеленді. Дегенмен, солай екен деп әдеби-көркемдікті газет публицистикасына тым жақындатпаудың және тарихи дәуірдегі қатынас құралының қандай өзгешелігі мен дербес сипаты болғандығына назар аудару да артықтық етпес деп ойлаймыз.

Айтпаса болмайтын бір жәйіт – тарихи атаулардың бұрмалануы болды. Мысалы, Әмірсананы қуғындап жүргендер «қытай» империясы, қытай елшісі болып айтылып жатыр. Ол тұста қытай империя болу былай тұрсын өздері және Монғолия, Тибетпен қоса Мәнжу-Чин елінің бодандығында болған.  ҚХР құрылып, жариялануының өзі 1949 жылы болса, ол Абылай ханның тұсында қалай империя болмақ? Ол тұста дала қазақтары шығыстағы көршілерін «шың елі», «шүршіт», ал, орыстар «цин» деп атаған, онысы – сол тұстағы отаршы империя мәнжулер болатын. Кейін олар ешбір соғыссыз-ақ қалың қытайға сіңіп жоғалды. Қазіргі таңда Харбин қаласы тұсындағы шығыста Манчжурия деген автономиялық аймақ қана қалғаны белгілі. Тарихтың осындай қарапайым дүниелеріне автор да, режиссер де назар аударғаны абзал болар еді.

Соған қарамастан драма діттеген мақсатына жетті. Абылай ханның ерлігі мен ақыл, парасаты жайында терең толғап, оның өнегелі өмірінен тағылым боларлық көптеген сырларды көңілге ұялата білгені өнер сүйер қауымға үлкен олжа.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555