Жемқорлық жайлаған Қазақстан жаһандық жемқорлыққа қарсы күреске шықты
Жемқорлық рас, жаһанға жайылған кесапат. Ол кесапатты әлемді кезген кез келген қу тұяқ таратып жүре беретін болды. Мысалы, мұхиттың арғы жағынан бір ысқаяқ Қазақстанға келеді де шаруаңды жайғап, қарыныңды майлап беремін деп соғады. Біздің кісілер оған, әрине, бек сенеді де «орамал тон болмаса да жол боладының» кәдесін жасап жібереді. Одан кейін әлемдік деңгейде шу шығады. Ол шуды басу үшін әлекедей жаланып тағы бір қу шығады.
Жемқорлық өрмекшінің торы сияқты жер жиһандағы елдердің бәрін шырмап алған құбылыс. Трансперенси Интернешнл (Transparency International) халықаралық ұйымының мамандары қай мемлекетте кедейшілік басым, қай мемлекетте әлеуметтік ахуал ушығып тұр сол мемлекетті пәреқорлық, жемқорлық, коррупция жайлаған дейді. Мәселен, Қазақстан былтыр коррупция жөніндегі көрсеткіш бойынша 180 елдің ішінде 145 орынды иемденіп, әлгі «абройлы межені» Шығыс Тимормен бөліскен еді. Шығыс Тимор деген жасыл жапырақтан басқа ештеңе өнбейтін, тауларынан ыстық лавалар атқылап жататын тынышсыз аймақ. Елдің ішкі ахуалы да тұрақсыз. Үнемі соғыс, үнемі қақтығыс. Жер асты қазба байлығымен ғана емес, 130 ұлттың аузын алып, бірлігін тауып отырған Қазақстан өзіндегі осыноу жарасымды тұрмыстың жайымен де Шығыс Тимордан озық шықса керек-ті. Бірақ, жағдай олай болмай тұр.

Кешегі кеңес одағының кетпенін бірге көтеріскен елдердің де жемқорлық мәселесінде ерлеп кеткені шамалы. Аталған халықаралық ұйымның 2008 жылы жасаған кестесіне қарасақ, 180-нің «бәйгесіне қосылған» Әзербайжан жемқорлыққа бейімділігі жөнінен 158 орынды, Беларусь пен Тәжікстан 151 орынды иемденіп, Қырғызстан мен Өзбекстан, Түркменістан үшеуі 166 орынды өзара тең бөліске салыпты.
Трансперенси Интернешнл ұйымының мамандары жемқорлық әлеуметтік тұрмысы күрделі мемлекеттердің «жекеменшігі» дейді. Біз сарапшы мамандардың пікіріне мынаны қосар едік: коррупция мемлекеттің тағдырына түкіре қарайтын, ішіп-жеуден өзгені еш ойламайтын, ұлт байлығын тонауды ғана білетін шенеуніктер салтанат құрған іріп-шіріген жүйеде өмір сүреді. Қазақстанның жағдайынан біз осы жайттарды көріп отырмыз.
Коррупцияның гүлденуіне, өркендеп өсуіне халықтың табиғаты, санасы, сауатсыздығы да ықпал етпей қоймайтын сияқты. Мәселенки, мұқтаж ісін заң аясында тындыратын қазақ ілуде бір. Көбі шаруаны «бармақ басты көз қыстымен бітіргенді» жөн көреді. Солай еткенде ғана бәрінің дұрыс болатынына байлам жасап алған. Жоғары оқу орнына талапкер тілек білдірсе ата анасы «осы баланың білімі жетер ме екен? Соны қадағалап, соны талап етейікші» демейді, таныс іздейді. Қызметке тұрса да таныс іздеп тантып жүргені. Соған сай кеңседегілер де кергиді. Бұның бәрі берідегі ұсақ-түйектердің ұсқыны. Ал ақ жағалылардың арасында «түйені түгімен, биені бүгімен» жалмау - салтқа айналған. Былайша айтқанда, жемқорлық Қазақстанда өмір сүрудің салты болып саналады.
Сөйтіп жемқорлық жайлаған Қазақстан еш қымсынбастан жаһандық жемқорлыққа қарсы майдан ашып, белсенділік танытып жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Жемқорлықпен күрес және тиісті басқару Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның экономикалық және әлеуметтік дамуының шарты ретінде» атты халықаралық конференцияның ашылуына қатысып:
- Мұндай жауыздыққа қарсы күресу - Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы. Біз мұны еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында белгіледік, - деп жіберді. Ендеше, 2030 жылға дейін жемқорлыққа қарсы күресте, жемқорлықтың өзі де тиыла қомайтын болса керек.
60 мемлекеттің және 20 халықаралық ұйымның өкілі қатысқан конференцияның барысынан тараған ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес деңгейі жөнінде посткеңестік кеңістікте көшбасшылық ұстанымды ұстанатынға ұқсайды. ТМД елдері арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдаған Қазақстанда 2011 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылатын көрінеді.
Жемқорлыққа қарсы күрестің тарихында былтыр Қазақстанның қызмет лауазымы ірі бір шенеунігі тұтқындалыды. Бірақ оның жемқорлық әрекеті жұртты иландыру былай тұрсын, мойнына қойылған ісі сотта дәлеледенбеді де. Ол, ішіңіз сезіп отыр - Жақсыбек Күлекеев дейтін азамат. Жақсыбек сөмкесіне салып алыпты деген 100 мың доллар қаскүнемдердің ісі болып шықты. Қысқасы, коррупциямен күрес Қазақстанда топ арлық егесті шешудің, есе қайтарудың құралына ұласып барады. Бұдан елдің есебі түгенделіп, жемқорлықтың жүгенделмесі анық. Бірақ сыртқа сүйкімді көрініп, пайдасы беймағұлым алқалы отырыстар өткізу арқылы имидж жасап үлгерген Астанада атының өзі ұбақ-шұбақ бір жиын өтті...
«Абай-ақпарат».