Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Саңлақ 2358 7 пікір 12 Қыркүйек, 2024 сағат 15:57

Ұлттық спортты әлемге таратқымыз келсе...

Сурет: sport.kg

Бүгін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарындағы ең тартысты, ең дулы-шулы бәсекенің бірі өтіп жатыр. Ол – Көкпардың финалы. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан күш сынасты. Бұл Ұлттық спорттағы эль-классико!

Жұрт білді. Ең тартысты финалды – біртуған қазақ пен қырғыз жасайтынын білді. Бауырлас қос елдің финалда жолығатыны ешбір интригасыз айтылды. Өйткені, қазақтағы - көкпар, қырғыздағы - көкбөрі бұл - екі халықтың қанына сіңген ұлттық код! Сондықтан өзгелерден бәсі басым тұрады!

Десе де, бұл финал қазақ пен қырғыздың арасына от жақпауы керек! Спорт – саяси және өзге де қақтығыстарға себепші болмайды! Бұл жаһандық қағида!

«Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек», - деді ғой президент Тоқаев Көшпенділер ойындарының ашылуында.

Рас, қазақ пен қырғызға тән бұл ойынға соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінен қызығушылық артып келе жатқаны шындық. Соның дәлелі – алыста жатқан АҚШ-тан көкпаршылардың арнайы келіп, көк серкіні тақымға басуға талпынып жатқаны!

Популяризация – аса маңызды! Ұлттық спорт түрлерін әлемге кеңінен насихаттайық десек, жапонның дзюдосы мен сумосы секілді әлем жұрты білетін деңгейге жеткізгіміз келсе, оны насихаттау керек. Осы жолы Қазақстанға әлемнің 89 мемлекетінен өкілдер келгенін естідік. Ендеше олар Қазақстаннан жүлде алып қайтуы тиіс! Ол да популяризациялау тәсілі!

Тұздық: «Көкпар тарту – әскери жаттығулардың бір түрі» деген тұжырым бар. Бұған не дейсіз?

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053