Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2771 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:39

Түгендеу– жер қорының мол екенін көрсетті

Жыл сайын әлемде азық-түлікке деген сұраныс артып отыр. Ал Қазақстан астық және ұн экспорттаушы он елдің қатарына кіреді. Соңғы жылдары жылына шамамен 20 миллион тонна астық қамбаға құйылуда. Оның үштен бірі солтүстікқазақстандық диқандардың еншісінде.
Ауыл шаруашылығына қаржы құйғысы келетін отандық және шетелдік ірі инвесторларды облысқа  тарту кезінде “Тобыл” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы біраз қиындықтарға тап болған екен. Яғни, қордағы немесе иесі бар, бірақ игерілмей жатқан жерлер туралы әр мекеменің берген мәліметі бірдей болмай шыққан. Сол себепті осыдан жарты жыл бұрын ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары басталған болатын.  “Тобыл” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Марат Төлебаев нәтижені жариялады. Біздің облыста 7,5 миллион гектар жер ауылшаруашылығында пайдаланылуға тиіс. Түгендеу оның 6,4 миллион гектарында жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсеткен. Ал 1 миллион гектардан астамы бос екен. Оның 200 мыңы егістік алқап. Қалғандары мал жайылымдары мен шабындықтар.

– Солтүстік Қазақстан облысының егіс алқаптарын толық түгендеу соңғы рет 1984 жылы жүргізіліпті. Одан кейін 1995 жылы жартылай тізімге алынған. Біз жарты жыл ішінде толық түгендеп шықтық. Бұл іспен “Геолайн” серіктестігінің 25 жұмысшысы айналысты. Шамамен 20 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оның жартысына жуығын облыстық әкімдік, қалғанын “Тобыл” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мойнына алды – дейді корпорация төрағасы Марат Төлебаев.
Түгендеу жұмыстары қазір Қостанай облысында жүргізіліп жатыр екен. Онда  6-7 миллион гектар жер бос жатқандығы жөнінде  мәлімет бар. Оның көбі Торғайдың далалары көрінеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында қуаңшылыққа ұшыраған алқаптар жоқ десе де болады. Мұндағы жерлер бонитетінің орташа көрсеткіші 54 балл. Бұл өңір топырағының құнарлығы жоғары екендігін білдіреді.
Түгендеу кезінде әр аудандағы бос жерлер анықталып, карталары жасалған екен. Игерілмей жатқан жер Ақжар ауданында көп екені анықталды. 47 мың гектар. Марат Төлебаевтың айтуынша, жаңағы 1 миллион гектар – ол қордағы, иесі жоқ жерлер екен. Тексеріс барысында иесі бар, бірақ игерілмей жатқан алқаптардың да тізімдері жасалыпты. Ол мәлімет тиісті ведомствоға жіберіледі.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,
Солтүстік Қазақстан облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502