Сәрсенбі, 4 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1528 5 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 14:53

Вахабизм тарихымызға ауыз салуда!

Сурет Рүстем Әшетаевтың желідегі парақшасынан алынды.

Кеше кезекті қоғамдық кеңестің отырысында қала әкімінің орынбасарының қатысуымен Дін істері жөніндегі басқарма басшысының есебін тыңдап, өз ұсыныстарымызды жеткіздік.

Өз кезегімде тарихымызға ауыз салып жатқан вахабизм идеологиясына қарсы әлеуметтік тапсырыс аясында түсінігі уланбаған тарихшыларымызды қолдап, соларды вахабизмге қарсы пайдалану жайлы ұсынысымды жеткіздім.

Өйткені біз қазір классикалық вахабизммен күрескіміз келгенімен, қазіргі классикалық вахабизм жоқ. Ол әлдеқашан трасформацияланған. Оның үстіне байырғы классикалық вахабизммен ҰҚК күресіп жатыр. Оларды айқындау оңай. Ал қазіргі түрленген вахабизммен кім күреседі? Қалай күресеміз? Бұл - басы ашық сұрақ күйінде тұр. Бұл жайында «Трансформацияланған вахабизм» деген тақырыппен жариялаған мақаламда ашып көрсеткенмін.

Вахабизм қазір өздерінің идеологияларын біздің тарихшыларымыз арқылы тықпалауға көшкен. Алаш қайраткерлері мен белгілі тарихи тұлғаларымыздың айтпаған сөздерін айтты қылып, өздерінің идеологияларына керек сөздерді солардың «ауыздарына салумен» айналысуда. Қарап отырсаң оларға қарсы ештеңе дей алмайсың. Тарих ғылымының бірдеңесі, Алаштанушы т.б ресми атақтары бар. Қоғамға лекциялар оқуға құқығы барлар. Сол құқықтарын пайдаланып ел аралап, студенттердің алдына шығып өздерінің жат идеологиясы тықпаланған лекцияларын еркін жүргізуде. (Мұндай трансформацияланған вахабизммен ҰҚК айналыса алмайды.) Ондай тарихшыларды жан-жақты қолдайтын қаржылы топтар бар. Солардың қолдауымен олар еркін қимылдауда. Ал оларға қарсы тұрып ақ қарасын ажыратып беретін бізде тарихшыларымыз болғанымен, оларға қолдау жоқ. Жалаңаяқ тарихшыларымыз мың жерден патриот болса да, жыл бойы бар жұмысын қойып оларға қарсы ел аралап жұмыс істей алмайды. Демек сондай тарихшыларымызға мемлекеттік қолдау қажет.

Мысалы кезінде Мұхамеджан Тазабеков деген ақын әр жерге барып өзінің вахабисттік идеологиясы араласқан лекцияларын еркін оқып жүрді. Тіпті қызды-қыздымен соның алдына біздің құқық қорғау саласының қызметкерлерін жинап тұрып лекцияларын тыңдаттық. Кейіннен ол өзінің осы уақытқа дейін адасып келгендігін мойындап, муфтияттан кешірім сұрады. Бұл жердегі сорақылық - жат идеологияның жетегінде адасып жүрген біреуге біз төрімізді беріп, тіпті ІІД-нің қызметкерлеріне лекциясын тыңдатқанымыз. Ол кешірім сұрап құтылды. Ал осындай сорақылыққа жол берген шенділер жазаланды ма? Жоқ әрине!

Қазіргі жат идеологияны тықпалап жүрген тарихшылар да дәл осылай қоғамда, студенттер алдында лекцияларын оқып жүр. Кезі келгенде олар да өздерінің «адасқанын» мойындар. Ал олардың сол мойындауына дейінгі бұрмаланған тарихты тықпалап кеткен түсініктерінен жастарды ажыратып алу - үкіметке жүк болмақ. Оларды қазір еркін қимылдауларына жол беріп отырған ешкім жазаланбайды. Барлық мәселені дер кезінде шешкен жеңіл болатыны хақ. Демек біз қазірден бастауымыз керек.

Тағы бір мәселе - олар қазір көптеген сайттарға біздің ұлт көсемдерінің өлеңдері мен мақалаларын өзгертіп жариялап жатыр. Сіз гуглдан бір ақынның өлеңін іздесеңіз, солардың өзгертіп қойған өлеңдеріне жолығуыңыз мүмкін. Соларды тіпті мектеп мұғалімдері де пайдаланып оқушыларына жаттатуы мүмкін. Өзгелер де солай. Ал олардың шығармалары біздің Әділет министрлігіндегі заңдарымыз секілді арнайы кодпен қорғалмаған. Осылай бір күндері біз ұлт қайраткерлерінің шығармаларының қайсысының дұрыстығын ажыратудан қалуымыз мүмкін.

Сондықтан әкімнің орынбасары Сәрсен Абайұлына осы бағытта арнайы әлеуметтік жоба аясында болса да тарихшыларымызға қолдау білдіріп, жат идеологияларға қарсы бағытта бірлесе күрес жүргізуді ұсындым. Сәрсен Абайұлы ұсынысымды қолдап, діни бағытта жат идеологияға қарсы өзге де ұсыныстарымызды талдайтын дөңгелек стол форматындағы кездесу ұймдастыруды ұсынды. Алдағы күндері кеңесіміздің ұйымдастыруымен осындай жиын өткізу жоспарға енгізілді. Бұйырса сол жерде әрбір ұсынысты кеңінен талқылайтын боламыз.

Рүстем Әшетаев

Шымкент қаласы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1110