Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 1095 1 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 16:04

Жеке сот орындаушысы 1,2 млн теңге алиментті иеленген

Фото: Kazinform

Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының өндіріп алушыларға арналған алиментті ұрлау фактілерін жария етті.

2022 жылы прокуратура жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың 1,1 млрд теңге ақшасын заңсыз иеленгенін анықтады.

«Борышкерлерден ақша қаражаттары ағымдағы есепшоттарға түскеннен кейін жеке сот орындаушылары оларды қолма-қол ақшамен шешіп алып, банктік депозиттеріне аударған және пайыз алған, жұбайларына аударған, өз қалауы бойынша иелік еткен. Анықталған фактілер бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 251-бабы (жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін асыра пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі 16 тергеу бастады. Кейіннен залалдың толық өтелуіне байланысты қылмыстық істер тоқтатылды», - деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

Осыдан кейін Бас прокуратура Әділет министрінің атына жеке сот орындаушыларының ағымдағы есепшоттарына бақылау жүйесін енгізу ұсынысын жолдады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 9 жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды және 55 адам тәртіптік жазаға тартылды.

«Жалпы, соңғы 2 жылда прокуратура органдарына жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты 6 973 шағым түсті. Олардың басым бөлігі сот актілерінің орындалмауына, сот орындаушыларының әрекетсіздігіне және олардың борышкерлерге шара қолданбауына қатысты болды», - деді прокуратурадан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051