Бейсенбі, 16 Қаңтар 2025
Жаңалықтар 556 0 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 15:41

Алматы: Алаяқтыққа арналған 285 SIM карта табылды

Фото: Depositphotos сайты

Алматыда «Кибрепол» қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы іс-шара жүргізді.

Мегаполистегі тұрғын үй кешендерінің біріндегі жалдамалы пәтерде автоматты телефон станициясын (АТС) ұйымдастырған 26 жастағы ер адам ұсталды. Ол шетелдік алаяқтардың қазақстандықтарға қоңырау шалуына мүмкіндік беретін құрылғыны қосып отырған.

«Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 дана SIM карта табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді түрде әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM карталарды ауыстырудан тұратын „жұмысты“ интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауға алынды», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Abai.kz

0 пікір