Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 316 0 пікір 22 Қараша, 2024 сағат 16:34

Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысы күшейеді

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келе жатыр. Осыған байланысты Қазақстан мен Ресейдің Тәуелсіздік жылдары жасалған мәдени байланыстарына көз жүгірткенді жөн санадық...

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде стратегиялық әріптестіктің негізі ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт болып табылады.

Тараптар тұрақты кездесулер өткізеді. Қазақстан мен Ресей БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес "Тараптардың бірінің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қатер төндіретін жағдай туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықаралық ынтымақтастыққа сәйкес бір-біріне қажетті көмек, оның ішінде әскери көмек көрсету жөнінде кідіріссіз консультациялар жүргізеді және нақты іс-қимылдар жасайды" деп мойындады 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы екіжақты шартпен және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт бекітілді.

Одан бері екі ел арасында мәдени әрі экономикңалық айланыс арта түсті.

Биыл Біріккен мәдениеттердің X форумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрі Ольга Любимова кездесті.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа қатысты келісімдерді талқылау болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда атап өткен болатын. Президент дайындықты бастауға тапсырма беріп, ел қорғаған ерлердің есімін жаңғырту және тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Министрлер осы бағыттағы жұмыстардың бағдарын айқындады.

Сонымен қатар тараптар екі елдің театр мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейнелеу өнері және анимация саласындағы байланыстарды арттыру мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Ресей көрермендерінің ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Бірлескен табысты жобалар, гастрольдер мен халықаралық фестивальдерге қатысу біздің ортақ жетістігімізді дәлелдейді. Біз театр, музей және музыка саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жүйелі жоспар құра отырып, өзара байланысты нығайта береміз", - деді Аида Балаева.

Кездесуге сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой да қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1546
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3341
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6149