Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Алашорда 310 0 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 14:38

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»: Кімдер жеңімпаз?

Cурет: "Ақ жол" Демпартиясының ресми сайтынан алынды.

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының қорытынды кезеңі Қарағанды қаласы ҚР Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өтті.

Жалпыұлттық байқауға ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының аппарат жетекшісі Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов, партияның мәслихат депутаттары қатысты. Ал байқауға қазылар алқасында  ҚР ҰҒА академигі, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» институтының директоры, ф.ғ.к., Сұлтан Хан Аққұлұлы, PHD доктор, MNU Adjunct Assistant профессоры Алма Сайлауқызы қатысса, модератор ретінде ЕҰУ Қазақ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., алаштанушы Қайырбек Кемеңгер жүргізді.

Cурет: "Ақ жол" Демпартиясының ресми сайтынан алынды.

«Біріншіден, біз тарихшы емеспіз, бірақ бүгінгі саясатымыз үшін, тәжірибелік қажеттіктеріміз үшін жаңа идея мен ұсыныстар керек. Ұлттық идеология – кез келген мемлекеттің тірегі, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір іспетті. Қазақ елі үшін Алаштан асқан, Алаштан өзге ұлттық идея жоқ.

Алаш – қатып қалған догма емес, Алаш – идея. Ал идея – тірі дүние, ол үнемі дамып, тереңдеп, кеңейіп отыруы керек. Біздің байқау – дәл осы Алаш идеясын жаңғыртуға арналған бастама. Байқауға қатысушылардың әрқайсысы осы идеяның дамуына өз үлестерін қосып жатыр.

Екіншіден, байқау биыл 13-ші рет ұйымдастырылды. Биыл рекордтық көрсеткіш – 250-ден астам жұмыс келіп түсті. Бұл – 250-ден астам жас студент пен маманның қатысқанын көрсетеді. Байқаудың екі іріктеу кезеңі өтті, ал қорытынды кезеңде өте жоғары деңгейде пікір алмасу және сапалы баяндамалар жасалды.  Әсіресе, экономика жағынан маған пікір алмасу мен баяндамалар өте ұнады»,- деді  мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Cурет: "Ақ жол" Демпартиясының ресми сайтынан алынды.

Алаш идеясы - қазақ елінің тек тарихы емес, сонымен қатар ол - біздің бүгінгіміз және болашағымыз да.  Біздің мақсатымыз - оны тек қазіргі уақытына сай келтіру ғана емес, оның алдын алу. ХХІ ғасырда еліміз тағы қандай жағдайларға келуі мүмкін, қандай жағдайға жауап іздестіруі керек? Алаш идеясы соған да тиісті жауап беруі керек.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері мынадай:

«АЛАШ» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ АЛАШ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӨЗЕКТІЛІГІ» номинациясы бойынша:

I  орын - Елнұр Әскенұлы – Жамбыл облысы, Қордай мектеп-лицейінің мұғалімі

II орын - Дарын Жаһангер – Әл-Фараби атындағы КазҰУ студенті (Алматы қ.)

||| орын - Монай Құлынтай – Қарағанды академиясының аға ғылыми қызметкері.

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ОҚУ-АҒАРТУ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ҰСТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ» номинациясы бойынша:

| орын - Гүлзат  Шынтасова – Қызылорда Зияткерлік мектебінің мұғалімі

|| орын - Зарина Емберген – Жетісу университетінің  студенті (Талдықорған)

||| орын - Еламан Қаділәшім – «Aiqara.kz» ақпараттық агенттігінің редакторы (Павлодар)

«АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ» номинациясы бойынша:

| орын - Қарақат Махмұдова – Еуразия ұлттық университетінің студенті (Астана қ.)

|| орын - Қанат Қоянбаев – Көкшетау университетінің студенті

||| орын - Дамир Исиргенов – Қостанай Зияткерлік мектебінің мұғалімі

||| орын - Латифа Мыңжасарова - Еуразия ұлттық университетінің студенті (Астана қ.)

«АЛАШ» РЕСПУБЛИКАСЫ – АЛДЫҢҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІ (Көне Түркі қағанатары, Ұлық ұлыс, Алтын орда, Қазақ хандығы) МЕН ҚАЗІРГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАЙТЫН КӨПІР номинациясы бойынша:

| орын - Сымбат Көшербаева – Астана халықаралық университетінің студенті

|| орын - Қанат Бердәлиев – Тараз қаласы, № 8 гимназиясының мұғалімі

||| орын - Динара Ерханқызы – Қызылорда университетінің студенті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1671