Сейсенбі, 7 Қаңтар 2025
Алаң 588 0 пікір 6 Қаңтар, 2025 сағат 11:41

Биыл зейнетақыға қанша ақша қосылады?

Сурет: ortcom.kz сайтынан алынды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері – 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы – 8,5%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) ұлғайтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-ынан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

2019 жылы зейнетке шыққан 69 жастағы зейнеткерге 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері – 156 856 теңге.

Оның ішінде:

Базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге;

Ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейді.

Дереккөзі: EGEMEN FINANCE телеграм арнасы

Abai.kz

0 пікір