Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 1825 6 пікір 6 Қаңтар, 2025 сағат 12:16

Түркістан облысының жаңа әкімі Нұралхан Көшеров

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Түркістан облысының әкімі болып Нұралхан Оралбайұлы Көшеров тағайындалды.

Ақорда Жарлығында: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған.

Көшеров 2023 жылдың қаңтарынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған. 2021 жылдың қыркүйегінен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін, одан бұрын, 2018 жылдың қазан айынан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.

Көшеровке дейін Түркістан облысының әкімі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бастап Дархан Сатыбалды атқарған болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140