Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2025
Әне, көрдің бе? 490 0 пікір 14 Қаңтар, 2025 сағат 15:05

«Ақшаны көбейтіңдер, болмаса орысша үйреніңдер!»

Сурет: gazeta.uz сайтынан алынды.

АҚШ бастаған НАТО соңғы жылдары әскери шығындарды ұлғайту мәселесіне байланысты ортақ мәмілеге келе алмай келеді.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Трамп НАТО-ға мүше елдерді қорғаныс шығындарын жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 5%-ына дейін ұлғайтуға шақырғаннан кейін, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте де мүше мемлекеттерді қысымға алуын күшейтті.

Марк Рютте 13-і күні НАТО-ға мүше елдерге әскери шығындарды айтарлықтай ұлғайтуды болмаса орыс тілін қазірден бастап үйренуді ескертті.

Рютте бұл туралы Еуропарламенттің сол күнгі Сыртқы істер комитеті мен Қауіпсіздік және қорғаныс кіші комитетінің бірлескен отырысынан кейінгі сұрақ-жауап отырысында айтты.

Рютте НАТО-ға мүше елдердің үштен екісі қазір 2014 жылы белгіленген «қорғанысқа ішкі жалпы өнімнің 2 пайызын жұмсау» мақсатына жеткенімен, бұл оларды «ресейлік қауіптен» қорғау үшін әлі жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

«Біз қазір қауіпсізбіз, бірақ төрт-бес жылдан кейін бәрі басқаша болады», - деді Рютте, «егер сіз өзгермесеңіз, орыс тілін үйреніңіз немесе Жаңа Зеландияға көшіңіз болмаса қазір (әскери) шығындарды көбейтуді шешіңіз».

Рютте: «Мен жай ғана (әскери) шығындарды көбейткеніңізді қалаймын! нақты меже белгілеп тұрғам жоқ, тек 2% дың жеткілікті емес екенін айтқым келді», - деді.

Рютте сонымен бірге НАТО-ның бірдей көлемдегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өндіруге НАТО-ға бір жыл қажет болса, Ресейге үш ай ғана қажет екенін атап өтті. Ол Мәскеудегі жағдайдың жақсы екенін айтты, өйткені «оларда біздегідей бюрократия жоқ» деді.

Рютте бұған дейін де НАТО-ға мүше елдерді әскери шығындарды көбейтуге шақырған. 2024 жылдың желтоқсанында Рютте сараптама орталығының іс-шарасында кейбір елдерлің әлеуметтік қамсыздандыруды қысқарту арқылы қорғаныс саласын қаржыландыруды ұлғайта алатынын айтқан.

Трамптың Ақ үйге оралатыны айқын болғаннан кейін НАТО-ға мүше елдердің әскери шығындарын ұлғайту туралы пікірталастар қайтадан қыза түсті. 7 қаңтарда Трамп НАТО-ға мүше елдерден қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5%-ына дейін ұлғайтуды сұрады. Бұл көрсеткіш НАТО-ның қазіргі мақсатынан екі есе артық.

Әзірге НАТО-ның бірде-бір елінің қорғаныс шығындары АҚШ-ты қосқанда ЖІӨ-нің 5 пайызына жетпейді. Бұл көрсеткішке ең жақын ел Польша болып табылады, онда 2024 жылы қорғаныс шығындары ЖІӨ-нің 4,12%-ын құрайды. Биылғы жылы оны 4,7%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр, АҚШ-тың қорғаныс шығындары 2024 жылы ЖІӨ-нің 3,4%-ын құрайды. Ішкі жалпы өнімнің 2 пайыздық көрсеткішін, НАТО-ға мүше 32 мемлекеттің 23-і ғана орындай алды.

Abai.kz

0 пікір