Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Болған оқиға 2625 0 пікір 17 Қаңтар, 2025 сағат 14:18

Тағы бір сарбаз әскерде қаза болды...

Сурет: Азаттық радиосының телеграм арнасынан алынды.

Жетісу облысы Сарыөзек әскери гарнизонында 18 жастағы сарбаз қаза болды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 14 қаңтарда болған. Сарыөзек әскери гарнизоны бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде әскерге шақырылған сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, төс сүйегінен жарақат алды. Қылмыстық іс қозғалды. Себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы құрлық әскерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия құрылды", - деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігі әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1510
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3124
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1118
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1042