Сейсенбі, 25 Ақпан 2025
Әне, көрдің бе? 106 1 пікір 25 Ақпан, 2025 сағат 17:17

1,8 млрд теңге: Мәсімовтің үйі өтпей жатыр...

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

E-Qazyna веб-платформасында 25 ақпанға жоспарланған аукцион өтпеді. Себебі үйді сатып алуға бірде-бір қатысушы тіркелмепті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мәсімовтің үйі сатылымға шығарылғанын жазған едік.

Қамаудағы Қазақстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Үйдің бағасы 1,8 млрд теңгеге бағаланған.

«Чиновник» телеграм арнасының жазуынша, аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданында орналасқан Кәрім Мәсімовтің тұрғын үйі сатылымға шығарылған.

Үйдің жалпы ауданы 2877,7 шаршы метрді құрайды. Техникалық төлқұжат мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй аумағында ұзын-саны 30-дан астам ванна бөлмесі бар екен.

Abai.kz

1 пікір