Азат Перуашевтың Үкіметтің сайлаушылар міндеттемесі бойынша жасалған депутаттық сауалдармен жұмысы жөніндегі есебін талқылауда сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер.
Қаралып жатқан кезең үшін "Ақ жол" сайлаушылардың міндеттемесі бойынша 42 депутаттық сауал жолдады.
Премьер-министр О. Бектенов пен Бас прокурор Б. Асыловтың деңгейіндегі мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері кейбір жағдайларда нәтижелі болғанын атап өту керек.
Мәселен, Үкімет «Ақ жол» фракциясының Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жобаларды іріктеу критерийлері бойынша ұсыныстарын қолдады; сондай-ақ, ҚТЖ-ның қазақстандық астықтың экспортын тежеген дөңгелек жұптары жоталарының қалыңдығына қатысты бұйрығы да шұғыл түрде жойылды; өңірлердің басым көпшілігінде (Алматыдан өзге) «Ақ жол» фракцияларының ұсыныстары негізінде ШОБ-қа салынатын бөлшек сауда салығы төмендетілді.
Сонымен қатар, біздің сауалдарымыз бойынша прокуратура Меркі ауданындағы «Жеміс-Жидек» ЖШС кәсіпкерлерінің заңды құқықтарын қорғады; бірқатар өңірлерде ерекше тәртіппен (кәсіпкерлер қолжетімділігін шектеу арқылы) заңсыз жүргізілген мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері жойылды және т.б.
Біз Үкімет пен Бас прокуратураға табандылық танытып, әділ нарықтық шарттарды қамтамасыз еткені, осы және басқа да осыған ұқсас жағдайлар бойынша бизнестің құқықтарын қорғағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, кейбір жүйелік мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен немесе мәселенің өзектілігін түсінбеуінен қайта сауалдар жасауға мәжбүрміз.
Атап айтқанда, 2024 жылдың 20 қарашасы мен 18 желтоқсанында «Ақ жол» фракциясы ресейлік және беларусиялық бәсекелестердің жосықсыз бәсекелестігіне тап болып, өзіміздің Көлік министрлігінің белсенді араласуымен қазақстандық жүк тасымалдаушылардың мүдделеріне нұқсан келтірілгені туралы депутаттық сауал жолдады.
Бұл халықаралық тасымалдауға рұқсат бланкілерін берудің жаңа тәртібіне, Қазақстан-Қытай шекарасындағы электронды кезекке, Ресей Федерациясы мен Беларусь аумағы арқылы жүру шарттарына да қатысты (мысалы, қазақстандық жүргізушілерді алмастыру, тек қазақстандық тасымалдаушылар үшін жүкті тиеуге тыйым салу және т.б.).
Нәтижесінде нарықты көршілес ЕАЭО елдерінің ірі компаниялары жаулап алып, негізінен шағын және орта бизнес өкілдері болып табылатын отандық кәсіпкерлер белсенді түрде ығыстырылып, жұмысынан айырылуда. Салдарынан, еліміздің транзиттік орналасуы мен Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасына салынған миллиардтаған инвестициядан пайданы қазақстандық тасымалдаушылар емес, өзгелер көріп отыр.
Біз сауалдарымызға жауап алғанмен, жағдай нашарлап барады, оған осы саладағы 400-ден астам кәсіпкердің жақында жасаған жаңа үндеуі дәлел.
Тағы бір мысал: 6 қараша мен 26 ақпанда фракция монополист – «Жамбыл электр желілері» ЖШС құдіретін асыра пайдаланғаны туралы сауал жолдады, аталмыш мекеме «ПОШ Фабрика» ЖШС-ның қосалқы стансасы мен желілері арқылы электр энергиясы транзитінің сомасын қосалқы станцияның иесі мен басқа да тұтынушылар үшін «өз» қызметінің құнына қосып, ол аз болғандай, рейдерлік басып алуды көздеп кешенді өзіне қайтарымсыз түрде беруді талап еткен.
Біздің сауалдарымыз бойынша монополияға қарсы агенттік те, Энергетика министрлігі де заңбұзушылықтарды көріп отырған жоқ, дегенмен бұл анық экономикалық нонсенс: барлық қадағалау органдары монополистке басқа тұлғаның көрсеткен қызметі үшін, оның ішінде осы қызметті көрсететін тұлғаның өзінен де төлем алуға рұқсат беріп отыр.
Энергетика министрлігі кәсіпорындарды қорғаудың орнына, атымен жоқ айналма желіге қосылып, қолда бар ПОШ фабрикасының инфрақұрылымын тегін пайдаланудың орнына монополиске төлем төлеу үшін өз қаржыларына желі салып шығуды ұсынып отыр.
Кәсіпкерлер монополист пен жергілікті монополияға қарсы күрес органдарының анық сөз байласуы туралы айтуға мәжбүр.
6 қарашада, 12 ақпанда және 5 наурызда біз ҚР Премьер-Министрі мен Бас Прокурорға Көлік министрлігінің жеке теміржолдарды басып алуы, жеке тасымалдаушыларды ығыстыруы және ҚТЖ мемлекеттік монополиясы үшін ғана транзиттік теміржол тасымалы құқығын қамтамасыз ету жөніндегі заңсыз әрекеттеріне қатысты сауалдар жолдадық.
Көлік министрінің бұйрығы мемлекеттік және жеке меншіктің теңдігі мен тең қорғалуын тікелей бекітетін Конституциядан, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқартып, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету міндетін қойған Президенттің «Экономиканы ырықтандыру туралы» Жарлығынан да күшті ме?
Бұл жекелеген жағдай емес, Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Алтын бұлақ» шипажайының мүлкіне қатысты болып жатқандай, әкімшілік өкілеттіктерді табысты бизнесті тартып алу үшін қолданудың бір мысалы ғана, ол туралы біз үш сауал жолдадық.
Мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қарамастан, «Ақ жол» фракциясы мұндай фактілерге қарсы шығып, адал кәсіпкерлер үшін күресуді жалғастыра бермек.
Шенеуніктердің біздің сауалдарымызға берген формалды жауаптары да «Ақ жол» фракциясын сендірмеді:
- 2024 жылдың 2 қазаны – Конституцияда бекітілген мемлекеттің унитарлы сипатын негізге ала отырып, сондай-ақ кез келген адамды тұрғылықты жеріне қарай, не өзге жағдайлар бойынша кемсітуге тыйым салынатындығын (14 б.) ескеріп, республиканың бүкіл аумағында ШОБ субъектілері үшін 2% мөлшерінде бірыңғай бөлшек салық ставкасын енгізу қажеттігі туралы.
Бөлшек сауда салығы 4% құрап, оны 2 есеге төмендетіп, не жоғарылату мүмкіндігі болған жағдайда, кейбір өңірлерде салықтық жүктеме өзге өңірлерден гөрі 4 ауыр болуы ықтимал (мысалы, 2 -нің орнық 8%).
Бұл дискриминация емес пе?
"Ақ жол" демпартиясы унитарлы мемлекетке тән, республиканың барлық аумағында бөлшек сауда салығын бірыңғай 2% қылуды талап етеді.
-18 желтоқсандағы «Ақ жол» фракциясының жергілікті атқарушы билік пен әкімдіктер арасындағы тежеу мен тепе-теңдік балансында жергілікті мәслихаттардың құқықтарын кеңейту, олардың, мысалы, әкімдіктің басқарма басшыларын тағайындауда өз бетінше шешім қабылдаулары туралы сауалына үкіметтің берген жауабы көңілден шықпады. Біз халық сайлаған мәслихаттар шын мәнінде тәуелсіз әрі ықпалды болып, шенеуніктер есеп беруі үшін Президент Қ. Тоқаевтың "Мықты Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" принципін облыстар, қалалар мен аудандар толыққанды жүзеге асыруды талап етеміз.
-«Ақ жол» фракциясы 15 қаңтардағы азаматтардың мобильді аударымдарын толық бақылаудан бас тарту және басқа елдердің үлгісі бойынша осындай мониторинг жүргізудің ақылға қонымды өлшемдерін енгізу қажеттілігі туралы сауалына берілген негативті жауаппен де келіспейді (яғни, айына 3-5 мың теңгеден бастап және 1 миллион теңгеден астам сомадағы төлемдерден бастап); т.б.
"Ақ жол" фракциясының отандық зауыттардың өтініші бойынша жасалған сауалдарына қарамастан, үкімет өткен жолдауында президенттің өзі тапсырған энергетикалық, мұнай-газ, тау-металлургиялық жабдықтарды, жол және құрылыс техникасын, иригациялық жүйелерді өндіруге өндірістік жинақтау туралы келісімді қолдануды сол күйі кеңейтпеді.
Біз сауал жасағанмен, Ресейге өнімін экспорттайтын, алайда банктердің қайталама санкцияларға ілігу қаупі салдарынан тоқтатылған машина жасау кәсіпорындарын қаржыландыру мәселесі әлі шешімін таппады және т.б.
Осы және басқа да сауалдар бойынша Үкіметтің ұстанымы бізге түсініксіз болғандықтан, оларды талқылауға қайта оралуды жөн деп санаймыз және бұл мәлімденені аталған мәселелер бойынша «Ақ жол» фракциясының қайта жасаған сауалы ретінде қарастыруды сұраймыз.
Назарларыңызға рақмет.
Abai.kz