Сейсенбі, 6 Мамыр 2025
Жаңалықтар 176 0 пікір 6 Мамыр, 2025 сағат 14:01

МКК: "Барлық кеден бекеттерге «қызыл түйме» орнатылды"

Сурет: Kyzylorda-News.kz сайтынан алынды

Еліміздегі Барлық кеден бекеті мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды. QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.

— Бұл құрал кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған, — делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.

— Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады. Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистің сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Олжас Бектенов Кеден қызметіне құқық қорғау органының функцияларын беру қажет деген еді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1759
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1952