Сәрсенбі, 24 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 138 0 пікір 24 Қыркүйек, 2025 сағат 14:18

Қазақстанда 157 мың теңгелік жаңа айыппұл енгізілді

Сурет: Vlast.kz сайтынан алынды.

Енді Қазақстанда 157 мың теңге айыппұл төлейтіндер көбейеді

Көлік жүргізушілерге айыппұлдың жаңа түрі енгізілді.

Бұдан былай жылдамдықты сағатына 60 шақырым қашықтықтан асырған көлік иелері 157 мың теңге төлеуге мәжбүр болады.

Бір ескерер жайт, 1 жылдың аралығында заңбұзушылық қайталанатын болса, аталған сома екі есеге дейін көбейеді. Жаңа норма камералар арасындағы орташа жылдамдық бойынша есепке алынады. Демек, бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау керек. Жаңа заңда қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейе түскен.

Осылайша, аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Егер бұл әрекет жол апатына ұшыратса, көлемді айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру жазасы да қарастырылып отыр.

Abai.kz

0 пікір