Жұмысшы мамандықтар жылы: Істеймін деген адамға жұмыс табылады!
Қазақстан тәуелсіздігін жариялап, экономикалық бағытта кеңес одағының ыдырауына әкеліп соқтырған жоспарлы шаруашылықтан бас тартып нарықтық экономикаға көшті. Бұл өз кезегінде елдің еңбек нарығына, мамандық таңдауға, қала берді бұрынғы әкімшілік бөлінісіне айтарлықтай әсер етті.
Ел тұрғындары үлкен-кіші, ер- әйел демей базарға, сауда жасауға бет бұрды. Соның нәтижесінде орта және шағын бизнес өкілдері қалыптасты. Олар «өзін өзі жұмыспен қамтушылар» деп әспеттелді. Өзге де мамандықтар тасада қалып қойды. Кей салада жұмысшы тапшылығы айқын сезілді. Мәселенің өзектілігін жете танығын президент Тоқаев 2025-жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
Өз сөзінде: "Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек" деп кесіп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл дер кезінде қабылданған шешім еді. Әркім саудамен миллионер болуды армандайтын заманның уақыты өтті. Адал еңбекпен әр салада еңбектеніп-ақ бақуатты деңгейге жететін заман келді. Соны жете түсіну үшінде президенттің бастамасын қоғамда баса дәріптеу маңызды. Әсіресе жас буынға. Қазіргі интернет заманында өсіп жатқан жас буынның әлеуметтік желіде хайп қуып, оңай жолмен ақша табуды кәдімгідей кәсіп етіп алғаны жасырын емес. Оған қарсы заңдық тұрғыдан да нақты қадамдар жасалынып жатыр.
Соңғы 30 жылда Ішкі жалпы өнім құны 10 мың доллардан асқан елдер қатырына енген, экономикалық жетістігі әлемдік деңгейде мойындалған елімізде қандай мамандыққа да орын, нақты табыс бар. Оны ресми статистикалардан анық байқаймыз.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың екінші тоқсанындағы ел бойынша орташа айлық номиналды жалақы 448,6 мың теңгеге жеткен. Қалалық жерлерде – 471 мың теңге болса, ауылдық жерлерде – 381,7 мың теңге.
Кейінгі бес жылдың өзінде орташа айлық жалақы екі еседен астам өскен.
Нақты мамандықтардың табысына тоқталсақ: қара жұмысшыдан тартып автобус жүргізушісі, ораушы-фасовщик, арнайы техника машинисті, тракторшы, дәнекерлеушілердің жалақысы 350 мың теңгеден бастап 600 мың теңгеге дейін жеткен. Қала мен Ауылдық жерлердің жалақы парқы айтарлықтай азайған.
Қазақстандық мамандардың жалақы мөлшерін көршілес елддердің дейгейімен салыстырсақ та елдің әлеуетіне анық көз жеткіземіз.
Қазақстандағы орташа айлық номиналды жалақыны 448,6 мың тг деп алсақ бұл Өзбекстандағы (шамамен 265 мың тг) көрсеткіштен 70%-ға, Қырғызстандағы (259,2 мың тг) көрсеткіштен 73%-ға жоғары.
Сондықтан елімізде қалаған мамандықта еңбектенуге, жоғары табыс табуға барлық мүмкіндік бар. Мәселе ниетте, құлшыныста, табандылқта.
Мамандықтың жақсы-жаманы, абройлы-абройсызы, үлкен-кішісі болмайды. Жұмысшылар жылының көздегені де сол.
Abai.kz