Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Талқы 166 0 пікір 29 Қазан, 2025 сағат 14:08

Бір палаталы парламент құруға 1 жыл жеткілікті

Сурет: Видео скрині.

Қазақстан 1 жылда бір палаталы парламент құруға үлгереді. Жұмыс тобы ішкі жұмыстармен жарты жыл айналысып, белгілі бір нұсқасын жариялайды. Бұл жайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Президент асығыстық танытпауды ескертті, әбден саралауды тапсырды. Дегенмен, 1 жыл дедлайн қойды. Бұл уақыт жеткілікті ме? – деген сұраққа мәжілісмен: «Меніңше, үлгереді. Кем дегенде осы меженің жарты жылы ол тек ішкі жұмыстарға арналады. Одан кейін білгілі бір нұсқа дайын болған кезде оны Президентке береміз. Бірінші кезекте Президент оны әртүрлі сараптау ұйымдарына тапсырады. Екінші кезекте ол баспасөз құралдарына жарияланып, талқыланады. Менің түсінігімде республикалық штаб құрылып, аймақтарға шығып, түсіндіру  керек», - деп жауап берді.

Қазір парламенттің екі палатасында 148 депутат бар. Бір палаталы жүйеге көшкенде қаншасы қалатыны зерделеніп жатыр. «Қазақстанда 20 млн-нан астам халық бар, оның 13 млн-ы сайлаушы. Әлемдік тәжірибе бойынша, осынша адамға қанша депутат болғаны дұрыс? Түрлі ұсыныстар тыңдалып, әлемдік тәжірибе зерттеледі. Оған дейін дөп басып айту асығыстық болар еді», - деді Айдос Сарым.

Сондай-ақ, депутаттың айтуынша, 1 жылдың ішінде елде тек конституциялық өзгерістерді ғана емес, тиісті заңдарға қажет өзгерістер пакетін де әзірлеуге болады. Егер референдум өтіп, халық оны қолдаса, 3-4 айдың ішінде екі палатадан да өтетін заңдық өзгерістер топтамасын жасап шығуға толық мүмкіндік бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1212
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10733