Кениялықтар Ресей үшін соғысуда...
Бейсенбі күні, нақты айтқанда 2025 жылдың 18 желтоқсанында Ресей армиясына қосылған жиырмаға жуық кениялық Украинадағы майдан шебінен шақырылып, елге қайтарылған. Бұл туралы RFI Aфрикадағы тілшісі Гаэльдің Найробиден жазды.
Апта басында Кения Баспасөзі жалған жұмыс берушілерге алданып Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан жерлестері туралы мәселе көтерген. Нақты айғақ ретінде Кенияның Мәскуедегі елшілігінен көмек сұраған жерлестерінің электронды хаттарын жариялаған. Бұл Кения қоғамында үлкен дау тудырып, Кения билігі шара қолдануға мәжбүр болған.
Кенияның Сыртқы істер министрі (премьер-министрге баламалы) Мусалия Мудавади әлі де белсенді жұмыс істеп жатқан желілер арқылы 200-ден астам кениялықтың жұмыс беруші компанияларға алданғанын мәлімдеген. «Қиын жағдайдағы» бірнеше кениялық азамат Мәскеудегі Кения елшілігіне әскери лагерьлерден хабарласқан. Кейбіреулері жеңіл, кейбіреулері ауыр жарақат алған, сонымен бірге ампутация жағдайлары тіркелген.
Ол сондай-ақ Кенияның Еңбекпен қамту департаментіне тіркелген 600 ден астам делдал компаниялардың лицензиясының күшін жойғанын хабарлаған.
Алайда адам саудасына қарсы Trace Kenya үкіметтік емес ұйымының жауаптысы RFI тілшісіне бұл шаралардың әліде жеткіліксіз екенін, кениялық әйелдердің де алданып, Ресейдің әскери зауыттарында ауыр еңбекке жегілгенін алға тартқан.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2025 жылғы адам саудасы туралы есебінде 18 жастан 22 жасқа дейінгі кейбір кениялық әйелдердің кәсіптік білім аламыз деп алданып, Ресейдің дрон зауыттарында жұмыс істеп жатқаны айтылған.
Abai.kz