Бейсенбі, 15 Қазан 2026
Жаңалықтар 1615 0 пікір 20 Ақпан, 2026 сағат 13:46

Синоптиктер жаңа ауа райы болжамын жариялады 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

23 ақпаннан бастап күннің қатты суитыны болжануда. Қазақстанның басым бөлігінде аяз қайтадан күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті. 

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы (ЕТР) аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді. 23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1001
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1357