Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026
Жаңалықтар 164 0 пікір 23 Ақпан, 2026 сағат 22:17

Nomad Academy шәкірттері үстел теннисінен ел чемпионатында топ жарды

Сурет: Nomad Table Tennis Academy-дан алынды.

Павлодар қаласындағы «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында өткен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 260-тан астам жас спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Аталған жарыста Nomad Table Tennis Academy шәкірттері ерекше көзге түсіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Академия мақтанышы – чемпион мен жүлдегер

Академия тәрбиеленушісі Қасым Нұрислам жекелей сында тамаша ойын көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ол қарсыластарынан басым түсіп, өзінің жоғары дайындығы мен кәсіби деңгейін дәлелдеді.

Сондай-ақ тағы бір Nomad Academy шәкірті Қадырәлі Қабдылуахитов жекелей сында қола жүлдеге ие болды. Жас теннисші турнир барысында тұрақты әрі сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Nomad Table Tennis Academy – Астанадағы жас спортшыларды халықаралық деңгейге дайындайтын заманауи академиялардың бірі. Мұнда әлемдік турнирде тәжірбиесі бар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жүйелі дайындық жүргізіліп, спортшылардың техникалық, тактикалық және психологиялық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Осы чемпионаттағы нәтижелер академия жұмысының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Abai.kz

0 пікір