Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2296 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 21:12

Басқаның дәулетінен де баюға болады

Қазір істі нөлден бастамай-ақ, бұған дейін аяғына тұрған бизнесті ары қарай табысты өрбітіп нарықтың базарынан өз орныңызды табуға мүмкіндік беретін тәсіл бар. Еліміздің экономикасы үшін әлі де жаңа болып саналатын бұл құбылыс франчайзинг деп аталады. Бүгін біз осы заман талабына сай бизнесті жүргізу үдерістерінің бір формасы болып табылатын франчайзинг туралы сөз етпекпіз.
Франчайзинг - бизнесті жүргізу жүйесі. Ол екі негізгі құрамдас бөліктен тұрады. Алғашқысы - өзінің сауда белгісін, бизнес жүйесін немесе ойлап тапқан ноу-хауын лицензиялайтын немесе сататын франчайзер. Екіншісі - франчайзерге бастапқы франшизалық төлемді, кейін бизнесті жүргізу құқығы үшін алынатын ағымдық роялтиді (сауда белгісін пайдаланғаны үшін берілетін төлем) төлейтін франчайзи.

Қазір істі нөлден бастамай-ақ, бұған дейін аяғына тұрған бизнесті ары қарай табысты өрбітіп нарықтың базарынан өз орныңызды табуға мүмкіндік беретін тәсіл бар. Еліміздің экономикасы үшін әлі де жаңа болып саналатын бұл құбылыс франчайзинг деп аталады. Бүгін біз осы заман талабына сай бизнесті жүргізу үдерістерінің бір формасы болып табылатын франчайзинг туралы сөз етпекпіз.
Франчайзинг - бизнесті жүргізу жүйесі. Ол екі негізгі құрамдас бөліктен тұрады. Алғашқысы - өзінің сауда белгісін, бизнес жүйесін немесе ойлап тапқан ноу-хауын лицензиялайтын немесе сататын франчайзер. Екіншісі - франчайзерге бастапқы франшизалық төлемді, кейін бизнесті жүргізу құқығы үшін алынатын ағымдық роялтиді (сауда белгісін пайдаланғаны үшін берілетін төлем) төлейтін франчайзи.
Жалпы айтқанда, бір адам келесі адамға өзі дамытып, баршаға танымал еткен сауда белгісі аясындағы бизнесті жүргізуге құқықты сатады. Осы жерде франчайзинг пайдасының екі жақтылығын атап кеткен жөн. Франчайзи (сауда белгісін немесе дайын бизнесті сатып алушы) уақыт пен қатаң бәсекелестік сынағынан өткен әлемдік деңгейде танымал және қыруар табыс әкелетін да-йын бизнеске ие болады. Сондай-ақ, оған франчайзер (сатушы) бизнесті тиімді жүргізуге қажетті технологиялардың қыр-сыры мен коммерциялық құпияларын да үйретеді. Ал франчайзер-компания өз франшизасын сату арқылы бірнеше мәселені оң шеше алады. Мәселен, тауар немесе қызмет көрсету нарығы, яғни таралуының географиялық шекарасы кеңейіп, сауда белгісінің танымалдылығы артады. Сонымен қатар, франшиза, яғни бизнес жүргізуге құқық та тауар болып есептелетіндіктен, франчайзер оны сатқаны үшін қыруар қаржы мен кейін өзіне үнемі түсіп тұратын роялтиге ие болады. Франчайзер өзі-ақ әртүрлі елдерде бизнесінің филиалдарын көптеп ашса да болар еді. Бірақ, ол мұны аз уақыт көлемінде жасай алмайды. Өйткені ол көп қаражат пен қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан компанияға бұл істі аймақтық кәсіпкерге жүктеген тиімдірек. Яғни, бизнесін өзгенің қолымен дөңгелете береді. Міне, франчайзер мен франчайзи арасындағы іс-әрекет осылай өрбиді. Олардың өзара қарым-қатынасы екі жақты келісімшарт арқылы реттеледі. Егер франчайзи банкке жүгінетін болса, бұл жүйеде үшінші қатысушы пайда болады. Бұл жағдайда үш жақты келісімшарт жүзеге асады.
Coca-Cola, Baskin Robbins, MacDonald’s, World Class - бұлар әлемге ең танымал франчайзерлер. Осы компаниялар дүниежүзіне осы франчайзинг арқылы таралуда. Әлемдік баспасөздегі деректерге сүйенсек, дүниежүзінде франчайзингтің жылдық айналымы 2 трлн. АҚШ долларын құрайды екен. Ал франчайзингтік өкілеттіліктер саны 2 млн-ға жеткен.
Франчайзинг Батыс елдерінде кең тараған. Өйткені іскерлер оны әрбір кәсіпкерлік бастаманың сәтті болуының кепілі деп түсінеді. Ал, аталмыш бизнес үрдісі Қазақстанда қандай деңгейде дамып келеді?
Алғашқы рет «франчайзинг келісімі» ұғымы 1999 жылы Азаматтық кодекс қабылданған кезде енді. 2002 жылы франчайзинг туралы арнайы заң қабылданған болатын. Қазіргі таңда франчайзинг саласында Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді. Оған еліміздегі жыл санап көбейіп келе жатқан франчайзингтік жүйелер дәлел.
Статистика агенттігінің мәлеметтеріне жүгінсек, бүгінде Қазақстандағы шетелдік франшиза жүйелерін бизнесінің бағытына қарай бірнеше салаларға жіктеуге болады. Олар: бөлшек сауда жүйелері - 60%, қызмет көрсету саласы - 30%, қоғамдық тамақтану - 3% , өндірістік сала 7% және халық тұтыну тауарларының арасында шетелдік танымал сауда белгілерінің киім мен аяқ киімдерін сату да қарқынды жүруде.
Елімізде Coca-Cola, Baskin Robbins, World Class, British Airways, «Перекрес-ток» сияқты франчайзингтік жүйелер табысты дамып келеді. Қонақ үйлер бизнесінде 1994 жылы ашылып, кейін Хаят Ридженси франчайзингтік брендінің халықаралық отельдер желісінің бөлігі болған «Рахат Палас» және «Анкара»-ны айтуға болады. Қазір олар танымал Intercontinental қонақ үйлер желісінің құрамына кіреді. Мейманхана бизнесінде ресейлік Росинтер компаниясын қазақстандық нарықтан өз орнын алып үлгерді деуге болады. Бұл компания елімізде «Эль Патио», «Планета суши», «Американский бар и гриль», «Мока-Лока» және т.б. брендтерімен танымал. Ал өзіміздің отандық франчайзерлер туралы әзірге ауыз толтырып ештеңе айта алмаймыз. Шет елге шығарып жатқан брендтік сауда белгілеріміз бен бизнесіміз жоқтың қасы. Өзгелер былай тұрсын, өз еліміздің аумағында таралатындары да саусақпен санарлық.
Әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, өз бетінше ашылған 100 кәсіпорынның бес жылдан кейін тек 10-ы ғана жұмысын жалғастыратынын байқаймыз. Ал франчайзинг келісімі бойынша бес жылдан кейін нарықта кәсіпорындардың 90 пайызы қалады.

 

 

Малика НАҚЫПБЕКҚЫЗЫ, маркетолог
«Нұр Астана» газеті (21.05.2009)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475