Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2412 0 пікір 10 Наурыз, 2010 сағат 05:34

Президентті білмейтін перзенттер

Ғарышты игеру ғаламдық іс. Алайда, ол бәрінің бірдей қолы жете бермейтін, мол қаражатты талап ететін шаруа. Ғарыш айлағын ұстап тұруға шашамыз жетпеген соң Байқоңырды Ресейге жалға бердік. Қазақ даласындағы ең стратегиялық маңызды нысанды көршімізге аманат ете отырып, ел қазынасына қыруар қаржы салудан үміттендік. Ол үмітті ақталды ма, оны қазанның құлағын ұстағандар ғана біледі. Дегенмен, Ресей жыл сайын жал үшін төлейтін 115 миллион доллар құлаған зымырандар келтірген зиянның жартығын жамауға да жетпейді. Әйтеур, қарашаның білетіні Байқоңырды жалға беріп қазақтың даласы бір таяқ жесе, баласы екі таяқ жеді. Байқоңырды біз байлығымыз десек, біреулер үшін ол шайлығы ғана. Күйкі тірліктегі күнкөріс көзі ғана. Толайым табыстың бастауы. Міне, тап солар Байқоңырдың бағын қашырып отыр. Сонау 1993 жылы Байқоңырды тастап шыққанда ресейліктер көптеген құрал-жабдықтарды шахтаға құлатып, жұмыс орындары мен  пәтерлерінің есік-терезелерін айтпағанда, кафельдер мен унитаздардың өзін түк қалдырмай қиратып кеткен болатын. Өйткені, олар болашағын бұл жермен байланыстырмайтын еді. Ал қазаққа дүние-мүлікті бүтін қалпында қалдыруға қимады. Бірақ құт болған қоныстарының ойранын шығарғанымен, Байқоңырдан біржолата қол үзіп те кете алмады. Қайтып келді. Мәжбүрліктен келді. Өйткені, ғарыштан қол үзу империялық ұстыннан бас тартумен бірдей. Беруге біз де мәжбүрміз.

Ғарышты игеру ғаламдық іс. Алайда, ол бәрінің бірдей қолы жете бермейтін, мол қаражатты талап ететін шаруа. Ғарыш айлағын ұстап тұруға шашамыз жетпеген соң Байқоңырды Ресейге жалға бердік. Қазақ даласындағы ең стратегиялық маңызды нысанды көршімізге аманат ете отырып, ел қазынасына қыруар қаржы салудан үміттендік. Ол үмітті ақталды ма, оны қазанның құлағын ұстағандар ғана біледі. Дегенмен, Ресей жыл сайын жал үшін төлейтін 115 миллион доллар құлаған зымырандар келтірген зиянның жартығын жамауға да жетпейді. Әйтеур, қарашаның білетіні Байқоңырды жалға беріп қазақтың даласы бір таяқ жесе, баласы екі таяқ жеді. Байқоңырды біз байлығымыз десек, біреулер үшін ол шайлығы ғана. Күйкі тірліктегі күнкөріс көзі ғана. Толайым табыстың бастауы. Міне, тап солар Байқоңырдың бағын қашырып отыр. Сонау 1993 жылы Байқоңырды тастап шыққанда ресейліктер көптеген құрал-жабдықтарды шахтаға құлатып, жұмыс орындары мен  пәтерлерінің есік-терезелерін айтпағанда, кафельдер мен унитаздардың өзін түк қалдырмай қиратып кеткен болатын. Өйткені, олар болашағын бұл жермен байланыстырмайтын еді. Ал қазаққа дүние-мүлікті бүтін қалпында қалдыруға қимады. Бірақ құт болған қоныстарының ойранын шығарғанымен, Байқоңырдан біржолата қол үзіп те кете алмады. Қайтып келді. Мәжбүрліктен келді. Өйткені, ғарыштан қол үзу империялық ұстыннан бас тартумен бірдей. Беруге біз де мәжбүрміз. Жерімізде ғарыш айлағы болса да, оның қыр-сырын білетін мамандарымыз жоқ. Адамзат баласын алғаш аспанға ұшырған қазақ даласының өз ұланы әлемде 256-шы, КСРО-да 72-ші болып ғарышқа әзер ұшты.
Қазақ жерінің бір пұшпағын жалға алып, жалға алып қана қойса жақсы-ау, сол жерге өктемдігін жүргізіп, әкімшілік басқаруын енгізіп ежелгі көршіміздің есебі түгенделді. Қазақты үй иесі екен деп те пысқырып та қарамады. Техникасынан ақау шығып төбемізге протон құлап, жерімізге гептил төгілсе де біз мыңқ етпедік. Өйткені, бізге айлақтың жұмыс істеп тұрғаны қажет. Ал оны қыр-сырын білетін Ресей мамандарына ғана сеніп тапсыра аламыз. Өкінішке орай, өзі де ілдебайлап әзер жүрген Байқоңыр мәселесі соңғы кездері ушығып кетті. Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) басшысы Анатолий Перминов «Қазақстан бізге ғарышты еркін игеруге қысым жасап жатыр» деп байбалам салды. Роскосмостың кеңейтілген алқа мәжілісінде. Бұл Ресейдің бізге бірінші рет қыр көрсетуі емес. Жақында ғана Единая Россия партиясының Думадағы бір өкілі Михаил Ненашев Талғат Мұсабаевты қазақстан-ресей ғарыш қатынастарын дамытуға мүдделі емес деп айыптаған болатын. Мұндай біртүрлі «мінездердің» сыры көп секілді. Ең бастысы қазір Ресей Амур облысында «Восточный» ғарыш айлағын салуды қолға алды. 2015 жылы мұнда алғашқы ғарыш кемесін ұшыру жоспарланып отыр. Демек, Ресей қыруар қаржы салып, елу жыл өзгенің айлағын жалдап отыруға мүдделі емес. Демек, бір күні көршілеріміз «боқшантайларын» жиыстырып зытып отырады. Ал ұзақ мерзімге жасалған келісім шартты кім алдымен бұзса сол кінәлі болмақ. Соған қарағанда, Перминовтың бұл қадамы «сүттен ақ, судан таза» болып шығудың қитұрқы амалы ғана секілді. Ең бастысы олар тағы да қазаққа топырақ жалатып кетпекші. Яғни, келісім-шартта көрсетілгендей олар ғарыштық технологияларын бізбен бөлісуі керек. Жоқ, орыстар өліспей, бөліспейді. Бірақ, оларды сөге алмаймыз. Өйткені, Еуропа да орыстарға қатысты тура сондай саясат ұстанып отыр.
Біздің Мәжіліс мәселенің мәніне терең үңіліп жатпады. Байқоңырды Ресейге елу жылға жалға беру туралы келісімді ратификациялады. Алты жыл бойы алқа-қотан әңгіменің өзегі болған шаруа жалғыз күнде осылай шешілді. Бізде. Ресейде де оң шешіле ме, ол жағы әлі белгісіз. Дума «думает». Оларды терең ойға батырған себептер Перминов пен Ненашевтің аузымен айтылып жатыр..
P.S. «Дәл қазір қазақтың ғарыш айлағын толыққанды игеруге қауқары жетпейді. Маман жоқ. Орыстар кетіп қалса Байқоңыр «адамзат алғаш аспанға ұшқан айлақ» ретінде мұражайға айналады», - дейді кейбір керітартқыш білгіштер. Е, мейлі, өзгенің өкімі жүріп, өз балаң жат болып өскенше Байқоңырдың айлақ емес, мұражай болғаны тиімді. Онда қазір қарадомалақтар Ресейдің оқулығымен білім алып жатыр. Ең сорақысы төменгі сыныптың оқушыларынан ел Президенті кім деп сұрасаңыз  Медведев дейді. Бүйтіп ғарышты игермей-ақ қойсақ игі еді...

Бек Датұлы
http://zan.zanmedia.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415