Қырғызстандық экс-банкир Болот БАЙҚОЖОЕВ:
БӘКИЕВТІҢ ҰЛЫ РЕЙДЕРЛІК ӘДІСПЕН ТАРТЫП АЛҒАН ӨЗ БАНКІМДІ ҚАЙТАРЫП АЛҒЫМ КЕЛЕДІ
Бішкек. 15 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанда кезекті төңкеріс жалғасуда. Әзірге заңсыз болып есептелетін жаңа үкіметтің алғашқы шешімдерінің бірі - классикалық схема бойынша ел қаржысын бақылау туралы қаулы шығару болды. Бейсенбі күні Қырғызстанның ұлттық банкі банктердің капиталын бақылау және активтерін сақтау мақсатымен республиканың бес коммерциялық банкіне уақытша әкімшілік енгізді.
Кез-келген төңкерістің басқа бір ерекшелігі меншік бөлісу болып табылады. Көрші мемлекетте бұл процесс қарқын алып келеді. Бұл негізінен 2005 жылдағы «қызғалдақ» төңкерісі кезінде билікке келгендердің рейдерлік басып алу әрекеттерінің ұмытыла қоймағанына байланысты деген пікір бар.
Сол кезде зардап шеккендердің көбі бес жыл бұрын жоғалтып алғандарын қайтарамыз деп отыр, олар бүгін биліктен аластатылған Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевтің кіші ұлы - Максимнің өз меншіктерін рейдерлік жолмен қалай тартып алғанын егжей-тегжей айтып беруге дайын.
БӘКИЕВТІҢ ҰЛЫ РЕЙДЕРЛІК ӘДІСПЕН ТАРТЫП АЛҒАН ӨЗ БАНКІМДІ ҚАЙТАРЫП АЛҒЫМ КЕЛЕДІ
Бішкек. 15 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанда кезекті төңкеріс жалғасуда. Әзірге заңсыз болып есептелетін жаңа үкіметтің алғашқы шешімдерінің бірі - классикалық схема бойынша ел қаржысын бақылау туралы қаулы шығару болды. Бейсенбі күні Қырғызстанның ұлттық банкі банктердің капиталын бақылау және активтерін сақтау мақсатымен республиканың бес коммерциялық банкіне уақытша әкімшілік енгізді.
Кез-келген төңкерістің басқа бір ерекшелігі меншік бөлісу болып табылады. Көрші мемлекетте бұл процесс қарқын алып келеді. Бұл негізінен 2005 жылдағы «қызғалдақ» төңкерісі кезінде билікке келгендердің рейдерлік басып алу әрекеттерінің ұмытыла қоймағанына байланысты деген пікір бар.
Сол кезде зардап шеккендердің көбі бес жыл бұрын жоғалтып алғандарын қайтарамыз деп отыр, олар бүгін биліктен аластатылған Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевтің кіші ұлы - Максимнің өз меншіктерін рейдерлік жолмен қалай тартып алғанын егжей-тегжей айтып беруге дайын.
«Ыстық-көл» инвестбанкінің бұрынғы басқарма төрағасы Болот Байкожоев - сол кезде бірінші болып зардап шеккендердің бірі. Қазіргі уақытта ол Бішкектің аудандық сотына Бәкиевтер әулетінің өзіне келтірген моральдық және материалдық шығынның орнын толтыру туралы арыз беріп, коммерциялық банкті толығымен өзіне қайтаруды талап етті.
Б. Байкожоев банктің өзінен қалай тартып алынғаны туралы ҚазТАГ тілшісіне айтып берді. Агенттік бұл оқиғаға қатысты қарсы жақтың пікірін әзірге біле алмай отыр. Агенттік осы сұхбатты тарата отырып, Б. Байқожоев айтып берген деректер мен қорытындылардың барлығын Қырғызстанның құқық қорғау органдары тексеретінін атап көрсетеді. ҚазТАГ қазіргі жағдайды пайдаланып, ұқсас әрекеттер жасауға тырысуы мүмкін адамдарға осы сұхбат ескерту болар деп үміттенеді.
- Мемлекетте билік күшпен ауысқанда меншік бөлісу болатыны белгілі. Қырғызстандағы «қызғалдақ» төңкерісі кезінде де осылай болған десек, жалған сөз айтпас едік. Қазір сол туралы айтатын кез келген сияқты...
- 2005 жылы Бәкиевтер отбасы «қызғалдақ» төңкерісі кезіндегі халықтың наразылығын пайдаланып, адамдардың бизнесін ашық түрде тартып ала бастады.
Төңкерістен кейін Бішкек үш күнге және үш түнге тонаушылардың қолына берілді. Сол тонаушылықты Құрманбек Бәкиевтің ұйымдастырғаны қазір түсінікті болды. Бәкиевтің жақтастары қылмыстық құрылымдардың қатысуымен билікті басып алып, кейін оларға осылайша ақы төледі.
Бірақ ашық қылмыстық оқиғалар да болды.
2005 жылдың 23 наурызы қарсаңында Бәкиевтің інісі - Жаныш Қырғызстан Ұлттық банкінің Жалал-Абадтағы филиалын тонап кеткенін көбі біледі. Шығын көлемі 22,5 млн сомды құрады. Қоғам бұл мәселені бірнеше рет көтерді, бірақ президенттің ағасын жауапқа тарту үшін күш жетпеді.
Ол кезде Жаныш Бәкиев және болашақ ішкі істер министрі Молдомұса Конгантиев Ұлттық банктің Жалал-Абадтағы филиалының басшысын өз кабинетіне шақырып, филиалдың қоймасында сақтаулы жатқан ақшаның көлеміне қызығушылық танытқан. Азаптау әдісімен олар өздеріне қажет ақпаратты алған. 2005 жылдың 23 наурызына қараған түні қылмыстық әлемнің мүшелері, ІІМ-нің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) қызметкерлері маска киіп, банк ғимаратына басып кірді. Дәнекерлеуші аппараттың көмегімен банктің сейфтері ашылып, ұрланған ақша «КамАЗ» көлігімен әкетілді. 2005 жылдың 24 наурызында Қырғызстанның үкімет үйін зорлықпен басып алу шарасына қажет криминал осы қаржы есебінен қаржыландырылды.
Осы операциялардың бәрін Жаныш Бәкиев пен Молдомұса Конгантиев басқарған.
2005 жылдың наурызындағы оқиғалардан кейін Ұлттық банктің Жалал-Абадтағы филиалының бұрынғы меңгерушісі тонаушылық туралы теледидар арқылы ресми түрде хабарлады. Ол өзіне қысым көрсетілгенін, тіпті көзін құртпақ болғандарын, оның өзін және отбасын сәтті жағдай ғана құтқарып қалғанын айтып берді. Оны өлтіру туралы тапсырыс берілген киллер банкирдің танысы болып шыққан, ол: «Қашып, жасырынуға тиіссің, қараңды көрсетпе. Бізге куәгерлер керек жоқ» деген екен.
Ал 2005 жылы президенттік сайлаудан кейін Бәкиев пен оның отбасы мемлекеттік және жеке меншікті басып алу процедураларына кірісті. Ақаевтарға тиесілі меншіктің бәрін Бәкиев әулеті мен оның жақтастары тартып алды.
Бәкиевтер билік құрған кезеңде жогорку кенештің бірнеше депутатының, танымал саясаткерлер мен журналистердің көзі құртылды. Жалған қылмыстық істер бойынша Э. Бөлекбаев, И.Исаков, С.Арғынбаевтар түрмеге қамалды. Көп адам Қырғызстаннан қашуға мәжбүр болды. Жоғарыда аталған қылмыстардың бәрін президенттің отбасы жасаған.
Ол кезде бірінші болып менің инвестбанкім - «Ыстық-Көл» зардап шекті. Максим Бәкиев бизнесті тартып алудың дәстүрлі әдісін пайдаланды, ол «қалтасындағы» сот жүйесіне жүгінді. Олар сот тәртібімен мені дауыс беру құқығымнан айырды. Конституцияға қарсы сот шешімі менің қатысуымсыз, сырттай шығарылды.
Кейін түнде банк ғимаратына қылмыскерлер, Бішкектің аудандық ІІБ бастығының екі орынбасары келіп, есік-терезелерін бұзып, банкті басып алды.
Осы оқиғадан кейін банкирлер М. Бәкиевке қарсылық көрсетуден тартынып, бизнестерін өз еріктерімен бере салатын болды.
- Мұндай «ерікті» түрдегі меншіктен бас тарту немен аяқталды?
- Коммерциялық банктер Максим Бакиевтің лас ақшасын жуатын кір жуғыш мекемеге айналды. Мысалы, тек «Табылға» инвестициялық компаниясы 2009 жылы Қырғызстанның нақты ішкі жалпы өнімінен асатын айналымын көрсетті. Бұған не деуге болады? Максим Бакиевтің барлық жалған фирмаларын тексерсеңіз, олардың айналысы Қазақстан мен Өзбекстан сынды мемлекеттердің ішкі жалпы өнімінен де асып кетуі мүмкін. Мұндай ақшамен 500 мың адамды емес, бүтіндей армияны ұстауға болады.
Банктерді рейдерлік тартып алу Қырғызстанның Ұлттық банкінің лауазымды тұлғаларының араласуымен жүргізілгені бізге белгілі. Ұлттық банк төрағасы Марат Алапаев осы қылмыстық операцияларға қатысы бар. Ол Марат Бакиевтің жақын досы. М. Алапаев «Бакай» банкінің төрағасы болған кезде көзге түскен болатын. Ал оның ұстазы қазір қашып кеткен экс-премьер Данияр Үсенов.
«Ыстық - Көл» банкін тартып алған соң маған қатысты қылмыстық іс ашылып, ешқайда кетпейтіндігім туралы қолқат алынған. Мен құпия түрде оппозициямен кездесе бастағанда, М. Бакиев менің қызымды түрмеге қамады. Ол банктегі операцияларға ешқандай қатысы жоқ, тек «Ыстық - Көл» инвестбанкінің директорлар кеңесінде болған.
- Сол кездері Максим Бакиев барлығы қанша жеке банкті рейдерлік әдіспен жаулап алды?
- Жеті банкті. «Ыстық-Көл», «Промстройбанк», «Аманбанк», «Кыргызкредит», «Доскредо» және басқалар. Олардан басқа отбасының бақылауында «Азиауниверсалбанк», «Манас», «Акылбанк» - іс жүзінде республиканың барлық банк жүйесі бар.
Осы банктердің қаражаттары Бакиевтің ұлының баұқылауында болды. Ал отбасы тартып ала алмаған банктерге ай сайынға салық салынып тұрды.
Айтпақшы, Бакиев жалғыз жұмыс істеген жоқ, ол Белоконь, Гуревич, Березовский сынды халықаралық алаяқтармен бірге қылмыс жасады.
Менің банкім Гуревичтің бақылауында болып, ол одан қайтпайтын 150 млн сомдық несие алды. Коммерциялық банктердің барлық операциялары мен қаражатын Марат Алапаев бастаған Ұлттық банк бақылап отырды. Ол адамдардың барлығы ымыраласқан болатын. Сондық мен Ұлттық банк басшысы сотқа тартылуы тиіс деп есептеймін.
Менің мәліметтерім бойынша, коммерциялық банктер арқылы орасан зор Қырғызстан қаражаты оффшорлық аймақтарға шығарылды. Бұл туралы жақын күндері көпшілікке белгілі болады.
Асқар Акаевтың кетуімен сайланған Бакиев те халқын тонау жолына түсті. Ұттық банк те криминалданған болатын. Ұлттық банктің барлық төрағалары Бакиевтің айтқанымен жүретін.
Бүгін Қырғызстан Ұлттық банкі, банк активтері міндеттерінен асып кетті деп мәлімдеп отыр. Активтердің сапасын қарау керек. Егер активтер қайтпайтындай болса, Ұлттық банкіні де сотқа тартып, елдің бас банкінің басшыларын ақшаларды төлеуге міндеттеу керек.
- 7-ші сәуірдегі оқиғалардан соң «Ыстық - Көл» банкін кім басқарады?
- Қазір Ұлттық банк бірнеше коммерциялық банктерде уақытша әкімшілік енгізді. Оның ішінде менің де банкім бақылануда. 7-ші сәуірден кейін мен де өз банкімді алып қоюуыма болатын еді. Бірақ оларға ұқсағым келмеді. Заңды сыйлайтын азамат ретінде Бакиевке ұқсағым келмеді. Мен бұл мәселені заңдық жолмен шешемін. Бүгіндері сот заңға бет бұратын шығар деп ойлаймын. Себебі кезінде көп нәрселер солардың қолымен жасалған.
- Сіз Қырғызстанның уақытша үкіметінің алғашқы күндерін қалай бағалайсыз?
- Мен әзірге уақытша үкіметтің жұмысына «үш» деген баға қоямын. Ә дегеннен ол қателіктер жібере бастады. Әсіресе кадрлық деңгейде. Олардың кейбіреулері кезінде лас тірлікпен айналысқан адамдар.
Роза Отунбаева - өтпелі тұлға. Ол елеуреген ерлердің таласының жігін жатқызады. Бірақ шаруашылық жұмыстарда ол әлі үйренуі тиіс.
Уақытша үкімет мүшелері, халық революцияның келешегіне деген сенімін жоғалтпас үшін мейлінше жауапкершілік танытуы тиіс.
- Ал кезекті революциядан соң коммерциялық банктерді тартып алу сұлбасы қайта істемейді деген кепілдік бар ма? Ол технологияны қазір билік басына келген уақытша үкімет оппозиционерлері қолданбайды ма?
- Оған жүз пайыз кепілдік бере алмаймын. Уақыт көрсетеді.
Егер жаңадан келген билік Бакиевтің билігіндей болатын болса, оның құны бір тиын. Қайтадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Биікке келген екенсің - адал болып, өзіңнің тікелей міндетіңді орында. Осы жеңіс қандай қантөгіспен келгенін есте сақтау керек.
Қазіргі уақытша үкіметке Бакиевті біз құлаттық деп даурығудың қажеті жоқ. Оны халық құлатты! Халық қазіргі уақытша үкімет мүшелерін ҰҚМҚ абақтысынан босатты. Мұны олар ұмытпауы тиіс.
Менің жаңа билікке айтарым - адамдарға өмір сүріп, жұмыс істеп және ақиқатты айтуына кедергі келтірмеңіздер.