МАМЫТБЕКОВ ҺӘМ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
Министр Мамытбеков мырзаның мекемесіндегі реформаторлық желік С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұжымын бей-жай қалдырар емес. Жуырда ғана университетті өз меншігіне алу жөніндегі басылған шиеліністің бетін қайта ушықтырмақ. Бір жарым ай бұрынғы тәсілімен қайтадан дау тудырды. Өзінің жеке ұстанымын дәлелдеп, ұжыммен бірге болашақты талқылау сынды ешқандай қисынсыз іс-әрекеттерін пайдалану арқылы саяси қысым көрсету.
ҚазақАгроИнновациясының қайдағы бір дімкәз әрі тиімсіз ағзасы бағыныштылардың ыждаһаттылығымен қиын жағдайға тап болды. Күннен күнге компаниялар есеп-қисабы мен мүлігінен айырылып, ағымдағы жылда ғылыми зерттеуді қаржыландыру мүмкіндіктерінен айыру туралы сұрақтар туындап тұр.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың аграрлық ғылымды реформалау жөніндегі берілген тапсырмасының ешқайсысын орындамауы бұл кісіні еш қымсындырған емес. Атап өтсек, мысалы, Шортандыдағы ғылыми-білім кешенін құруы іске асырылмады. Бір аптадан соң, үш жыл бойы өңделген жобаның ТЭО тек қана сөз жүзінде жазулы қалған бір парақ қағазға айналды.
Сонымен қатар, 70% студенттерін мамандықтары бойынша дайындайтын университетті өз меншігіне енгізу деген ойға қонымсыз дүниені іске асырмақ. Олай болғанда университетті экономика Министрлігіне немесе қоршаған орта Министрлігіне қосуға болар еді. Бірақ, бір қуантары, бұл министрліктердің шенеуніктері мұндай шешімнің құр бос әурешілік екенін ұғынып отыр.
Тағы бір айтарымыз, өздігінен Қазақстандағы ауыл шаруашылығы Министрілігі құрылымында немесе ғылыми білім орталығында болуы мүмкін емес университеттер дербестігін дамыту жөніндегі жүрігізіліп отырған саясатта ескерілмеді. Әлемдік деңгейде мұндай үйлесімділік болған емес.
Премьер-министрдің Бірінші орынбасарының кеңесінде айтылған, ғылыми институттарда кафедралар ашу арқылы зерттеу университеттерін құру, ғалымдарды сабақ беруге тарту және бірегей ғылыми зерттеулер жүргізуге сәйкес келісімдерді назардан тыс қалдырды.
Қорыта айтар болсақ, оған он екі мың адамдық ұжымның пікірімен санасу түкке тұрмайды. Бұл ұжымды, болашақ мамандар, сонымен қатар аграршыларды оқыту мен тәрбиелеу туралы көкейкесті мәселелер қынжылтудың орнына олар басшыларының бұйрығымен әлек.
Әрине, отандық ауыл шаруашылығы саласындағы қамтылып жатқан мәселелермен салыстырғанда, бір университеттің жағдайы оларды онша толғандырмайтын сияқты.
Дегенмен, Сіздер, біздің университетіміз Қазақстандағы ең ірі және жетекші университеттердің бірі екенін ұмытпағандарыңыз жөн. Шенеуніктің немқұрайлығына университет ұжымы наразылық білдіріп, әділетсіз шешімге қарсылық танытуда.
В.Чернено
Abai.kz