ТАЗЫ МЕН ТӨБЕТ МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛЫНДЫ
Елімізде тұңғыш рет қазақ тазысы мен төбет итінің республикалық байқауы өтті. Астана қаласының маңындағы «Балқарағай» демалыс кешенінде өткен асыл тұқымды иттер байқауын «Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субъектілері республикалық ассоциациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.